148
Қабырға панельдерін дайындауда пено немесе кеуек пласттардың
жылуоқшаулағыш қабаттардың қалыптасуында жұмыстар өндірісін
жеңілдетеді
және
арзандатады.
Полимерлі
жылуоқшаулағыш
материалдардың негізгі кемшілігіне жанғыштық жатады.
Пенополистирол полистиролдың (стиропора)
көбіктенуімен және
көбіктенген бөлшектерді біріктіру арқылы шығарылады (сурет 13.11).
Ол төмен жылуөткізгіштікпен (0,05 Вт/(м • °С)) және тығыздықпен
(25...40 кг/м
3
) сипатталады, ылғал тартқыш емес. Пенополистирол
ультракүлгін сәулелердің әрекеттеріне ұзақ уақыт қарсы тұра алмайды.
Ұзақ уақыт (шамамен екі ай) күн
сәулеленуде тақтайлар беті
қоңырланып,
бірте-бірте
шаңға
айналады.
Оны
пайдалану
жанғыштығымен шектеледі. Бірақ қазірде қиынжанатын және өздігінен
сөнетін пенополистирола ПСБ-С маркалары қолданылады, олар
өздігінен жануды тоқтататын арнайы антипирен-қоспаларынан тұрады.
Экструдирленген пенополистир олды полистирол түйірлерін
жоғары температурада экструдерден сығу
арқылы және көбіктенген
агентті қосу арқылы (сурет 13.12) алады. Оның құрылымы
микроборпылдақтығымен ерекшеленеді,
бұл оның жылу өткізгіштігін
қамтамасыз етеді 0,04 Вт/(м • °С), су өткізбейді және тығыздылығы
мен қызмет ету мерзімі ұзақ.
Пенополивинилхлорид — 56,8 % байланыстырғыш хлордан тұратын
жылупластикалық
полимер,
полистиролмен
салыстырғанда
жанғыштығы төмен.
Сурет 13.11. Пенополистирол:
а
—стиропора түйіршіктері;
б
— материал құрылымы;
в
—пенополистиролдан
жасалған бұйым