56
6 Бөлім
МЕТАЛЛ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН
ӨНІМДЕРІ
6.1.
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Құрылыста ағаш және тас материалдарымен
бірге металлдар мен
олардан жасалған өнімдер қолданылады.Оған біршама оңтайлы
технологиялық қасиеттер себепкер болады: жоғары беріктілік,иілгіштік,
өңдеу жеңілдігі, әртүрлі профильдерді жасау мен оларды конструкцияға
бұрандама мен шегендеумен біріктіру мүмкіндігі.
Металлдың тиімсіз
қасиеті болып олардың жоғары тығыздығы, тат
басуға қарсыласуының
төмендігі, жоғары температурада деформациялану мен бағасының
жоғарылығы саналады.
Металлдар –
жоғары беріктілік, иілгіштік,
жылу және
электрөткізгіштік, сипатты жылтырауға ие заттар.
Металлдар екі топқа бөлінеді: қара және түрлі-түсті. Қара
металлдарға негізгі құраушысы темір болып табылатын металлдар мен
ерітінділер жатқызылады. Түрлі түсті металлдар
мен ерітінділердің
негізгі құраушысы темір емес, басқа элементтер:
алюминий, мыс,
магний және т.б. Екі немесе одан да көп химиялық элементтен тұратын
ерітінділердің қасиеті жоғары.
Құрылыста қара металлдар жиі қолданылады. Көміртектің болуына
байланысты олар шойын және болат болып бөлінеді.
Көміртек – маңызды құраушы. Оның болуынан металлдың беріктігі,
қаттылығы мен иілгіштігі анықталады.Темір мен көміртектен басқа қара
металл құрамына кремний, марганец, күкірт пен фосфор кіреді.
Қара металлдарға спецификалық қасиет беру үшін
олардың
құрамына жақсартатын және қоспалаушы қоспалар (никель,хром, мыс
және т.б) қосады.