Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет76/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   145
сәулеттік материалтану

95
 
■ 
бірфракциялы тығыз немесе борпылдақ құмсыз ірі толтырушыны 
пайдалану арқылы дайындалған іріборпылдақ (құмсыз) бетондар, 
нәтижесінде оның бөлшектері арасында бос қуыстар пайда болады; 
■ 
құрамына кеуектендіргіштер кіретін, бірақ ірі толтырушысы жоқ 
ұяшықты бетондар. 
Борпылдақ толтырушыларда жеңіл бетондарды дайындау үшін ауыр 
бетондарға пайдаланылатын материалдарды қолданады, тек мұнда 
минералды шикізаттан тұратын сусымалы материалдарды пайдаланатын 
толтырушылар болмайды. Борпылдақ құм 1 200 кг/м

себу тығыздына ие 
болуы керек, ал кесектер мен қиыршық тстар 1 000 кг/м
3
аспауы тиіс. 
Құрылымдық және құрылымды-жылуоқшаулағыш бетондар үшін ауыр 
құм қолданылуы мүмкін. 
Табиғаты бойынша борпылдақ толтырушылар табиғи (кеуектас, 
жанартаулық және әктасты туфтар, әктасты-ұлутастар, опокалар мен
ұсақ кеуекті тау жыныстары), өнеркәсіп қалдықтарынан (металлургиялық 
және отын қалдықтары, күлдер) және арнай дайындалған (керамзит, 
аглопорит, пенополистирол, перлит, вермикулит және т.б) болып 
бөлінеді.
Тығыздық шегі бойынша жеңіл бетондар борпылдақ толтырушыларда 
келесі кластарды шығарады:В2; В2,5; В3,5...В40. Жылуоқшаулағыш 
бетондар келесідей кластарға ие болады: В0,35; В0,75; В1; 
жылуөткізгіштігі — 0,07.0,70 Вт/(м • °С).
Жеңіл бетоннан және темірбетоннан борпылдақ толтырушыларда 
қабырғалы панельдер мен блоктарды, жабу тақталарын және 
жабындыларды, қабырға тастарын дайындайды. 
Цементтің шектелген шығыны және құмның болмауы, керамзитті 
қиыршық тасты пайдалануда тығыз толтырушыда орташа тығыздығы 1 
500. 1 800 кг/м

және 600. 1 000 кг/м
3
іріборпылдақты (құмсыз) бетонды 
алуға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда үрлеуді жою үшін оны 
қабырғаларды міндетті сылау үшін жылуоқшаулағышқа пайдалануға 
болады. Іріборпылдақты бетоннан тұтас сыртқы қабырғаларды, ірі 
қабырлғалы блоктарды шығарады. 
Кеуек бетондар – 1.2 мм өлшемдегі шағын тесіктері көп 
(ұяшықтары) жеңіл бетондар (85% дейін және одан жоғары) (сурет 8.4,а). 
Тығыздау шарттары бойынша олар автоклавты (175.190 °С 
температурасында 0,8.1,3 МПа қысымында қаныққан су буы ортасында 
қатаятын) және автоклавты емес болуы мүмкін (табиғи шарттарда немесе 
жылуылғалды өңдеу нәтижесінде қатаятын). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет