Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет186/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   195
кітап тарбие туралы

Зиялылық (лат. intelligentis – білетін, түсінетін, парасатты) – адамның мә-
дениетке, парасатқа түсінуге ден қоюшылығынан, мәдениеттің құндылығы мен 
қажеттілігін түйсінуінен көрінетін қасиеті. Зиялылық мәдениет құбылыстарын 
қайсібір жалпылама ақиқаттарды, заңдарды, нормаларды ұғындыруға саймай-
тын, өздігінен бағалы аяқталған авторлық туындылар деп білумен, осы бір 
ерекше, ештеңе мен өзгертілмейтін авторлық туындыны түсінумен және те-
рең сезінумен байланысты. Ғылыми-зерттеулерде зиялылық негізінен тектілік 
қағидалары негізінде тұқымқуалаушылық жолмен берілетінін анықтап отыр. 
Сонымен қатар зиялылық демократиялық қоғамда жастарға тәлім-тәрбие беру-
де идеал болып табылады. 
Инабаттылық – әдептілік, тәрбиелілік, мәдениеттілік ұғымдарымен жақын 
мағынада қолданылатын, кісілік қасиеттердің бірі. Инабаттылық, көбінесе, 
адамның мінез-құлық ерекшеліктерімен айқындалады. Оның басты көріністе-
ріне: адамгершілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, жауапкершілік, тәртіпті-
лік, қанағатшылық, биязылық, ілтипаттылық, ізеттілік, сабырлылық, әділдік, 
шыншылдық, т.б. жатады. 
Көрегенділік – жеке адам бойындағы имандылық, кішіпейілділік, әдепті-
лік тәрізді адамгершілік қасиеттердің жиынтығы. Көрегенділік жақсы үлгімен 
тәлім-тәрбие алғанын білдіреді. Көрегенділіктің әуелгі қайнары әдеп болса, 
алғашқы белгісі амандасудан көрінеді.
Қазақ патриотизмі – рухы биік жеке тұлғаны қалыптастырудағы ата-баба-
ларымыздың қаһармандық, батырлық, ерлік, отансүйгіштік тәлім-тәрбие беру 
идеалдарының жиынтығы.
Қазақстандық патриотизм – әрбір азаматтың өз Отанының тағдырына, қа-
уіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезіну. Барлық азаматтардың 
ұлты мен конфессиясына қарамастан, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін 


307


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет