Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»


  Өлшеудің негізгі әдістері



Pdf көрінісі
бет12/133
Дата28.01.2024
өлшемі6.25 Mb.
#490121
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   133
Шишмарёв Өлшеуіш техникасы. Оқулық

1.9. 
Өлшеудің негізгі әдістері 
Электррадиоөлшеу, басқа өлшеу түрлері сияқты, белгіленген 
қағидаттарға негізделген. Өлшеу қағидаты дегеніміз өлшеу негізделген 
физикалық құбылыстардың жиынтығы.
Өлшеу қағидаттары мен құралдарын пайдалану тәсілдерінің 
жиынтығы нақты өлшеудің негізгі сипаттамасы болып табылатын, 
өлшеу әдістері ретінде айқындалады. Өлшеу әдістері тікелей бағалау 
әдісі және салыстыру әдісі болып бөлінеді.
Тікелей бағалау әдісі кезінде өлшенетін шаманың сандық мәні 
тікелей ИП көрсеткіші бойынша (мысалы, вольтметрдің көмегімен 
кернеуді өлшеу) айқындалады.
Салыстыру әдісі өлшенетін шаманы жаңғыртылған мөлшер 
шамасымен салыстыру кезіндегі өлшеу әдісін құрайды. Бұл, мысалы: 
қалыпты (эталондық) элементтің ЭҚК салыстыру жолымен тұрақты 
тоқ кернеуінің деңгейін өлшеу болуы мүмкін.
23 


Салыстыру әдістерінің келесідей түрлері бар: 
нөлдік әдіс — өлшенетін шаманың әрекеті толықтай үлгілік 
шамамен теңеледі; 
дифференциалды әдіс — бұл жағдайда өлшенетін және эталондық 
белгілі мәні бойынша оған жақын шама (мысалы, теңгерімсіз көпірді 
электр кедергісін өлшеу әдісі) арасындағы айырмашылығы өлшенеді;
алмастыру әдісі — өлшенетін шаманың әрекеті үлгілік шамамен 
алмастырылады (мысалы, әрекет уақыты бойынша кезекпен жүргізу 
көмегімен). 
Тізбектелген барлық әдістердің ішінен нөлдік әдісті салыстыру 
физикалық шама өлшемінің ең үлкен дәлдігін қамтамасыз етеді. Нөлдік 
әдістерге келесілер жатады: 
өтемдік әдіс — өлшенетін шама әрекеті үлгілік шамамен 
өтемделеді (теңеледі); 
көпірлі әдіс — оны пайдаланған кезде сезімтал индикаторлық аспап 
(әдетте нөл-индикатор) қосылатын көпірдің өлшеу диагоналындағы 
тоқтың нөлдік мәнін жетеді. 
Сондай-ақ, өлшеуді басқа белгілері бойынша да жіктеуге болады. 
Айталық, өлшенетін шама мен ұсыну формасын түрлендіру тәсілі 
бойынша өлшеу нәтижелері ұқсас (үздіксіз) және цифрлық (дискретті) 
болып бөлінеді.
Ұқсас өлшеулерді жүзеге асыру кезінде ИП нәтижесі 
салыстырмалы шкаланың көрсеткішінің, экран бойынша осциллограф 
сәулесінің орнын ауыстыру және т.б. болып табылатын өлшенуші 
шамаға үздіксіз түрлендіруді жүргізеді. Шаманың сандық мәні туралы 
қорытындыны ИП шкаласының белгілеріне қатысты көрсеткіштің 
ережесін ескере отырып, оператор (бақылаушы) жасайды. Өлшеу 
дәлдігі бұл ретте көрсеткіштің және шкаланың геометриялық 
ерекшеліктерімен шектеледі және әдеттегідей, 0,05 % аспайды.
Цифрлық өлшеулер кезінде, өлшенетін шаманы үлгілік мәндер 
қатарымен салыстыру аспапта автоматты түрде жүргізіледі, ал 
оператор өлшенген шаманың сандық мәнін цифрлық формада алады. 
Бұл жағдайда, барлық көрсеткіштер аспаптағы салыстыру дәлдігіне 
байланысты және оператордың субъективті қателері жойылады. Қазіргі 
кездегі цифрлық аспаптар, әдеттегідей, ұқсастыққа қарағанда, 
неғұрлым жоғары дәлдікті қамтамасыз етеді. Оператордың рөлі 
жеңілдейді, себебі оның жұмысы тек сандық мәндерді дұрыс санаумен 
тұжырымдалады.
Уақыт бойынша өлшенетін шаманың өзгеру сипаты бойынша 
өлшеудің статикалық және динамикалық режимдері болады.
Статикалық өлшеу режимдері өлшеу құралының статикалық 
режимде жұмыс істеуі, яғни шығу сигналының оны пайдалану уақыты 
бойы өзгермей қалуы кезіндегі (немесе әр өлшеу нәтижесі тек бір ғана 
санмен белгіленуі мүмкін болатындай, тым баяу өзгереді) өлшеу 
режимін құрайды.   
24 


Динамикалық өлшеу режимдері — нәтижесі өлшенетін шаманың 
уақытқа функционалдық тәуелділігі болып саналатын өлшеу режимі, 
яғни бұл жағдайда өлшеу құралының шығу сигналы өлшенетін шама 
уақыты бойынша өзгеруіне сәйкес уақыт бойынша өзгереді. Осылайша, 
динамикалық өлшеуді уақытқа тәуелді болатын шама параметрлерін 
өлшеу үшін қолданады.
Қолданылатын өлшеу құралдарының әдістері мен қасиеттеріне 
сәйкес, өлшеудің бұрын қарастырылған барлық түрлері немесе бір 
реттік немесе көп реттік бақылаумен орындалуы мүмкін. Өлшеу 
кезіндегі бақылау (өлшеуішті бақылау) жеке-дара эксперименттік 
операция деп аталады, оның қорытындысы бақылау нәтижесі болып 
табылады. Ол әрдайым кездейсоқ сипат алады және өлшенетін 
шаманың бір мәнін құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет