Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет59/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   145
сәулеттік материалтану

АУАЛЫҚ ТҰТҚЫР ЗАТТАР
 
7.2.1. Гипстік тұтқыр заттар
 
Гипстік тұтқыр заттар ретінде жартылай сулы гипстен 
немесе ангидриттен тұратын материалдар және жұқа ұсақталған 
екісулы 


75
 
табиғи гипстің (CaSO
4
-2H
2
O), табиғи ангидриттің (CaSO
4
) және 
өнеркәсіптің басқа да қалдықтарының жылу өңдеуімен пайда болатын 
заттар аталады. 
Гипстік тұтқыр заттар өңдеу температурасына тәуелді екі топқа 
бөлінеді: төмен күйдірілетін (құрылыс және жоғары тығыздылықты гипс) 
және жоғары күйдірілетін (ангидритті) заттар. Олар тұтқырлық қасиеттері 
бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. 
Құрылыстық гипсті 150... 160°С температурасында гипстік тасты 
және ұнтақты жылулық өңдеу арқылы алады. Табиғи гипстегі CaSO
4
• 
2H
2
O келесі реакция бойынша гидратсыздандырылады: 
CaSO
4
• 2H
2
O → CaSO
4
• 0,5H
2
O + 1,5Н
2
О
Ұсақ тесіктердің үлкен көлемі бар формасыз кристалдар пайда болады. 
Осыдан кейін, құрылыс гипсі үлкен су қажеттілігіне ие болады, ол
стандартты консистенциядағы гипстік қалыпты алуға қажетті тұтқыр зат 
массасындағы су мөлшерімен анықталады (%). Гипс суды жартылай сулы 
гипске кері байланыстыру нәтижесінде қатаяды: 
CaSO
4
• 0,5H
2
O + 1,5Н
2
О → CaSO
4
• 2H
2
O
Химиялық реакцияда судың тек 19%-ы қатысады, ал 30,50%-ы 
тығыздау үрдісінде буланады, гипстік тас жоғары кеуектілікке, 
жеңілдікке, төмен жылу және дыбыс өткізгіштігіне ие. 
Құрылыс гипсі тез қатаюмен және тығыздалумен сипатталады. Қатаю 
мерзіміне тәуелді ол үш топқа бөлінеді (кесте 7.1). Қатайтуды гипстік 
қалыпқа арнайы қоспаларды қосу арқылы баяулатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет