Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»


Деректерді жинауды, орналастыруды, сақтауды



бет18/75
Дата31.10.2023
өлшемі2.2 Mb.
#481980
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   75
aparatty-zhjeler

Деректерді жинауды, орналастыруды, сақтауды, жинақтауды, түрлендіруді және ақпараттық жүйеге табыстауды ұйымдастыру

Ақпаратты жинау және тіркеу әртүрлі экономикалық объектілерде әртүрлі өтеді. Бұл ретте бастапқы ақпараттың растығына, толықтығы мен уақытылығына ерекше мән беріледі. Кәсіпорында ақпаратты жинау мен тіркеу әртүрлі шаруашылық операцияларды орындау кезінде (дайын өнімді қабылдау, тауарды жіберу, материалдарды қабылдау және тиеу және т.с.с.), банктерде



  • заңды және жеке тұлғалармен қаржы-кредиттік операцияларды орындау кезінде жүргізіледі. Есептік деректер жұмыс орындарында өнделген бөлшектердің, жинақталудан өткен дайын бұйымдардың санын есептеу, ақаулы өнімді айқындау кезінде және т.с.с. пайда болуы мүмкін. Ақпаратты сақтау және жинақтау оны бірнеше рет пайдалану қажеттілігіне, ақпараттың шартты- тұрақты, анықтамалық және басқа түрлерін пайдалануға, бастапқы деректерді оларды өндегенге дейін жинақтау қажеттілігіне байланысты. Ақпаратты сақтау және жинақтау ақпараттық базаларда белгілі бір түрде құрылымдалған ақпараттық ауқымдар түрінде машиналық тасығыштарда жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда ондаған терабайтта сақталатын ақпараттың көлемі шындыққа айналды. Мұндай көлемдегі ақпараттық ресурстар кейбір ірі корпорациялардың деректер қоймаларында жинақталған (мысалы, Жер бетінің спутниктік сандық фототүсірілімі нәтижелерін сақтау және өндеу жүйелері терабайт көлемдегі деректерді пайдаланады).
Сақтау және жинақтаумен деректерді іздеу, яғни сақталатын ақпараттан керекті деректерді іріктеу, соның ішінде түзетуге немесе ауыстыруға жататын ақпаратты іздеумен тікелей байланысты. Ақпаратты іздеу рәсімі пайдаланушының сұрауы негізінде автоматты түрде жүзеге асырылады.
Ақпаратты өндеу ДЭЕМ жекелей, мамандардың автоматтандырылған жұмыс орындары ұйымдастырылатын бастапқы ақпараттың пайда болу орындарында, сондай-ақ есептеу орталықтарында жүргізіледі. Ақпаратты өндеу барысында экраннан қарауға немесе баспа құрылғысына шығаруға болатын шығыс есептер құрастырылады.
Технологиялық процестерді жобалауда оларды іске асыру режимдеріне бағдарланады. Технологияны іске асыру режимі шешілетін міндеттердің көлемдік-шақтық ерекшеліктеріне және техникалық құралдардың режимдік мүмкіндіктеріне байланысты. Деректерді өндеудің кейбір режимдерін қарастырайық.
Топтамалық режимде есептеу процесін ұйымдастыру
39
пайдаланушының ЭЕМ қолжетімділігінсіз құрылады. Ақпаратты жинау мен тіркеу, енгізу мен өндеу уақыты бойынша сәйкес келмейді. Басында пайдаланушы ақпаратты жинайды, оны міндеттердің (шешім нәтижелерінің әрекет етуі ұзақ мерзімді оперативтік емес сипаттағы міндеттер) қандай да бір белгілері немесе түрлеріне сәйкес топтамаға құрастырады. Қабылдауды аяқтағаннан кейін ЭЕМ ақпаратты енгізу және өндеу жүргізіледі. Бұл режим әдетте ақпаратты өндеудің орталықтандырылған тәсілінде пайдаланылады.
Интерактивті режим пайдаланушының ақпараттық-есептеу жүйесімен тікелей өзара әрекет етуін көздейді, ЭЕМ сұрау (әдетте, регламент белгіленген) немесе диалог сипатында болады.
Диалогтық режим тапсырманы беру, жауапты алу және талдаудың қайталанатын циклын жүзеге асыра отырып, пайдаланушыға оған рұқсат етілген жұмыс қарқынында есептеу жүйесімен тікелей өзара әрекет ету мүмкіндігін ашады. Бұл ретте ЭЕМ ізделіп отырған нәтижені алу үшін пайдаланушыға қадамдардың реттілігін (мәзірді ұсынып) хабарлай отырып, диалогқа өзі бастамашы болуы мүмкін.
Сұрау салу режимі деп жүйеге бір рет жүгінуді түсінеді, одан кейін ол жауап беріп сөнеді, ал диалогтық режимде жүйе жауап беріп, пайдаланушының одан арғы әрекеттерін күтеді.
Деректерді өндеу орталықтандырылған, орталықтандырылмаған және үлестірілген болуы мүмкін.
Ақпаратты орталықтандырылған өндеу бірінші тарихи қалыптасқан ақпараттық технология болды. Ақпараттың үлкен ауқымын өндеуге, ақпаратты пайдаланушыларға жіберуге мүмкіндік беретін үлкен ЭЕМ жарақталған ұжымдық пайдаланудың ірі есептеу орталықтары құрылды. Деректерді орталықтандырылған өндеу қағидаты өндеу процесінің сенімділігі талаптарына жауап бермеді, жүйелердің дамуына кедергі жасап, көп пайдаланушылық режимде деректерді диалогтық өндеуде қажетті шақтық параметрлерді қамтамасыз ете алмады. Орталық ЭЕМ қысқа уақытқа істен шығуы бүтін жүйе үшін теріс салдарларға әкелді, өйткені деректерді өндеу жүйелерін жасау мен пайдалануға шығындарды елеулі ұлғайта отырып, орталық ЭЕМ функцияларын қайталауға тура келді.
Ақпаратты орталықтандырылмаған өндеу 1980-ші жылдары дербес компьютерлер мен телекоммуникация құралдарының пайда болуымен байланысты. Ол пайдаланушыға ақпаратпен жұмыс кезінде кең мүмкіндіктер бере отырып, орталықтандырылған ақпараттық технологияларды айтарлықтай ығыстырды. Дербес компьютерлердің пайда болуы деректерді өндеу жүйелерін ұйымдастыруға, жаңа ақпараттық технологияларды жасауға жаңа тәсілдемені талап етті. Деректерді орталықтандырылған өндеу

40
жүйелерінде жекелеген ЭЕМ пайдаланудан деректерді үлестірілген өндеуге ауысудың логикалық негізделген талабы пайда болды. Соңғысы пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандырудың тиімділігін арттыруға, олармен қабылданатын шешімдердің икемділігі мен жеделдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Деректерді үлестірілген өндеу деп қосымшаларды бірнеше аумақтық бөлінген ЭЕМ өндеуді түсінеді. Бұл ретте деректер базаларын өндеумен байланысты қосымшаларда деректер базасын басқару орталықтандырылып орындала алады. Деректерді үлестірілген өндеу (Distributed Data Processing, DDP) – қолданбалы бағдарламаларды жүйе тобымен орындау әдістемесі. Бұл ретте пайдаланушы бірнеше өзара байланысты абоненттік жүйелерде желілік қызметтермен және қолданбалы процестермен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.
Деректерді үлестірілген өндеу пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандырудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, олармен қабылданатын шешімдердің икемділігі мен жеделдігін қамтамасыз етеді.
Деректер ДБ орналастырылады. Базаларды әдетте жергілікті ДББЖ, яғни сол компьютерде орналасқан АЖ басқарады. Осындай бірнеше ДБ бір-бірінен үлкен қашықтықта болған кезде, оларды, яғни үлестірілген ДБ басқару міндеттерін шешу қажеттілігі туындайды. Мұндай міндеттерді шешу үшін ЭЕМ мен жергілікті ДББЖ және ДБ арасында байланыс арналары бойынша деректерді табыстау желісін ұйымдастырады, ал онда деректерді алмасудың техникалық және бағдарламалық қолдауын қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда деректер банкісін құрай алатын үлестірілген деректер базаларын басқаратын БҚ пайдаланады.
Үлестірілген деректер базалары (Distributed DataBase, DDB) - қандай да бір аумақта бытырап орналасқан (жергілікті немесе өңірлік) және олардағы ақпаратпен еркін алмасуды және деректерді іздеуді қамтамасыз ететін белгілі бір түрде өздері арасында байланысқан ДБ болып табылады. Үлестірілген деректер базасы деректерді басқару функцияларын бірнеше тораптарда сақтау мен орындауды және сұрауларды орындау процесінде осы тораптар арасында деректерді табыстауды болжайды. Үлестірілген деректер базасында деректерді бөлуге әртүрлі кестелерді әртүрлі компьютерлерде сақтау немесе бір кестенің әртүрлі бөліктері мен фрагменттерін әртүрлі компьютерлерде сақтау жолымен жетуге болады. Пайдаланушы немесе қолданбалы бағдарлама үшін деректер компьютерлер арасында қалайша бөлінгені маңызды емес. Үлестірілген деректер базасымен жұмыс орталықтандырылған деректер базасындағыдай жүзеге асырылады, яғни ДБ орналастыру айқын болуы тиіс.

41
Үлестірілген өндеу кезінде базамен жұмыс (деректерді ұсыну, оларды өндеу және б.) тұтынушы компьютерінде, ал деректер базасын өзекті күйінде ұстау – серверде жүргізіледі. Бұл ретте мұндай ДБ бірнеше серверлерде – компьютерлік желінің әртүрлі тораптарында орналасады, ал кейбір деректер қайталануы мүмкін.


Ортақ ДБ бөліктерін орналастыру артық немесе артық емес болады. Артық орналастыру кезінде бірыңғай ДБ бөліктерін (фрагменттерін) қайталау дәрежесін анықтайды. ДБ тұтастығын қолдау үшін оның барлық көшірмелерін үнемі түзетіп отыру керек. Оның бөліктерін сақтау құны ұлғайған кезде, қайталау артықшылықтары азаяды, бұл жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты.
Үлестірілген деректер базасын (ҮДБ) жасау екі міндетті – біріктіру мен орталықсыздандыруды бір мезгілде шешуге тырысудан болды.
Бірігу деректер базаларын орталықтандырылған басқару мен жүргізуді білдіреді. Орталықсыздандыру деректерді олар пайда болған және өнделетін жерде сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл ретте жүйенің құны төмендеп, оның сенімділік деңгейі ұлғаяды, сондай-ақ деректерді өндеу жылдамдығы артады.
Біртекті және біртекті емес үлестірілген деректер базаларын ажыратады. Біртекті үлестірілген деректер базаларында бір ДББЖ қолданады. Біртекті емес үлестірілген деректер базаларында әртүрлі ДББЖ қолданады. Бұл ретте негізгі проблема оларды біріктірудің күрделілігінде.
Сақтау және өндеу процесінде ақпараттың растығын қамтамасыз ету өте маңызды. Резервтік көшіру деректерді жоғалтудан қорғай алады және дискінің сынуы, электр қоректенудің іркілісі, зиянкестердің әрекеттері нәтижесінде деректерді жоғалтуды алдын алудың ең сенімді тәсілі болып табылады.
Деректерді жоғалтуды азайту және жоғалған деректерді қалпына келтіру үшін жүйені мәселе туындағанға дейінгі күйіне қайтаруы тиіс резервтік көшіру стратегиясы болуы қажет. Резервтік көшіру деректер базасын қатты дискіде немесе ақпараттың басқа тасығышында сақтайды. Деректерді сақтаудың барынша сенімділігін қамтамасыз ету үшін сыртқы тасығыштарға резервтік көшіруді ұдайы жүргізіп тұру қажет.
42



      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет