Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»


  Өлшем құралдарының қателіктері



Pdf көрінісі
бет18/133
Дата28.01.2024
өлшемі6.25 Mb.
#490121
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   133
Шишмарёв Өлшеуіш техникасы. Оқулық

2.4. 
Өлшем құралдарының қателіктері
Негізгі терминдер мен анықтамалар. РМА 29 — 99 «Метрология. 
Негізгі 
терминдер 
мен 
анықтамалар» 
Ұсыныстарында 
өлшем 
құралдарының қателіктерін білдіретін терминдер мен анықтамалар 
заңдастырылған (2.1-бөлімге қараңыз). Көрсетілген 
ұсыныстарға сәйкес 
жиі
 
38 


қолданылатын өлшем құралдары
қателіктерінің терминдері мен 
анықтамаларын келтіреміз

Өлшем құралдарының қателігі – өлшем құралының көрсеткіші мен 
өлшенетін физикалық көлемнің шынайы (нағыз) мағынасы арасындағы 
айырмашылық. Өлшем үшін оның номиналды мағынасы көрсеткіш 
болып табылады. Физикалық көлемнің шынайы мағынасы белгісіз 
болғандықтан тәжірибеде оның нағыз мағынасын қолданады. «Өлшем 
құралының қателігі» түсінігіне келтірілген анықтама метрология 
бойынша отандық әдебиетте қабылданған тұжырымға қайшы келмейді. 
Бірақ өз мәнінде бұл анықтама «өлшем қателігі» түсінігінің 
анықтамасынан ерекшеленбейді, сондықтан ол дерексіз болып 
табылады және қосымша айқындауды талап етеді. 
Өлшем құралдарының жүйелік қателігі – тұрақты немесе заңды 
өзгеруші көлем болып қабылданатын өлшем құралдарының құрамдас 
қателігі. Осы өлшем құралының жүйелік қателігі, ереже бойынша
жүйелік қателік осы типтің өлшем құралының басқа нұсқасынан 
ерекшеленеді, сондықтан бір типті өлшемдер тобы үшін жүйелік 
қателік кейде кездейсоқ ретінде қарастырылуы мүмкін.
 Өлшем құралдарының кездейсоқ қателігі – кездейсоқ өзгеріп 
тұратын құрамдас өлшем қателігі болып табылады. 
Өлшем құралдарының абсолюттік қателігі – өлшенетін физикалық 
көлемнің бірлігінде көрсетілетін өлшем құралдарының қателігі
Өлшем құралдарының салыстырмалы қателігі – өлшем 
құралдарының абсолюттік қателігінің өлшем нәтижесіне немесе 
өлшенетін физикалық көлемнің шынайы мағынасына қатысын 
білдіретін өлшем құралдарының қателігі. 
Өлшем құралдарының келтірілген қателігі өлшем құралдарының 
абсолюттік қателігінің өлшемнің барлық диапазонда немесе диапазон 
бөлігінде тұрақты, көлемнің шартты түрде қабылданған мағынасына 
қатысын білдіретін салыстырмалы қателігін көрсетеді.
Көлемнің шартты түрде қабылданған мағынасын қалыпқа 
келтіруші деп атайды. Қалыпқа келтіруші деген мағына ретінде
өлшемнің жоғарғы шегін жиі қабылдайды. Келтірілген қателікті әдетте 
пайызбен көрсетеді. 
Өлшем құралдарының негізгі қателігі – қалыпты жағдайларда 
қолданылатын өлшем құралдарының қателігі. 
Өлшем құралдарының қосымша қателігі – қандай да бір әсерлі 
көлемнің қалыпты мағынасынан немесе мағынаның қалыпты сала 
шегінен шығуынан ауытқуы салдарынан негізгі қателікке қосымша 
пайда болатын өлшем құралдарының құрамдас қателігі болып 
табылады. 
39 


Өлшем құралдарының статистикалық қателігі – физикалық 
көлемді өлшеу кезінде тұрақты ретінде қолданылатын өлшем 
құралдарының қателігі. 
Өлшем құралдарының динамикалық қателігі – физикалық көлемді 
өлшеу үдерісінде өзгеріп тұратындарды өлшеу кезінде пайда болатын 
өлшем құралдарының қателігі. 
Өлшем құралдарының дәлдік класы — өлшем құралдарының осы 
түрінің жалпылама сипаттамасы, ереже бойынша, мүмкін болатын 
негізгі және қосымша қателіктер шегімен көрінеді, сонымен қатар 
дәлдікке басқа сипаттамалармен әсер ететін олардың дәлдік деңгейін 
білдіреді. Өлшем құралдарының дәлдік класы бір типті өлшем 
қателігінің қай шекте болатынын жорамалдауға мүмкіндік береді, 
бірақ ол осы құралдарының әрбіреуінің көмегімен орындалатын өлшем 
дәлдігінің тікелей көрсеткіші болып табылмайды. Бұл берілген өлшем 
дәлдігіне байланысты өлшем құралын таңдау кезінде маңызды. Өлшем 
құралдарының дәлдік класының нақты түрін техникалық талаптар 
(щарттар) стандартында немесе басқа нормативтік құжаттарда 
орнатады.
Өлшем құралдарының дәлділік сипаттамалары өлшем қателігіне 
әсер ететін өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамалар 
жиынтығын көрсетеді. Дәлдік сипаттамаларына өлшем құралдарының 
қателігі, тұрақсыздық, сезгіштік шегі, нөлдің дрейфі және басқалар 
жатады. 
Өлшем құралдарының қалыпты метрологиялық сипаттамалары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет