Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет35/133
Дата28.01.2024
өлшемі6.25 Mb.
#490121
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   133
Шишмарёв Өлшеуіш техникасы. Оқулық

Бақылау сұрақтары 
1. Өлшеу механизмдерінде айналдырушы, қарсы іс-қимыл жасаушы 
және демфирлеуші моменттер қандай бейнемен жасалады? 
2. Өлшеу механизмдері мен аспаптарда аспалар мен есептеуші 
құрылғыларының қандай түрлері қолданылады? 
3. Магнитэлектрлік механизмнің әрекет ету қағидаты неден тұрады? 
4. Сызба сызыңыз және ферромагниттік механизмінің жұмыс 
қағидатын түсіндіріңіз? 
5. Электрдинамикалық өлшеу механизмі қалай жұмыс істейді? 
6. Сызба сызыңыз және электрмагниттік және электростатикалық
механизмдерінің жұмысын түсіндіріңіз ? 
7. Индукциялық өлшеу мехнизмдерінің жұмыс ерекшеліктері қандай? 
8. Логометрлердің жұмыс қағидаты неге негізделген? Олардың 
ерекшеліктері қандай? 
9. Тұйықтағыштарды не үшін тағайындайды? Тұйықтағыштардың 
дұрыс және қате қосылу сызбасын сызыңыз. 
10. Қосу сызбасын сызыңыз және қосымша резисторлар, қосымша 
конденсаторлар және кернеу бөлгіштерінің тағайындалуын түсіндіріңіз. 
11. Тоқты 
және 
кернеуді 
өлшеу 
трансформаторларының 
айырмашылығы қандай? Оларды қосу сызбасын сызыңыз. 
12. Айырушы және үйлестіруші трансформаторлар дегеніміз не? 


 4-т а р а у 
 ЭЛЕКТРЛІК ӨЛШЕУ ӘДІСТЕРІ 
4.1. Электрлік өлшеу әдістерін жіктеу
Кез келген электр шамасының түрін өлшеу дәлдікті талап етеді әрі 
әртүрлі әдістермен жүзеге асырылуы мүмкін.
Электрлік өлшеу тәжірибесінде негізінен екі әдісті: тікелей бағалау 
әдісін және тепе-тең әрі әркелкі режимде салыстыру әдісін
қолданады.
Тікелей бағалау әдісі шкаласы өлшенетін шама бірліктерімен 
градусталған аспап көрсеткіші бойынша өлшеу нәтижесін тікелей 
алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте, стандартты өлшем өлшеу бірлігін 
заттық жаңғырту ретінде өлшеудің өзіне тікелей қатыспайды. Алайда, 
тікелей бағалау әдісі бойынша жұмыс істейтін аспаптарды градустау 
кезінде, стандартты өлшемдерді пайдаланды.
Осылайша, тікелей бағалау әдісі стандартты өлшемдерді тек 
жанама пайдалануды ғана топшылайды, сондықтан осы әдістерге 
қатысты өлшеу дәлдігі зор болмайды.
Салыстыру әдісі өлшеу процесінде өлшенетін шама стандартты 
өлшеммен, немесе сол физикалық шамамен, немесе басқа шама 
өлшемімен жанама салыстырылуымен тұжырымдалады.
Көбінесе өлшенетін шама мен өлшем арасындағы немесе өлшенетін 
шама мен өлшеммен туындайтын нәтиже арасындағы айырмашылығы 
нөлге теңелетін, тепе-тең режимдегі салыстыру әдісін пайдаланады.
Бұл жағдайда салыстыру әдісін әдетте, нөлдік әдіс деп атайды. Нөлдік 
әдістің бір үлгідегі мысалы салмақты таразыда өлшеу болып табылады.
Электр өлшеміндегі нөлдік әдіс үлгісі тепе-теңдік туралы нақты бір 
тізбек бөлігінде тоқтың немесе кернеудің болмауы бойынша 
жорамалдаудағы тепе-тең төсемелі және өтелмелі әдістер болып 
табылады. Себебі тоқтың немесе кернеудің болмауы өте сезімтал 
нөлдік аспаптардың көмегімен үлкен дәлдікпен белгіленуі мүмкін, 
ондағы салыстыру әдісі тепе-тең режимде тікелей бағалау әдісіне 
қарағанда, өлшеудің едәуір артық дәлдігін қамтамасыз етеді.
Әркелкі режимде салыстыру әдісі тікелей бағалау әдісімен 
өлшенетін шама мен көрінеу белгілі шама (өлшем) арасындағы
айырмашылықты өлшеу нәтижесін алуға саяды.
76 


 Егер бұл айырмашылық өлшенетін шамаға қарағанда неғұрлым аз 
болса, онда өлшеу нәтижесі шаманы тікелей өлшеу дәлдігіне қарағанда
артық дәлдікпен алынуы мүмкін. Айталық, егер өлшенетін шама X (А 
— белгілі шама) айырмашылығы 
а = X - А 
10 есе аз болса, онда а өлшеудегі қателік X өлшеудің 10 есе аз  
қателігін туындатады. Осылайша, әркелкі режимдегі өлшеу дәлдігін 
салыстыру әдісіне қатысты, тікелей бағалау және нөлдік әдіс 
арасындағы аралықтық қалпын алады. Әркелкі режимдегі салыстыру 
әдісін дифференциалды әдіс деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет