Құрылымдық тәсілдеменің мәнісі
АЖ әзірлеудегі құрылымдық тәсілдеменің мәнісі оның автоматтандырылатын функцияларға бөлшектеп байланыстырылуында: жүйе функционалдық қосалқы жүйелерге бөлінеді, олар өз кезегінде міндеттерге бөлінетін қосалқы функцияларға бөлінеді. Бөліну процесі нақты рәсімдерге дейін жалғастырылады. Бұл ретте автоматтандырылатын жүйе барлық құрама құрамдастары өзара байланысқан тұтас ұсынысты сақтайды. Жүйені жекелеген міндеттерден барлық жүйеге «төменнен- жоғарыға» әзірлеу кезінде тұтастық жоғалады, жекелеген құрамдастарды ақпараттық тоғыстыру кезінде проблемалар туындайды.
Жобаланатын жүйенің құрылымы оның қосалқы жүйелері арасындағы өзара әрекеттесу шектеулі стандартты шекке дестеленетіндей болуы тиіс:
әр қосалқы жүйе өз құрамын қапшықтауы тиіс (оны басқа қосалқы жүйелерден жасыруы тиіс);
әр қосалқы жүйе басқа қосалқы жүйелермен нақты интерфейске ие болуы тиіс.
Қапшықтау әр қосалқы жүйенің құрылымын басқа қосалқы жүйелерден тәуелсіз қарауға мүмкіндік береді. Интерфейстер әр қосалқы жүйені біртұтас ретінде қарастыра отырып, деңгейі жоғары жүйені құруға мүмкіндік береді.
Құрылымдық тәсілдеменің кең таралған әдіснамалары мына қағидаттарға негізделеді:
«бөл және биле» қағидаты – күрделі мәселелерді оларды түсіну және шешу үшін жеңіл көптеген шағын тәуелсіз міндеттерге бөлу жолымен шешу;
иерархиялық ретке келтіру қағидаты – мәселенің құрама бөліктерін әр деңгейде жаңа бөлшектерді қосумен дарақ тәрізді иерархиялық құрылымдарға ұйымдастыру.
Құрылымдық талдауда жүйемен орындалатын функцияларды және деректер арасындағы қатынастарды көрсететін құралдар тобын пайдаланады.
Әр құралдар тобына үлгілердің (диаграммалардың) белгілі бір
94
түрлері сәйкес келеді, олардың ішінен ең таралғаны болып мыналар табылады:
SADT (Structured Analisis and Design Technique —
құрылымдық талдау және жобалау әдісі) — үлгілер және тиісті диаграммалар;
—ERD (Entity-Relationship Diagrams) — «мән-байланыс» диаграммалары (деректер үлгісі.
Санамаланған үлгілер жиынтығында АЖ істегі немесе жаңадан әзірленіп жатқандығына тәуелсіз АЖ толық сипаттамасын береді. Әр нақты жағдайдағы диаграммалар құрамы жүйені сипаттаудың қажетті толықтығына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |