Ақпараттық жүйелердің құрамы және құрылымы
Ақпараттық жүйелердің негізгі түсініктері
Жалпы мағынада жүйе деп – біршама тұтастықты құрайтын, табиғаты ерікті объектілердің, құрамдастардың немесе элементтердің жиынтығын атайды (білім беру жүйесі, ас қорыту жүйесі, күн жүйесі және т.б.). Кейбір жиынтықты жүйе ретінде бөліп шығарудың айқындаушы алғышарты онда оны құрайтын элементтерінде жоқ жаңа қасиеттердің туындауы болып табылады. Жүйелер өз арасында құрамы бойынша, сонымен бірге қызмет ету мақсаттары бойынша айтарлықтай ажыратылады.
Жүйенің жалпылама үлгісі деп «қара жәшікті» санайды. Бұл жағдайда жүйе – ішкі құрылысы талдаушыдан жасырылған немесе белгісіз тікбұрыш түрінде болады. Алайда жүйе сыртқы ортадан толығымен оқшауланған болып табылмайды, өйткені соңғысы жүйеге біршама ақпараттық немесе материалдық ықпал жасайды. Мұндай ықпалдар кіріс ықпал деп аталады. Өз кезегінде, жүйе басқа жүйелерге белгілі бір ақпараттық немесе материалдық ықпал жасайды, олар шығыс ықпалдар деген атауға ие болды. Бұл үлгінің графикалық бейнесі 1.1. суретте берілген.
«Жүйе» ұғымына «ақпараттық» сөзін қосу – оны құру мен қызмет етуінің мақсатын көрсетеді. Ақпараттық жүйенің тағайындалуы – шешімдерді қабылдау үшін рас ақпаратты уақытылы қалыптастыру және беру. Ақпараттық жүйелер ақпаратты жинауды, сақтауды, өндеуді, іздеуді және кез келген саладағы міндеттерде беруді қамтамасыз етеді. Олар ақпаратты талдауға, мәселелерді шешуге және жаңа ақпараттық өнімдерді жасауға көмектеседі.
А қ п а р а т — бұл қоршаған ортаның объектілері, құбылыстары, процестері, оқиғалары туралы білімнің белгісіздігін азайтатын қоршаған ортаның объектілері, құбылыстары, процестері, оқиғалары туралы мәліметтер.
5
Нұсқаулықтар, нормативтік материалдар,
Достарыңызбен бөлісу: |