«Пациент темекі тартады» және «Қан қысымы орташадан жоғары» фактілері
жұмыс жиынтығында бар деп, ал жүйенің мақсаты пациенттің (пайдаланушының) ең ықтимал өмір ұзақтығын анықтау болып табылады деп ұйғарайық.
Тікелей тұжырымда жүйенің жұмысы мына түрде өтеді.
1-ші ережені қарайық. Оның шарты шынайы, өйткені конъюкцияның екі элементі де жұмыс жиынтығында бар. 1-ші ережені қолданамыз. Жұмыс жиынтығына «Тәуекел жоғары» фактісін қосамыз.
2-ші ережені қарастырайық. Оның шарты шынайы, өйткені шарттағы пайымдау жұмыс жиынтығында бар. 2-ші ережені қолданамыз. Жұмыс жиынтығына «Өмір ұзақтығы 60 жылдан кем»
69
фактісін қосамыз. Нысаналы пайымдау шығарылды.
Тұжырымның кері тәртібінде қорытындылар жұмыс жадында табылғанға дейін немесе пайдаланушыдан олардың бірін растайтын фактілер алынғанға дейін қаралады. Кері тұжырым бар жүйелерде алдымен
кейбір гипотеза шығарылып, содан кейін тұжырым тетігі жұмыс процесінде одан фактілерге өтіп кері қайтады және олардың ішінен осы гипотезаны дәлелдейтіндерді табуға тырысады. Егер растығы дәлелденсе, онда біріншісінің егжей-тегжейін ашатын және оған қатысты қосалқы мақсат болып табылатын келесі гипотеза таңдалады. Содан кейін бағынысты гипотезаның шынайылығын растайтын фактілер ізделеді. Мұндай тұжырымды
басқарылатын мақсаттар деп атайды. Кері іздеу мақсаттар мәлім және олар көп болмаған жағдайларда қолданылады.
Жағдайды жеңілдету үшін біз екі жағдайда да «Пациент темекі тартады» және «Қан қысымы орташадан жоғары» фактілер жүйеге мәлім деп топшыладық. Іс жүзінде жүйе кейбір ереженің шартына енетін фактінің шынайылығы немесе жалғандығын пайдаланушыдан сұрай отырып ережені қолдануға тырысқан сәтте анықтайды.
Келтірілген мысал қарапайым және сараптамалық жүйедегі тұжырымды ұйымдастырумен байланысты көптеген мәселелерді көрсетпейтін етіп әдейі таңдалды.
Атап айтқанда, мысалдан пайымдаудың тік тізбегі керіге қарағанда тиімдірек деген әсер қалдыруы мүмкін. Дегенмен ол олай емес. Тұжырымның осы не басқа стратегиясының тиімділігі міндеттің сипатына және білім базасының мазмұнына тәуелді. Диагностика жүйелерінде тікелей тұжырым жиі қолданылады, ал жоспарлаушы жүйелерде кері тұжырым тиімдірек болады. Кейбір жүйелерде тқжырым кері және шектеулі-тікелей тұжырымның үйлесуіне негізделеді. Осындай біріктірілген әдіс
циклдік деп аталады.