115
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
гі. Ол – түркі тілдері бойынша ең
ауқымды
және ең маңызды ежелгі
тіл жәдігері. Оның қолжазба нұсқасы
638 беттен тұрады, онда 9000-нан
астам түркі сөзінің араб тіліндегі ау-
дармалары қамтылған.
Түркілердің тарихы, география-
лық таралуы,
тайпалары, диалек-
тілері және дәстүрлеріне бойынша
қосымша мәліметтер берілген. Ғылы-
ми еңбектің қазір бізге келіп жеткен
жалғыз ғана жазба нұсқасы 1266 Да-
маск (Шам) қаласында жаңадан көші-
ріліп жазылып, оны тек 1915 жылы
ғана Әли Емірі ефенді Ыстамбұл қа-
ласында кездейсоқ тауып алады. Әли
Емірінің көшірмесі 1917 жылы Талат
пашаның (1874-1921)
қолдауымен
басылып шығып, бүкіл дүние жүзі-
нің түркологтарының назарын өзіне
аударды.
1928 жылы түрколог, профессор
Карл Броккельманн ғылыми еңбектің
неміс тіліндегі аудармасын жасады.
(Махмұд Қашқари, «Түрік
тілінің сөздігі»: (Диуани лұғат-
ат-тү рк): 3 томдық шығармалар
жи нағы /Қазақ тіліне аударған,
ал ғы сөзі мен ғылыми түсінікте-
рін жазған А. Егеубай. – Алматы:
«ХАНТ» баспасы, 1997. – 360-б.,
1-том, 30-б. )
Адамдарды жамандықтан сақ-
тау туралы
Күніне
жаздың жайлы сеніп қалма,
Абайсыз жаман іске еніп, талма.
Бастайды ізгі ниет ерікті алға,
Сөйлеуге жақсы сөзді әдеттенгін.
(Қашқари М. Түбі бір түркі тілі
(«Диуани лугат ат-турк»). –
Алматы, 1993. – 243-б., 10-б.)
Балаға өсиеті
Әдемі
киім өзіңе,
Тәтті асыңды елге бер.
Қонақ күтсең құрметтеп,
Атың шығып ел кезер.
Есітіп ата-анаңның сөзін
жықпағын,
Байып алсаң,
мақтанып,
Құтырып бір шықпағын.
Ұлым, саған қалдырдым
Жақсы кеңес-мұраны,
Бір дананы тауып ал,
Үлгі тұтып тұр оны.
Күнде барып біліп ал,
Білімін де, бабын да.
Өр мінезді қой бірақ,
Оған қатты табын да...
Достарыңызбен бөлісу: