Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет63/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   195
кітап тарбие туралы

мәні, Аллаға ғашық болу, Мұхам-
мед с.ғ.у.с. пайғамбарымызды сүю, 
ақиқат туралы діни, тәрбиелік, 
философиялық жинақ болып та-
былады. 
Қожа Ахмет Йасауи – түркі халық-
тарына ислам нұрын әкелуші, асқан 


117
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
тақуалық өмір кешкен данышпан. 
Түркі тіліндегі сопылық әдебиеттің 
негізін қалаушы діндар ақын, кемең-
гер ойшыл. Сондықтан болар, қара-
пайым халық оны ерекше құрмет тұт-
ты. Өйткені ол адамдарды ізгілікке 
шақырды. Негізгі деректерге сүйене-
тін болсақ: «Әкесі Ибраһим мен анасы 
Айша (кейбір деректерде Қарашаш) 
сауатты, білімді адамдар болған. 
Жетінші атасы Ысқақ баб дін тарату 
мақсатында Шамнан Тебризге, одан 
Үргеніш, Сайрам жеріне келіп, сон-
да қалып қойған. Қазақстан Респуб-
ликасы Ұлттық кітапханасының 
(ҚР ҰК) Сирек кездесетін кітап-
тар мен қолжазбалар орталығын-
да сақтау лы «Насаб-наме» қол-
жазбасында (№3990-47) Қожа Ахмет 
Йасауидің арғы аталары төртінші ха-
лифа, хазірет Әлиден тарайтындығы» 
туралы жазылған [1, 412-413-бб.].
Бүгінде атасы Ысқақ және әкесі 
мен анасының кесенелері Оңтүстік 
Қазақстан облысы Сайрам ауданында 
қасиетті орынға айналған.
ҚОЖА АХМЕТ ЙАСАУИДІҢ 
ХИКМЕТТЕРІ
Бауырмал болу, көпшіл болу; достық; ынтымақ-бірлік туралы хикметі
«Бісміллә» деп бяндайтын хикмет айтып,
Шәкірттерге дүр мен гауһар шаш тым міне.
Жанды жаралап, қайғы шегіп, қандар жұтып,
Мен «Дафтар-и сани» сөзін аштым міне.
Сөзді айттым кімде болса дидар талап,
Ашық сөйлеп, жақын жанды жанға балап.
Ғаріп, жетім, пақырлардың көңілін сыйлап,
Көңілі бүтін халайықтан қаштым міне.
Қайда көрсең көңілі сынық жұмсақ бол,
Ондай сорлы жолда қалса, сырлас бол.
Қиямет күні Тәңірімізге жақын бол,
Менменсіген халайықтан қаштым міне.
Ғаріп, пақыр, жетімдерді Расул білді,
Сол түні Миғраж шығып дидар көрді.


118
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Қайтып түсіп, ғаріп-пақыр қалін сүрді,
Ғаріптердің ізін іздеп түстім міне.
Үмбет болсаң, ғаріптерге тәуелді бол,
Аят, хадис әркім айтса, тыңдаушы бол,
Күнделікті не берсе де қанағат қыл.
Қанағат қып сауық шарабын іштім міне.
Мәдинеге Расул барып, болды ғаріп,
Ғаріптіктен азап тартты күйіп-жанып.
Жапа тартып, жаратқанға болды жақын,
Ғаріп болып, ауыр жолдан астым міне.
Ақылды болсаң, ғаріптердің көңілін аула
Мұстафадай елді кезіп, жетімді жина.
Дүниеқоңыз, арамдардан бойымды тыйып,
Бой түзеп, дариядай тасыдым міне.
Ғашық бабын Мәулім ашты, маған тиді,
Топырақ қылып, бол әзір деп мойнымды иді.
Боран сынды мәліметтің оғы тиді,
Найза алып, жүрек, бауырым тестім міне.
Тілім ащы, көңілім қатты, өзім залым,
Құран оқып, амал қылмас жалған ғалым.
Ғаріп жанын сарп ететін, жоқ дүр малым,
Хақтан қорқып, отқа түспей пістім міне.
Алпыс үшке жасым жетті, өттім ғафіл,
Хақ әмірін мекем тұтпай, өзім жаһіл.
Ораза, намаз қаза қылып болдым кәпір,
Иман іздеп, жақсы алдынан кештім міне.
Уа, дариға, махаббаттың дәмін татпай,
Қатын-бала, үй-мүліктен түгел қашпай.
Қылмыс, күнә айыбын мұнда шешпей,
Шайтанға еріп, жан берерде састым міне.


119
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Иманыма тырнақ сап қайғы қылды,
Тәрік шашты Пір Мұған әзір бол деп.
Шайтан лағнет менен қашып тұрды,
Имам нұрын «бихамдиллаһ» аштым міне.
Пір Мұған қызметінде жүгіріп жүрдім,
Қызмет қылып, көз жұмбай әзір тұрдым.
Медет етіп, әзәзілді шыңдап қудым,
Сонан соң қанат қағып ұштым міне.
Ғаріп, пақыр, жетімдерді сұрар әркім,
Риза болар ол пәндеге пәруәрдігер.
Ей, хабарсыз, сені себеп өзі асырар,
Хақ Мұстафа уағызын естіп айттым міне.
Жеті жаста Арыстан бабқа қылдым сәлем,
Хақ Мұстафа аманатын қылған ан‘ам.
Сол мезгілде мың бір зікір қылдым тамам,
Нәпсім өліп, мекеніме кеттім міне.
Құрма беріп, маңдай сипап көңіл бөлді,
Бір мезгілде ақыретке сапар салды.
Хош бол айтып бұл әлемнен өтіп кетті,
Білім алып, қайнап толып тастым міне.
«Инна фатиханы» оқып мәнін білдім,
Нұрын алып өз-өзімен дидар көрдім.
Моллам ұрып «Тыныш» деді қарап тұрдым,
Жасымды төгіп шарасыз тұрдым міне.
Ей, надан, тұлға бол деп айтты білдім,
Сонан соң шөлді кезіп хақты сүйдім.
Күн туып әзәзілді ұстап міндім,
Шабыттанып, белін басып ездім міне.
Зікір салып, өттім мен диуанаға,
Хақтан басқа ешнәрсеге демедім бейуанаға.


120
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Жарық іздеп, кірдім мен паруанаға,
Ессіз болып, күйіп жанып, өштім міне.
Атым-затым еш қалмады қызыл болдым,
Алла жадын айта-айта қызу болдым.
Тазалық пен адалдыққа жақын болып,
Жаман істің мақамына кірдім міне.
Сүндет емес кәпір болса, берме азар,
Көңілі қатты, тілі азардан Құдай безер.
Алла атынан ондай құлға тозақ даяр,
Бұл сөзді даналардан есітіп айттым міне.
Тұтып мекен сүннеттерін үмбет болдым,
Жер астына жалғыз кіріп нұрға толдым.
Хақ сүйгіштер мақамына жақын болдым,
Нәпсіні көңіл қылышымен жаныштым міне.
Нәпсім мені жолдан тайдырып, қор қылды,
Тіксіндіріп халайыққа зор қылды.
Зікір айттырмай шайтандармен жар қылды,
Аулақ жүр деп нәпсі басып шаныштым міне.
Құл Қожа Ахмет, өкінішпен өмірің өтті,
Уа, қасірет, көзден, белден қуат кетті.
Өкінішпен тоба қылар уақыт жетті,
Амал жоқ, керуен болып көштім міне. 
(«Йасауи Қожа Ахмет. Хикметтер /Жалпы ред. басқарған М.Қ. Әбусей-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет