Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет82/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   144
Кәсіпкерлік тәуелділік
Бұл ең алдымен өз мақсаттарына қол жеткізудегі кәсіпкерлік 
фирмалардың жетістік (немесе сәтсіздік) деңгейін бейнелейтін 
объективті категория. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлер 
жетістікке жеткізетін кепілдеме бермесе де, соған үміттендіретін 
шешімдерді жиі қабылдауына тура келеді.
Кәсіпкерлік қатер кәсіпкерлік фирмаға қатысы бойынша 
сыртқы ортадағы болжауға келмейтін белгісіздікке орай объективті 
негізге ие. Сыртқы орта фирма өз қызметін асыратын объективті 
экономикалық, әлеуметтік-саяси жағдайларды қамтиды.
Ахуалдың болжамсыздығы (белгісіздігі) былайша анықталады: 
фирманың қызметі мінез-құлықтары шамамен дәл анықтала 
бермейтін көптеген өзгерістерге, контрагенттерге және тұлғаларға 
тәуелді.
Кәсіпкерлік қатерді әр түрлі белгілер бойынша жіктеуге болады.
1. Тәуекелдік пайда болу табиғаты бойынша былай жіктелмек:
а) меншік шаруашылығы;
ә) кәсіпкерліктің жеке тұлғасына байланысты;
б) табиғи факторлармен себептес.
2. Пайда болу себебі бойынша тәуекелдікті мынадай салдармен 
бөліп көрсету мақсатқа лайықты:
а) болашақтың болжауға келмейтіні;


175
ә) серіктестің мінезінің жұмбақ болуы;
б) ақпараттың жеткіліксіздігі.
3. Сақтандырылу мүмкіндігі бойынша кәсіпкерлік тәуекелдікті 
былай жіктеуге болады:
а) сақтандырылатын;
ә) сақтандырылмайтын.
4. Кәсіпкерлік мәселені шешу кезеңдеріне қарай қатер мыналарда 
пайда болады:
а) шешім қабылдауда;
ә) шешімді жүзеге асыруда.
5. Фирмаға ықпал ететін әсердің ұзақтығы бойынша:
а) қысқа мерзімді;
ә) ұзақ мерзімді.
6. Болжамды нәтижелер бойынша тәуекелдік былай жіктеледі:
а) алыпсатарлық;
ә) жай.
7. Пайда болу саласы бойынша:
а) сыртқы;
б) ішкі.
8. Ауқымы бойынша:
а) қысқа (тұжырымды);
ә) ғаламдық.
9. Ұйғарылу деңгейі бойынша:
а) ұйғарымды;
ә) қиын;
б) апатты.
Тәуекелдіктің түрлері: 
- саяси;
- экономикалық;
- техникалық.
Экономикалық қатер мына тәуекелдіктерді қамтиды: өндірістік, 
коммерциялық, қаржылық, несиелік, инвестициялық, ақпараттық 
және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет