Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет75/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   145
сәулеттік материалтану

94
 
Суыққа төзімділік бастапқы материалдар сапасына және
бетоның капиллярлы-борпылдақ құрылымына тәуелді болады. Суыққа 
төзімділік бойынша маркалар: F50, F75...F1000. Марка құрылым түріне 
және пайдалану шарттарына тәуелді анықталады. Бұзылу себебіне 
мұзға айналудағы судың қасиеті жатады, ол көлемі боцйынша 9 %-ға 
артады және тесік қабырғаларында ішкі қысымды құрайды (созу 
кернеуі). Сондықтан бетонның тығыздық шегін арттырушы және 
каппилярлы борпылдақтықты төмендетуші барлық іс-шаралар оның 
суыққа төзімділігін арттырады. 
Ауыр бетонның жылуөткізгіштігі өте жоғары - 1,3... 1,7 Вт/(м • 
°С), яғни, кірпішпен салыстырғанда 1,5-2 есе жоғары болады. 
Сондықтан ауыр бетонды қоршау құрылымдарында пайдалану тек 
тиімді жылуоқшаулағышпен орындалады. Жеңіл бетондардың, 
әсіресе, ұяшықты бетондардың жылуөткізгіштігі төмен болады — 
0,2.0,7 Вт/(м • °С), оларды қоршау құрылымдарында пайдаланған 
дұрыс. 
8.6.
ЖЕҢІЛ БЕТОНДАР
 
500.1800 кг/м

орташа тығыздықтағы бетондар жеңіл бетондар 
тобына жатады, олар жоғары борпылдақтықпен және шағын 
жылуөткізгіштікпен ерекшеленеді. Ауыр бетонмен және кірпішпен 
салыстырғанда, оларды пайдалану жылутехникалық және акустикалық 
көрсеткіштерді жақсаратады, ғимараттар массасын айтарлықтай 
азайтады, іргетас жүктемесін төмендетіп, тасымал шығындарын, еңбек 
шығындарын азайтады, бұл құрылыс құнының төмендеуіне алып 
келеді. 
Мақсаты бойынша жеңіл бетондар үш топқа бөлінеді:
■ 
жылуоқшаулағыш (орташа тығыздығы —500 кг/м
3
төмен);
■ 
құрылымдық-жылуоқшаулағыш (орташа тығыздығы - 
500...1400 
кг/м
3
);
■ 
мекемелер мен ғимараттарда жүктемелерді қабылдауға арналған 
құрылымдық бетондар (орташа тығыздығы 
— 1 400.1 800 кг/м
3
).
Құрылысы және борпылдақ құрылымды алу тәсілі бойынша жеңіл 
бетондар келесі түрлерге бөлінеді: 
■ 
борпылдақ толтырушыдағы бетондар;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет