Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет75/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   144
Өндірістің басқару жүйесіндегі 
объекті мен субъектінің өзара іс-әрекеті
Өндірісті басқаруға басқарудың өз объектісі мен субъектісі 
тән. Басқару үрдісі көп қырлы қоғамдық қатынастардың кешенін 
қамтиды әрі объективті және субъективті факторлар жиынтығының 
әрекетімен анықталады.
Басқару үрдісінде объективті мен субъективтінің арақатынасы 
«анықтаушы» және «шешуші» ұғымдары арқылы анықталуы 
мүмкін. Оның өзінде де, «анықтаушы» құбылыстың қажетті шарты 
ретінде болғанда ғана анықталмақ. Алайда, мұның өзі жеткіліксіз. 
Объективті үрдіске субъективті фактордың кері әсерін білдіретін 
«анықтаушыны» ұштастырғанда ғана үрдісті жүзеге асырудың 
нағыз шынайы шартын тудырады. Басқаруда субъективті фактор 
болған күннің өзінде басқару ісін субъективті ете алмайды.
Ықпал етудің тиімділігі адамдардың басқару объектісінің 
объективті жағдайын, оның ішкі заңдылықтарға бағынатын 
табиғатын қалай түсініп, қалай қабылдайтынын көрсететін 
деңгейімен анықталады.
Объективті мен субъективтінің өзара ықпалын талдау тек 
жалпы дүниетаныммен, гносеологиялық аспектімен ғана шектеліп 


162
қалмайды: объективті алғашқысы, субъективтісі оның көрінісі, 
сөйтсе де, оның шартын тудыратын белсенді кері әсер етуді 
көрсетеді.
Өндірісті басқару объектісінің жалпы түріне оның салалары 
мен аймақтарын құрайтын барлық халық шаруашылығы, өндірістің 
негізгі буындары – кәсіпорындар мен бірлестіктер жатады.
Мұнда басқару өндірістік күш пен өндірістік қатынастардың 
бірлігі ретінде болатын осы объектілермен істес болады.
Қоғамдық өндірістің басқару объектісіне барлық халық ша-
руашылығының кооперация ауқымында қызметкерлерді өндіріс 
құралдарымен біріктіретін саналы ұйымдар жатады.
Халық шаруашылығының басқару объектісіне саналы түрде 
қолдау көрсетілетін халық шаруашылығының үйлесімділігі, 
экономиканың теңгерімділігі және динамикалық дамуы кіреді.
Басқару ұлғайтылған ұдайы өндіру үрдісінің объектісіне ие.
Өндірістің басқару объектісі – бұл ел территориясына өндірістік 
күштерді ұтымды орналастыру әлдеқайда тиімді террито¬риялық 
кешендерді құру.
Өндірісті басқаруда объекті ретінде маңызды орынды 
бейөндірістік салалар алады – ғылым, білім беру, денсаулық сақтау 
және мәдениет.
Түпкі негізінде кез келген басқару объектісінің орталық буынына 
қызметкерлердің ұжымы жатады.
Осылайша, кең мағынасында барлық өндіріс басқару объетілері 
деп саналады.
Басқарудың субъектілеріне мемлекет, қоғамдық ұйымдар және 
елдің әр азаматы кіреді.
Бұл жүйенің негізгі элементіне мемлекеттік органдар жатады. 
Барлық мемлекеттік органдарды бір-бірінен ажыратып көрсету 
қажет: өкілдікті органдар; атқарушы және билеуші органдар; әділ 
сот органдары; өндірістің басқару функцияларын орындаушы және 
тікелей мемлекеттік басқару (орындаушы) органдары.
Өндірістің басқару мәселелерін мына органдар шешеді:
- билік органдары (өкілдікті органдар);
- мемлекеттік басқару органдары – мемлекеттік комитеттер, 
министрліктер.


163


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет