(«Бес ғасыр жырлайды» екі
томдық толық жинағы» кіта-
бынан, Т.1., 24-б.)
Батырларға берген өсиеті
Есті көрсең кем деме,
Бәрі тұйғын табылмас.
Қарындасың жамандап,
Өзіңе туған табылмас.
Адам әзіз айтар деп
Көңіліңді салмағыл.
Нәпсі алдаушы дұспаның
Насихатын алмағыл.
Бақыты оянған ерлердің
Әрбір ісі оң болар.
Дәулеті күнге артылып,
Не қылса да мол болар.
Тазылары түлкі алып,
Қаршығасы қаз іліп,
Сөз сөйлесе жөн болып,
Не десе де жарасар.
Бай, байсын деп ат қойып,
Ел аузына қарасар.
Арғымаққа міндім деп,
Артқы топтан адаспа.
Күнінде өзім болдым деп,
Кеңпейілге таласпа.
Артық үшін айтысып,
Достарыңмен санаспа.
Ғылымым жұрттан асты деп,
Кеңессіз сөз бастама.
Жеңемін деп біреуді
Өтірік сөзбен қостама.
(«Бес ғасыр жырлайды» екі
томдық толық жинағы» кіта-
бынан, Т.1., 25-б.)
Қайрат-жігер, ерлік,
батырлық туралы өнегелі сөзі
Еділ бол да, Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа,
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа.
Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа.
Ақың болса біреуде
Айыбын тап та ала бер,
147
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Ерегесіп ұрыспа.
Сенікі жөн болса да
Атың шықпас дұрысқа.
Мінезі жаман адамға
Енді қайтіп жуыспа.
Тәуір көрер кісіңмен
Жалған айтып суыспа.
Өлетұғын тай үшін,
Кешетұғын сай үшін,
Желке терің құрысып,
Әркімменен ұрыспа.
Ашу – дұспан, артыңнан
Түсіп кетсең қайтесің
Түбі терең қуысқа!..
(«Бес ғасыр жырлайды» екі
томдық толық жинағы» кіта-
бынан, Т.1., 26-б.)
Әдебиеттер
1. Сейталиев Қ.Б. Педагогика тарихы. – Атырау, 2007. – 336 б.
2. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы /Құрастырған Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. –
Алматы: «Рауан», 1994. – 1-т. – 320 б.
2.10. Мұхаммед Хайдар Дулатидің
тағылымдық мұралары
Мұхаммед Хайдар Дулати
(1499-1551) – түркі әлеміне таны-
мал тарихшы, әдебиетші, Моғол-
стан мен оған іргелес елдердің та-
рихы жөнінде аса құнды деректер
беретін «Тарихи Рашиди» кітабы
мен «Жаханнама» дастанының ав-
торы, Жетісу жеріндегі ежелгі Ду-
лат тайпасы әмірлерінің ұрпағы.
Оның толық аты-жөні – Дулат Мұ-
хаммед Хұсайынұлы Мырза Мұ-
хаммед Хайдар.
Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» –
өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» – әке-
сінің аты, «мырза» – текті әулеттің
тұқымы екенін білдіретін атау (хан
балаларының ханзада, сұлтан ата-
латыны секілді), «дулат» – шыққан
тайпасының аты.
Өз заманының көрнекті мемле кет
қайраткері, кемеңгер ойшыл, ғұла-
масы Мырза Мұхаммед Хайдар Ду-
лати 1499 жылы Ташкент қаласында
дүниеге келген. Оның ата-бабалары
Моғолстан мемлекетіндегі аса белгілі
адамдар еді. Мұхаммед Хайдар Ду-
латидің өзінің және туыстарының ат-
тарына «Доғлат» атауының жалғануы
бұлардың осындай әулеттен немесе
тайпадан шыққандарын көрсетеді.
Жалпы, тарихи зерттеулер бойынша:
«Мұхаммед Хайдар Дулати – бүкіл
Орталық Азиядағы түрік нәсілді
халықтарға ортақ тұлға. Өз еліндегі
саяси тұрақсыздықтың салдарынан
он жасында Кабулға кетіп, сонда би-
лік жүргізіп тұрған өзінің бөлесі, Ақ-
сақ Темірдің шөбересі, Омар Шайх-
тың ұлы Захир-ад-Дин Мұхаммад Ба-
бурды паналайды. Соның тәрбиесін
көреді. Кейіннен Мұхаммед Хайдар
148
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
өзінің екінші бір бөлесі Сұлтан Саид
хан Моғолстан билігіне келгенде елі-
не оралады», – дейді [1, 138-б.].
Бірақ Сұлтан Саид хан қайтыс
бол ғаннан кейін, оның орнына хан
болған баласы Абд-ар-Рашидтің тұ-
сында Мырза Мұхаммед Хайдар-
дың барлық туыстары қуғындалған-
дықтан, ол Моғолстаннан Үндіс-
танға, Бабур негізін қалаған Ұлы
Моғолдар еліне кетуге мәжбүр бо-
лады. Ол осында Кашмирді бағын-
дырып, Ұлы Моғолдар мемлекетіне
қосады. Өзі Кашмир уәләятын билеп
тұрады. Өкінішке қарай, ол жергілікті
халықтың көтерілісін басу кезіндегі
қақтығыста, өз жауынгерінің байқа-
май атқан садақ оғынан қаза табады.
Шығыстанушы ғалым, профессор
Әбсәттар Дербісәлі: «Бүкіл Орталық
Азия халықтарына ортақ, асқан ғұла-
маның сүйегі Кашмирдегі Сринагар
қаласының маңындағы Ханпур деген
жерде жерленген» деп келтіреді [2,
28-29-бб.].
Мұхаммед Хайдар өзінің «Та-
рихи-и Рашиди» жазба мұрасында
жеке адамға атамекенін қорғаудағы
отансүйгіштік тәрбиенің ролі туралы,
халық салт-дәстүріндегі ата-бабалар
өнегелеріне сипаттама береді.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің не-
гізгі педагогикалық идеялары ел бір-
лігі мен тұтастығын сақтауға бағыт-
талған. Ол ел басқаратын батыр мен
әмірдің екі қасиетін атап өтеді: «Бі-
ріншісі – қайт пас қайсарлық, парасат
пен ақыл қажет. Екіншісі – батылдық
пен төзімділік. Мұндай қасиеті бар
пенденің іс-әрекеті қылыш пен са-
дақ күшінен артық», – деп тұлғаның
бойындағы ерекше қасиеттеріне та-
ғылымдық баға береді [3, 121-122-бб.].
Ал «Тарих-и Рашидидегі» түркілік
рух туралы тағылымдық өнегелер-
ді төмендегіше топтастырады. Мы-
салы: тақуа имам, діндар әмір, ғұлама
ғалым, мүбәрак жүз, құлын дене, бал
ерін, құрма бой, лағыл ерін, гауһар
тас, кең пейілді ілтипат, бақытты
жүрек, жомарт жанды, ақылды жан,
арыстан жүрек және т.б. жатады.
Жоғарыдағы мысалдардан ақ-
сүйектер сарайына тән салтанатты
тұрмыс пен түркі жауынгер бектері-
нің өмірін шынайы түркілік рухты
бейнелейтінін байқаймыз. «Тарих-и
Рашиди» шығармасында бұл ай-
тылған даналық сөздер, мақал-мәтел-
дер, сондай-ақ Ислам дінінің иман-
дылық негіздерінен мәлімет беретін
әрі фәлсафалық ойға құрылған көпте-
ген астарлы сөздер, т.б. ұшырайды.
Түркі халықтарының мұрасы «Та-
рих-и Рашидидің» тілі мен көркем-
дік табиғатында өз ұлтымыздың әле-
уметтік және мәдени өмірінен сыр
шертетін әдемі де әсерлі көріністерді
көптеп кездестіреміз. Әсіресе, күн
сайын нығайып келе жатқан қазақ
хандығы мен оның баһадүр билеуші-
сі Қасым хан сахара көшпелілерінің
жауынгерлік рухы, түркі этногра-
149
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
фиясы туралы баяндауларын негізге
алады [4, 28-б.].
«Тарихи Рашиди» атты еңбек-
те қазақ хандығының қалыптасуы
туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен
Шығыс Дешті-Қыпшақта болған
оқиғалар,
Моғолстанның
құла-
уы, феодалдық соғыстар, қазақтар,
қырғыздар және өзбектердің сыртқы
жауға қарсы күресте өзара одақта-
суы туралы көптеген мәліметтер бар.
Сонымен бірге бұл еңбекте ХV-ХVI
ғасырлардағы Оңтүстік және Шығыс
Қазақстанның әлеуметтік-экономика-
лық жағдайы, ортағасырлық Қазақ-
стандағы Жетісудың тарихи геогра-
фиясы, қалалық және егіншілік мәде-
ниеті, білім беру мен тәрбие туралы
құнды мәліметтер бар.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің түр-
кілік тәрбие тағылымдарында құра-
лайды көзге атқан, ат құйрығын кесі-
сіп, кірпік қақпастан, ат басын тіре-
дік, қой үстіне бозторғай жұмыртқа-
лаған заман, қара қылды қақ жарған
және т.б. Бұл кітапта кезігетін сөздер
Орта Азия түркілерінің әдет-ғұрып,
тұрмыс-тіршілігімен
сабақтасқан
ежелгі дәстүрдің ізі екенін көреміз.
Жоғарыда келтірілген мысалдар
адам баласының өмірден өткенін
бейнелейтін және қазаны сыпайылап
жеткізетін тәсілдердің яки тілдік-
психология лық тәсілдердің тек бір
бөлігі. Біздің пікірімізше, данышпан
М.Х. Дулати түркі тарихы, түркілік
ерлік дәстүр лері негізінде тарихи
тұлғалардың, ұстаздары мен заман-
дастарының, ерлігі, ізгілік істері ту-
ралы өлеңдерінен үзінділер беріп
отырған. Оның шығармасының өн
бойы осындай түркілік рухпен сипат-
талатын деректер бар. Мына мысал-
дар осыған айғақ: «Батырлығына кел-
сек, қаһармандық орманы арыстан
іспеттес. Ал буырқанған теңізде аж-
даһаны жұтып қояр акула сынды көрі-
неді», – деп келтірген деректер шын
мәнінде сол кезеңнің отансүйгіштік
қанатты сөзі болса да, қазір де өзіндік
орны бар афоризм деп айта аламыз.
Ол мемлекеттің біртұтастығы мен
халық бірлігіне негізделген күштің
қайнар көзіне айналады және азамат-
тардың саяси сауаттылығынан көрі-
неді. Түркілердің отансүйгіштік иде-
ологиясы әрқашан ақиқат, гуманизм
мен демократия жағында болады.
Ол сол кездегі саяси оқиғалар мен
оған қатысқан қайраткерлерді, сон-
дай-ақ Моғолстан мемлекетін, Қазақ
хандығының өткен тарихын жақсы
білген. Оның тікелей өзі куә болған
жайлары да көп еді. Содан да болар
ол орта ғасырдағы қазақтарға, әсіресе
дулат тайпасының тарихына қатысты
өте құнды материалдар береді. Қазақ
хандығының құрылуы мен қалыпта-
суы, одан кейінгі кезеңдері, олардың
қырғыздармен, өзбектермен қарым
қатынасы жайында кеңінен сөз бо-
лады. Мұхаммед Хайдар Дулати
құрметіне Тараз мемлекеттік универ-
ситетіне есімі берілген.
150
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Достарыңызбен бөлісу: |