Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



бет110/111
Дата22.11.2023
өлшемі2.02 Mb.
#484052
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   111
Bilim Bahisheva-Ped-jobalau (2)

Орта деңгей ұжымның мақсатына сай барлық құрылымының білім берудің нәтижелеріне, ұжымды дамытуға бағдарлылығы ұйымдастыру қажеттігін ұғыну деңгейі ретінде анықталды. Бұл көрсеткіш деңгейі жүйедегі қызметтік және құрылымдық компоненттердің инновациялық өзгерістерге икемділігін қамтамасыз ету, өзін-өзі дамытуды тиімді ұйымдастыруға ұмтылыстардың болуынан, ұжымды дамытуға қолайлы жағдайлар туғызу мен жүйе құрылымдарында жобалар түріндегі бірлескен әрекеттерді, өзара қолдаушылық қарым-қатынас пен шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруға басқарушылардың ықыласты болуынан білінеді. Аталған деңгейде жүйелі басқару компонеттердің бірлігі мен білім беру ұйымы нәтижелілігінің өзара тәуелді екенін көре біледі.
Жеткілікті деңгей ұжымның мақсатына сай барлық құрылымының білім берудің нәтижелеріне, ұжымды дамытуға бағдарлылығын ұйымдастыруды тиімді жүргізу, жұмыс деңгейін талдап отыру, басқару деңгейінің жеткілікті дәрежеде қалыптасқанын білдіреді. Бұл деңгейде жүйедегі қызметтік және құрылымдық компоненттердің инновациялық өзгерістерге икемділігін қамтамасыз ету, өзін-өзі дамыту шараларына басқарушылар тарапынан жаңа көзқарастар пайда болып, ұжымды жүйе құрылымдарында жобалар түріндегі бірлескен әрекеттерді, өзара қолдаушылық қарым - қатынас пен шығармашылыққа бағытталған жаңа идеяларды жобалау қызметі негізінде тәжірибеге енгізу іске асырылады. Сонымен қатар, онда жүйелі басқару компонеттердің бірлігі мен білім беру ұйымы нәтижелілігінің өзара тәуелді екенін көре білу ғана емес, табысты нәтижелерге қол жеткізілуі жүзеге асырылады.


Әдістемелік нұсқау
Төменде берілген жауаптар ретіндегі тұжырымдардың Сіздің педагогикалық ұжымда қалыптасқан жағдайға сәйкестілігін 10 - баллдық шкала бойынша бағалауыңызды сұраймыз. Егер тұжырым сіздің ұжымда қалыптасқан жағдайға мүлдем сәйкес болмаса, сіз оны 0 деп бағалайсыз, ал қалыптасқан жағдайға толықтай сәйкес болса, онда 10 деп бағалайсыз. Ал, олардың арасындағы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 сандары жауаптардың сәйкестік және сәйкессіздік деңгейлеріне байланысты қойылады. Егер тұжырымда «барлық педагогтар...», немесе, «әрбір педагог...» деп берілген болса, онда Сіздің бағаңыз берілген тұжырымға педагогтардың шын мәнінде қанша бөлігі сәйкес келетінін анықтайды. Егер тұжырымда «әрқашан...», «барлық жағдайларда...» деп берілген болса, онда Сіздің бағаңыз берілген тұжырымға қалыптасқан жағдайлардың қаншалықты бөлігі шын мәнінде сәйкес келетінін анықтайды.
Жауап беру барысында ұзақ ойланбауға тырысыңыз. Әрбір тұжырымды бір-бірімен байланыссыз бөлек қарастырыңыз және оларды талдауды бағалап болғаннан кейінге қалдырыңыз. Баға беру кезінде шынайы болуыңыз қажет, Сіздің жауабыңыз ұйымның деңгейін дұрыс бағалауға мүмкіндік беретінін есіңізде ұстауыңыз сұралады.




Ұжымдағы барлық педагогтар өз жұмысын жақсы атқаруға тырысады



0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Педагогтар ұжымдағы барлық адамдар да өз жұмысының нәтижесін жақсартуын маңызды деп есептейді



0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Ұжымдағы әр педагог өз мамандығы бойынша барлық жаңалықтарды біліп отыруға ұмтылады .

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Өз жұмысына жауапкершіліксіз қарайтын педагог, біздің ұжымда қолдау таппайды

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Ұжымдағы педагогтардың өз қызметтерін белгілеуі үшін
директор мен оның орынбасарларының көмегі қажет емес

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Педагогтар ұжымдағы барлық маңызды шешімдер қабылдауға белсене қатысады

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымда қазіргі заман педагогы қандай болуы тиістігі туралы бірыңғай түсінік қалыптасқан.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымда мұғалімдер арасында келіспеушілік болмайды

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымда жұмыс істейтін мұғалімдер басқа жерлерге қарағанда өз мүмкіндіктерін кеңінен жүзеге асыра алады

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымдағы педагогтар туралы балаға білім бере алмайды деп айтуға болмайды

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымдағы барлық педагогтың өз жұмысын жақсарту үшін не істейтіні туралы нақты мақсаттары бар.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымдағы әркім өзінің кәсіби деңгейін көтеру үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланады.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымдағы әрбір педагог басшылардың бақылауынсыз өз жұмысын жақсы атқара алады.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Педагогтар жүктемесін бөлу кезінде басшылардың араласуын қажет ететін проблемалар болмайды

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымдағы барлық педагогтар жыл бойы атқарған жұмыстың қорытындысын талқылауға белсене қатынасады.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Ұжымдағы барлық педагогттар білім беру ұйымының алдына қойылатын мақсатпен келіседі.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Педагогтар арасында сабақ кестесіне қатысты өзара келіспеушілік болмайды

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Ұжымдағы барлық педагогтар - өзі істейтін білім беру ұйымының патриоттары

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Педагогтар арасында өзі істейтін білім беру ұйымының беделін жоғарылатуға ұмтылмайтын адамдар жоқ деуге болады.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымдағы барлық педагогттар ұйымның бұдан да жақсы қызмет ету мүмкіндігі бар екенін және ол үшін не істеу қажеттігін біледі.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Ұжымдағы педагогтар өздері білетін педагогикалық жаңалықтар туралы ұжымдағы әріптестерімен үнемі бөлісіп отырады

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Көптеген педагогтар ұйым үшін маңызды жұмыстарды өз міндеттеріне тікелей қатысты болмаса да өз еріктерімен орындай алады.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Бір-біріне қол ұшын беру, өзара көмек көрсету біздің ұжымдағы барлық педагогтарға тән қасиет.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Егер білім беру ұйымы басшыларының шешімі ұжым мүшелерінен қолдау таппай жатса, оның басқа да ұтымды жолдары қарастырылады.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Ұйым жұмысының жалпы қорытындыларын бағалау кезінде педагогтар арасында өзара келіспеушілік болмайды.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Ұжымдағы педагогтар арасында кез-келген жұмыс бабындағы келіспеушіліктер конфликт жағдайларына дейін бармайды.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Педагогтарды біздің ұжымнан кетуіне, не басқа ұжымға ауысуына дейін апаратын себептерді табу қиын.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымдағы барлық педагогтар өз жұмыстарының нәтижесіне жоғары талаптар қояды

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымда бір де бір адам өзі үшін оңай болмаса да, ұйым үшін маңызды жаңалықтарды ендіруге қарсы болмайды.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Өз білімін өзі одан әрі жетілдірумен айналыспайтын педагог біздің ұжымда қолдау таппайды

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымдағы барлық педагогтар үшін де жауапкершілік қасиеті - ортақ деуге болады.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұйымдағы педагогтар әртүрлі білім беру сатыларында қызмет атқарса да, бір бірінің проблемаларын жақсы біледі.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Ұжымға белгілі бір жаңалықтар ендірілетін болса, ол барлық педагогтардың талқылауынан өткізіледі.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымда білім беру ұйымы үшін аса маңызды мәселелерді түсінуде бірлік бар деуге болады.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұйымдағы педагогтар арасында бір - біріне түсіністік көзқарас қалыптасқан

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұйымдағы педагогтар үшін басқа ұжымда жұмыс істеу қызықты болмауы мүмкін.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұйымдағы әрбір педагог өз жұмысында мақтан етуге болатындай нәтижеге жетуге ұмтылады.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымда педкеңестер мен жалпы жиналыстарда өзара сын - пікірлер айту және жұмысты жақсарту туралы нақты ұсыныстар білдіру үнемі болып тұрады.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұйымдағы педагогтар өздерінің кәсібилігін көтеруге мүмкіндік беретін адамдармен кездесуге және олардан үйренуге үнемі әзір тұрады.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымда кейбір сәтсіздіктер болған жағдайларда ешкім де өз жауапкершілігін басқаларға аудармайды.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұйымдағы педагогтар әріптестерінің ұсыныстары мен кеңестерін ренжіместен, дұрыс қабылдай алады.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұйымдағы әрбір педагог басқа әріптестерінің өз жұмысын қалай атқарып жатқанына көңіл аударады, өйткені, әркімнің өз міндетін жақсы атқаруынан жалпы ұйымның нәтижесі қалыптасатынын түсінеді.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Барлық педагогтар қазіргі білім беру ұйымдарына қойылып отырған жаңа талаптарды түсіне біледі.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұйымдағы педагогтар жұмыстан тыс уақыттарда да бір - бірімен үнемі араласып тұрады.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымды өзгелермен салыстыратын болса, әрбір
педагог оның басқалардан көптеген артықшылығы бар
екенін көре алады.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің білім беру ұйымындағы кез-келген білім алушының сабақ үлгерімінің төмендеп кетсе, сол топта, сыныпта сабақ беретін әрбір педагог оның себептерін талдауға және жағдайды түзетуге міндетті түрде араласады.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымда өте жақсы шығармашылық ахуал қалыптасқан.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Өз білімі мен кәсібилігін жеткілікті деңгейде деп есептейтін педагог біздің ұжымда қолдау таппауы мүмкін.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымда адамдардың өзіне тапсырылған іске
жауапкершіліксіз қарау жағдайлары болмайды.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Ұжымға келген жаңа адамдардың тез бейімделуіне, өз жұмысымен және басқа адамдармен танысып кетуіне педагогтар қолдау көрсетеді.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Білім беру ұйымы басшылары жұмыс сапасын бағалау барысында барлық ұжым мүшелерінің пікірлерін үнемі есепке алып отырады.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымда білім беру ұйымының болашағын көре білу барлық педагогтарға бірдей тән.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымдағы педагогтар арасында бір-бірін қабылдамау және түсінбеу деген мүлдем болмайды.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымда педагогтарға ұнамайтын нәрселер оларға ұнайтын нәрселерге қарағанда аз деуге болады.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұйымдағы әрбір педагог басқа әріптестерінің өз жұмысын қалай атқарып жатқанына бейтарап қарамайды.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Әрбір педагог егер өзі жұмысты жақсарту үшін ұсыныстар білдіретін болса, оны әріптестерінің қолдайтынына және қызығушылықпен қабылдайтынына сенімді.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Кәсіби құзыреттілік біздің ұжымда өте жоғары бағаланады.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Тәжірибелі педагогтар ұжымдағы өз әріптестеріне көмекке келуге әрқашан әзір тұрады.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Білім беру ұйымы басшылары алдында бір топта бірлесіп жұмыс істейтін педагогтар арасындағы келіспеушілікті реттеу туралы мәселелер мүлдем болмайды.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымдағы педагогтар егер білім беру ұйымы басшылары белгілі бір педагогқа қатысты қате шешім қабылданды деп есептесе, бұл шешімнің қайта қаралуына қол жеткізеді.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымда білім беру ұйымындағы оқу -тәрбие үрдісі қалай ұйымдастырылуы қажеттігі туралы қалыптасқан бірыңғай түсінік бар.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымдағы педагогтардың өзара қарым – қатынасы татулық пен сыйластыққа негізделген деуге болады.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымдағы педагогтар үшін басқа ұжымдарға қарағанда кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға жақсы жағдайлар жасалған.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымдағы педагогтар топта, немесе, сыныпта үлгерімі төмен білім алушылардың болуын өзінің және өзге әріптестерінің кемшілігінен деп есептейді.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұйымдағы әрбір педагог жаңашыл болуды жетістік деп санайды.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұйымдағы әрбір педагог өзгелерден үйренуді артық көрмейді.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымдағы педагогтар өз жұмысындағы кемшіліктердің себебін сырттан іздемейді.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымдағы бір топта , емес сыныпта сабақ беретін педагогтар бір команда ретінде жұмыс істейді.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Егер педагогтар арасында жұмыс барысындағы келіспеушіліктер болып жатса, олар білім беру ұйымы басшыларының қатысуынсыз шешіледі.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымда білім беру ұйымындағы педагогтар мен білім алушылар арасындағы өзара қарым -қатынас туралы қалыптасқан бірыңғай түсінік бар.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұйымдағы әрбір педагог ұжымдағы өзге әріптестерінің жетістіктерін өзінің жетістігі ретінде қабылдайды.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұйымдағы педагогтарға көп нәрселер ортақ болғандықтан, олардың біреуінің басқа білім беру ұйымына ауысуы өте сирек келеді

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұйымдағы әрбір педагог егер оның сабақ беретін пәнін ұнатпайтын білім алушылар барын білсе өте қиналады.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұйымдағы әрбір педагог үшін өзін - өзі дамытудыңнақты мақсаты және оны жүзеге асыру жоспарының болуы аса маңызды.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымдағы әрбір педагог өзінің және өзгелердің міндеттері - өз кәсіби құзыреттіліктерін дамыту деп есептейді.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымдағы әрбір педагог егер білім алушы өзіне тиісті бағдарламаны нашар меңгеретін болса, оны педагог ретіндегі өзінің кемшілігі деп қарайды.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұйымдағы педагогтар белгілі бір жаңа міндеттерді орындау барысында ортақ тілді тез таба алады.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымдағы педагогтар білім беру ұйымының қандай оқу бағдарламаларын жүзеге асыру қажеттігін анықтауға белсенді араласады.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымда педагогтардың жұмыс сапасын бағалау өлшемдері туралы қалыптасқан бірыңғай түсінік бар.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Педагогтардың өзара түсіністік және сыйластық қарым -қатынасын - біздің ұжымның жетістік көрсеткіші деуге болады.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Басқа ұжымдарда педагогтар үшін біздің ұжымнан артық жағдайлар жасалған деуге болмайды.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымдағы әрбір педагог бітірушілердің жоғары оқу орнына түсу емтихандарын жоғары деңгейде тапсыруларына мүдделі.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Өзі жұмыс істейтін білім беру ұйымының дамуына немқұрайлы қарайтын педагог ұжымдағы әріптестерінен қолдау таппайды.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымдағы педагогтарды тексеру барысында белгілі бір жұмыс бағыттарын жақсарту қажет болса, олар оны тез арада жүзеге асыруға ұмтылады.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұйымдағы әрбір педагог білім беру ұйымының түпкілікті нәтижесіне өзінің жауапкершілігін сезінеді.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымда педагогтардың өзі білетін кәсіби ақпаратты өзгелермен бөлісуден бас тарту жағдайлары болмайды.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Білім беру ұйымын басқарудың авторитарлық стилін біздің ұжымдағы педагогтар ешуақытта қабылдамайды.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымда білім беру ұйымы басшылары мен педагогтар ұжымы арасындағы қарым –қатынастардың қандай болуы туралы қалыптасқан бірыңғай түсінік бар.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Біздің ұжымда бір – бірімен пікірлері қарсы келетін топтарға бөліну мүлдем жоқ.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


Педагогтар біздің ұжымда қалыптасқан ахуалды жоғары бағалайды.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Жоғарыдағы көрсеткіштердің берілген критерийлерге сай болуы білім беру ұйымындағы педагогтармен жұмыстың нәтижелік деңгейлерін көрсетеді деп белгіленді. Олар төмендегі жауаптер кестесі бойынша белгіленеді және бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет