Оқулық "Білім беруді дамытудың федералдық институты" Федералдық мемлекеттік автономдық мекемесі "


  Физикалық шамалар бірлік жүйелері



Pdf көрінісі
бет21/169
Дата07.03.2024
өлшемі4.38 Mb.
#494642
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   169
SHishmarev-lsheu-raldary-.-O-uly-

2.2. 
Физикалық шамалар бірлік жүйелері 
Қабылданған принциптерге сəйкес құрылған шамалардың кейбір 
жүйесіне қатысты негізгі жəне туынды бірліктердің жиынтығы 
бірлік жүйесін құрады. 
33 


Физикалық шамалар бірлігінің тарихи бірінші жүйесі ретінде 
1791 ж.Франция Ұлттық жиналысымен қабылданған метрлік өлшем 
жүйесі қабылданды. Ол заманауи түсінікте əле де бірлік жүйесі 
болған жоқ, бірақ негізіне екі бірлік: метр мен килограмм қойылған 
ұзындық, аудан, көлем, сыйымдылық жəне салмақ бірліктерінен 
тұрды. 
1832 ж. неміс математигі К.Гаусс негізгі жəне туындылардың 
жиынтығы ретінде бірлік жүйесін құрудың əдістемесін ұсынды. Ол 
бірлік жүйесін құрды, онда негіз ретінде бір бірінен тəуелсіз үш 
бірлік ұзындық, салмақ жəне уақыт бірлігі қабылданды. Барлық 
қалған бірліктерді осы үш бірлік көмегімен анықтауға болатын. 
Белгілі түрде үш негізгі ұзындық, салмақ жəне уақыт бірліктерімен 
байланысты бірлік жүйесін К.Гаусс абсолюттік жүйе деп атады. 
Негізгі бірлік ретінде ол миллиметр, миллиграм жəне секундты 
қабылдады. 
Одан кейін ғылым мен техниканы дамуымен өлшеудің метрлік 
жүйесіне негізделетін, бірақ бірінен бірі негізгі бірліктермен 
ерекшеленетін К. Гаусс ұсынған принцип бойынша құрылған 
физикалық шама бірліктерінің жүйесінің қатары пайда болды. 
Физикалық шамалар негізгі бірлік жүйелерін қарастырайық. 
2.2.1. 
СГС жүйесі 
Негізгі бірлік ретінде сантиметр ұзындық бірлігі, грамм салмақ 
бірлігі жəне секунд уақыт бірлігі болып табылатын СГС физикалық 
шамаларының бірлік жүйесі 1881 жылы І Халықаралық электриктер 
конгрессімен орнатылған. Конгресс СГС жүйесін Гаусс ұсынған 
принциптер бойынша орнатты жəне екі маңызды туынды бірліктер 
үшін атау енгізді: дина - күш бірлігі үшін жəне эрг - жұмыс бірлігі 
үшін. СГС жүйесінде қуаттылықты өлшеу үшін эрг секундына 
қолданылады, кинетикалық тұтқырлықты өлшеу үшін - стокс, 
динамикалық тұтқырлық өлшеу үшін - пуаз қолданылады. 
СГС жүйесіндегі қысым шаршы сантиметрге динамен өлшенеді. 
Бұл бірлік бұрын бар деп аталды, бірақ 10
5
Н/м
2
тең қысым бірлігін 
барға ауыстырумен байланысты, СГС қысым бірлігі үшін кейде бар 
атауы жəне бір кезетте микробар атауы қолданылады (себебі ол 
жаңа бардың бір миллионына тең). 
Механикалық өлшемдер саласында СГС жүйесі үші негізгі 
бірліктерге сүйенеді, оларды ішінде басқалар туынды ретінде 
түзіледі. 
Электрлік жəне магниттік өлшемдер үшін СГС жүйесін 
қолданумен байланысты іс күрделі тұр. Тарихта олар үшін қазіргі 
уақытқа 
34 


дейін электрлік жəне магниттік шама үшін СГС жүйесінің жеті түрі бар 
екендігі қалыптасты, олардың ішінде келесі үшеуі біршама кеңінен 
таралған. 
1. 
Үш негізгі бірліктерден - сантиметр, грамм, секундтан құрылған 
СГСЭ жүйесі; вакуумның диэлектрлік өткізгіштігі өлшемсіз бірлікке тең 
деп 
қабылданған. 
Бұл 
жүйе 
сонымен 
қатар 
абсолюттік 
электростатикалық бірлік жүйесі деп те аталады. 
2. 
СГСМ жүйесінің негізгі бірліктері СГСЭ жүйесіндегідей - 
сантиметр, грамм, секунд, ал вакуумның магниттік өткізгіштігі өлшемсіз 
бірлікке тең деп қабылданған. Бұл жүйе сонымен қатар абсолюттік 
электромагниттік бірлік жүйесі деп те аталады. 
3. 
Сонымен қатар симметриялық жүйе немесе Гаусс жүйесі деп 
аталатын СГС жүйесі. Онда электрлік бірліктер СГСЭ электрлік 
бірліктерімен, ал магниттік - СГСМ магниттік бірліктермен үйлеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет