бұл қызметті кеңейтеді жəне таразыларда ретімен өлшенетін бірнеше
тауарлардың құнын жиынтықтау қызметін енгізеді.
Еуропалық елдерде жиынтықтау операциясы сатып алушыға барлық
тауарлардың басып шығарылған құны бар
чекті бергенде ғана рұқсат
етіледі, себебі жиынтықты құнын чексіз есептеу сатып алушыларды алдау
үшін пайдаланылуы мүмкін.
RS-23 2 интерфейсі арқылы сыртқы құрылғыларға ақпаратты беру
мүмкіндігі Бұл қызмет барлық шет елдік таразыларда, жəне «Масса-К»
фирмасының отандық таразыларында іске асырылған.
Басқа отандық
фирмалардың таразыларында интерфейс жартылай іске асырылған.
Алмасу хаттамаларының түрлері əртүрлі фирмаларды əртүрлі болады
жəне сəйкесінше əрбір фирма басқа құрылғылармен таразылардың
байланысының əртүрлі мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Мысалы, «Масса-
К» фирмасының ВП-15Т.2 чек басып шығаратын таразыларында жасалған
хаттамасы 100 салмаққа дейін біріктіруге жəне
компьютерлік желіге
қосылуға мүмкіндік береді.
Затбелгілерді басып шығару. Барлық шетелдік фирмалар затбелгілердің
термиялық мөрі бар таразыларды шығарады. Отандық фирмалардың
ішінде тек «Масса-К» фирмасы ғана
басып шығару құрылғысы бар
таразыларды шығарады, «Твес» жəне «Мера» фирмалары жекелеген блок
түріндегі басып шығаратын құрылғыны шығарады.
Таразылардың батырмасы. Ірі шет
елдік фирмалар Mettler- Toledo,
Bizerba батырмасы жекелеген панель түрінде таразылардың корпусынан
жоғары орналасқан таразыларды шығарады. Осылай орналасқан кезде
батырма ластану мен
зақымданудан жақсы қорғалған, оған қоса, бұл
сатушы үшін қолайлы. Бірақ мұндай құрылым таразы корпусының төменгі
жағындағы батырманы орналастырумен салыстырғанда біршама қымбат
тұрады. CAS оңтүстік кореялық фирма мен «Твес» жəне «Мера» отандық
фирмалары пернетақтасы төмен орналасқан таразыларды ғана шығарады.
Таразылардың батареялардан қоректенуі.
Батареялық қорек көзі бар
импорттық жəне отандық таразыларда 10... 100 сағат автономдық жұмыс
ұзақтығы қамтамасыз етіледі (таразылардың энергия тұтыну шамасына
байланысты). Бұл сұрақты алға қарай айқын
қадам таразылар нарығында
«Масса-К» фирмасының ВА типінің пайда болуы болып табылады, оларда
автономдық жұмыстың ұзақтығы 1000 сағатқа дейін жетеді (сұйық
кристаллды индикаторлар мен өлшегіш құрылғының энергияны төмен
тұтынуының арқасында).
Достарыңызбен бөлісу: