Құрметті оқырман!
Аталмыш оқулық «Сәулет» мамандығы
бойынша оқу-әдістемелік
кешеннің бөлігі болып табылады.
Оқулық «Сәулеттік материалтану» жалпы кәсіби пәндерді игеру
үшін
арналған, сонымен қатар «Ғимараттар мен құрылыстарды салу
және қолданысқа өткізу» мамандығы бойынша «Ғимарат пен
құрылыстарды жобалауға қатысудың» кәсіби модулін игеру үшін
пайдалы бола алады.
Жаңа буындағы оқу-әдістемелік кешендерге дәстүрлі және
инновациялық материалдар жатады, олар жалпы білім беру және жалпы
кәсіби
пәндерді, кәсіби модульдерді игеруді қамтамасыз етеді. Әрбір
кешен жалпы және кәсіби құзіреттіліктерді
алуға қажетті және жұмыс
берушінің талаптарына сәйкес оқулықтардан, оқу құралдарынан, оқыту
және бақылау құралдарынан тұрады.
Оқу
баспалары
электронды
білім
беру
ресурстарымен
толықтырылады. Электронды ресурстар интерактивті жаттығулары
және
жаттықтырушылары, мультимедиялық объектілері,
қосымша
материалдарға сілтемелері, Ғаламтор ресурстары бар
тәжірибелік және
теориялық модульдерден тұрады. Оларға оқу үрдісінің негізгі
параметрлері бекітілетін терминологиялық
сөздік және электронды
журнал кіреді. Жұмыс уақыты, бақылау және тәжірибелік жұмыстарын
орындау нәтижесі, электронды ресурстар оқу үрдісіне оңай кірістіріледі
және әртүрлі оқу бағдарламаларына бейімделуі мүмкін.