Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет116/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   145
сәулеттік материалтану

149
 
Сурет 13.12. Экструдирленген пенополистирол
Оттың әрекетінен ол бықсиды, ал тоқтағанда сөнеді. Пенополивинилхло-
рид қатты жабық-кеуекті құрылымға ие; түсі ақтан сарыға дейін болады
орташа тығыздығы — 85... 195 кг/м
3
; жылу өткізгіштіші — 0,04.0,06 Вт/(м • 
°С); су жұтуы 24 сағатта 0,3 % аспайды. 
Пенополиуретан газбен толтырылған пенопласттан тұрады, ол 
полиэфирлі шайыр және арнайы қоспалардан алынады. Ол қатты және 
жұмсақ (поролон) түрінде болады. Қатты пенополиуретанды тақталар
блоктар, сегменттер мен қабықтар түрінде, ал жұмсағын ленталар мен 
төсемдер түрінде шығарады. 
Қатты пенополиуретанды жонғыш білдектерде өңдеуге, жонуға, 
бұрғылауға, қағуға болады. Оның орташа тығыздығы 60.200 кг/м
3
; ал жылу 
өткізгіштігі — 0,035.0,06 Вт/(м • °С); қысу кезіндегі беріктік шегі - — 
0,55.2,2 МПа, ыстық және суық сумен жабдықтау құбырларын оқшаулау 
үшін кеңінен қолданылады (өзінің қасиеттерін 150 °С дейін сақтайды). 
Пенополиуретанның артықшылықтарына оның көбіктену кезіндегі 
қатты кеңею қабілеті және материалдарға жабысулығы жатады. Осы 
қасиеттерді есепке ала отырып, оны құрылым дайындау орнында бастапқы 
пластмассаны көбіктендіру арқылы тікелей алуға болады (мысалы, қоршау 
құрылымдарының орташа қабатында және т.б). Бұл материалдың кемшілігі 
– жанғыштығы. 
Мипора — көбіктенген зәртасформальдегидті шайырды қатайту 
арқылы алынатын ақ түстегі материал. Мипора блоктар, тақтайлар, 
үгінділер түрінде шығарылады. 200 °С температурасында көмірленеді, 
бірақ жанбайды. 


150
 
Материалдың тығыздылығы төмен, ылғал тартқыш және су жұту 
қабілеті жоғары, сондықтан көтеретін құрылыс құрылымдарында 
қолданылмайды. Оны тек қаңқалы құрылымдар немесе бос қуыстар 
ретінде жеңіл толтырғыш ретінде қолданады, мұнда күш әрекеттері
және ылғал төзімділіктің жоғары талаптары жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет