106
4.24-
сурет. Терможұп негізіндегі тетік құрылымы:
1 —
дәнекерленген жер;
2 — қорғаушы құбыр;
3 — тығын;
4 —
шығарымдар;
5 — оқшаулағыш;
6 — фарфорлы ұштық
Терможұптар 1500 ...2 500 °С
диапозонындағы өте жоғары
температураларды өлшеуге арналған жалғыз құрал.
Терморезистор дегеніміз терможұп корпусына ұқсас қорғау
корпусына салынған, жартылай өткізгіш біліктен немесе бұралған
сымнан жасалған аспап. Корпустың
жоғары жылу өткізгіштігі
терморезисторге жылу беруді қамтамасыз етеді. Өзгеру кезінде кедергі
мен өткізгіштердің және жартылай өткізгіштердің температурасы
әрқилы өзгереді. Өткізгіштердің кедергісі температура өсуімен іс
жүзінде желілеп артса, жартылай өткізгіштердікі
керісінше желіле
түседі.
Металл терморезисторлар арасында мыс және платиналылары аса
көп тарады. Олардың ең арзаны мыстан жасалған терморезисторлар
(кедергі термометрлері МКТ). Олар -50 .+180 °С диапозонында
қолданылады. Платинадан жасалған терморезисторлар (ПКТ) қымбат.
Олар (-200...+650°С) дейінгі диапозонда қолданылады және
температура өлшеуде өте нақты аспап болып саналады. ( 0,001 °С ден
бастап қателеседі).
Терморезисторлердің шығу мөлшері - кедергі.
Металл
терморезисторлардың жеке кедергісі аз болғандықтан (он ом) өзгерту
нәтижесіне байланыс желісінің кедергісі өте әсер етеді. Бұл көбіне
арнайы шараларды қабылдауға, негізінен сигналдарды қалыптандыру
құрылымының өлшеуші тізбегімен терморезистордың үш немесе төрт
желі байланысын пайдалануға мәжбүрлейді. (4.25 сурет).
Бұл желіде
термотезистор І қуат беретін үлкен ток өткізгіштің бір жұбында
кернеудің түсуін айтарлықтай қалыптастырса, есесіне бұл өткізгіш
жұбында өлшеуші тізбектегі кіріс кедергісінің
жоғары болуынан U
терморезисторында кернеу түріндегі ақпараттық сигнал өлшеуші
тізбекке ток шын мәнінде еш шығынсыз беріліп жатыр.
107
4.25-
сурет. Датчиктің төртсымды желіге қосылуы
Терморезисторлардың үлкен инерциялылығы (бірнеше минутқа
дейін) олардың жылдам ауысатын температураны өлшеуіне жол
бермейді.
Жартылайөткізгіш терморезисторлар
жоғары сезімталдықты,
кішкентай габаритті өлшемге ие және абсолютті нөлге жақын(-270°С-
ден) температураны өлшеуге мүмкіндік береді. Олардың негізгі
кемшілігі — өзіндік кедергісінің өте үлкен диапазонынды түрлендіру
функциясының айтарлықтай сызықсыздығы (4.1-кесте), бұл өлшеуші
тізбектің құрылуын қиындатады. Сонымен, 269°С температурадағы
ТПК-620 терморезисторының кедергісі 10000
Омды құрайды, ал 20°С –
бар-жоғы 0,002 Ом.
Жартылайөткізгіш терморезисторлардың көпшілігінің жұмыс
диапазоны -50 ...+300 °С, онда олардың кедергісі жүздеген килоомнан
жүздеген омға дейін өзгереді. Конструктивті түрде олар қарапайым
кедергіге ұқсауы мүмкін, не болмаса,
металл не шыны корпуқа
жабылуы ықтимал.
Достарыңызбен бөлісу: