ОҚулық-Әдістемелік материалдар



бет6/6
Дата09.06.2016
өлшемі489.5 Kb.
#123923
1   2   3   4   5   6

Бақылау сұрақтары:

1 Стандарттар көрсеткіштерінің қандай түрлерін білесіздер?

2 Стандарттардың айлық көрсеткіштерінің басылу мерзімі қандай?

3 Стандарттардың айлық көрсеткіштерінің негізгі мазмұнында қандай ақпарат беріледі?

4 Стандарттардың айлық көрсеткіштерінің қосымшаларында қандай ақпарат беріледі?

5 Қандай стандарттар көрсеткіштерінде бекітілген стандарттар жайында мәліметтер келтіріледі?

6 Қандай стандарттар көрсеткіштерінде өзгертулер енгізілген стандарттар жайында мәліметтер келтіріледі?

7 Қандай стандарттар көрсеткіштерінде күшін жойған стандарттар жайында мәліметтер келтіріледі?

8 Қандай стандарттар көрсеткіштерінде стандарттарға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар мәтіндері жөнінде мәліметтер келтіріледі?

9 Стандарттардың жылдық көрсеткіштерінің басылу мерзімі қандай?

10 Стандарттардың жылдық көрсеткіштері неше нөмірден немесе томдардан тұрады?

11 Стандарттардың жылдық көрсеткіштеріне қандай стандарттар кіреді?

12 Стандарттардың жылдық көрсеткіштерінде стандарттар қандай принциппен топтастырылған?
№11 тәжірибелік сабақ
«Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы.

Сәйкестікті растау аймағындағы ұғымдар
Сабақтың мақсаты: «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңының сәйкестікті растау аймағындағы негізгі ұғымдарын оқып үйрену.

Қолданылатын әдебиеттер:

«Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы



Тапсырма:

1 Заңның бірінші бабын және осы заңда пайдаланылатын сәйкестікті растау аймағындағы негізгі ұғымдарды оқып үйрену.

2 Жазбаша келесі сұрақтарға жауап беру:

2.1 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңында қандай негізгі ұғымдар қолданылады?

2.2 Берілген заң бойынша қандай қарым-қатынастар реттеледі?

2.3 Келесі терминдердің мазмұнын ашыңыз: «сертификаттау», «сәйкестікті ерікті растау», «сәйкестік туралы декларация», «сәйкестік белгісі», «сәйкестікті міндетті растау», «сәйкестік сертификаты»?

3 Бақылау сұрақтарына жауап беру.

Бақылау сұрактары:

1 Заңның бірінші бабында қандай ұғымдар қарастырылады?


№12 тәжірибелік сабақ
Өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібі
Сабақтың мақсаты: Өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібімен танысу.

Қолданылатын әдебиеттер:

«Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламенті.



Тапсырма:

1 Өнімді сертификаттау кезінде негізгі операцияларға көңіл аудару.

2 Өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібі келтірілген:

1) сертификаттауға өтінім беру және оны қарау;

2) өтінім бойынша шешім қабылдау, оның ішінде схеманы таңдау;

3) сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған шарт жасасу;

4) үлгілерді іріктеу, сәйкестендіру және оларды сынау;

5) өндіруді бағалау (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе);

6) алынған нәтижелерді талдау мен Сертификат беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешім қабылдау;

7) Сертификатты мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде тіркеу;

8) Сертификат беру;

9) сертификатталған объектіні инспекциялық бақылауды жүзеге асыру (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе);

10) сертификаттау нәтижелері туралы ақпарат ұсыну.

3 Осы тәртіп бойынша оқытушы берген тапсырмаға сай негізгі құжаттамаларды толтыруды үйрену.


Бақылау сұрақтары:

1 ҚР МСЖ өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібінің тізбектілігі қандай?

2 Өтінім беру және оны қарай ережелерін атаңыз?

3 Қандай ережелер бойынша үлгілерді іріктеу жүргізіледі?

4 Сертификаттау мақсатымен өнімді сынау қалай жүргізіледі және оларды кім жүргізеді?

5 Сәйкестік сертификатын беру қалай жүргізіледі?

6 Сертификатталған объектіні инспекциялық бақылау жүзеге қалай асырылады?
№13 тәжірибелік сабақ
Қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібі
Сабақтың мақсаты: Қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібімен танысу.

Қолданылатын әдебиеттер:

«Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламенті.



Тапсырма:

1 Қызметтерді сертификаттау кезінде негізгі кезеңдерге көңіл аудару.

2 Қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібі келтірілген:

1) Органға сертификаттауға өтінім беру;

2) өтінім бойынша шешім қабылдау;

3) сертификаттау схемасын таңдау;

4) Орган мен өтінім берушінің арасындағы сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шартты ресімдеу;

5) қызметтердің сынағын (тексерісін) және қызмет көрсету, орындаушының шеберлігі, кәсіпорынды аттестаттау, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау үдерісін бағалауды жүргізу;

6) алынатын нәтижелерді талдау мен Сертификат берудің мүмкіндігі туралы шешім қабылдау;

7) берілген сертификаттардың тізіліміне тіркеу;

8) Сертификат беру;

9) сертификаттау жөніндегі қызметке инспекциялық бақылау жүргізу (сертификаттау схемасына сәйкес).

3 Осы тәртіп бойынша оқытушы берген тапсырмаға сай негізгі құжаттамаларды толтыруды үйрену.


Бақылау сұрақтары:

1 ҚР МСЖ қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібінің тізбектілігі қандай?

2 Өтінім беру және оны қарай ережелерін атаңыз?

3 Қандай ережелер бойынша қызметтердің сынағын (тексерісін) және қызмет көрсету, орындаушының шеберлігі, кәсіпорынды аттестаттау, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау үдерісін бағалауды жүргізу орындалады?

4 Сертификаттау мақсатымен қызметтерді сынау қалай жүргізіледі және оларды кім жүргізеді?

5 Сәйкестік сертификатын беру қалай жүргізіледі?

6 Сертификаттау жөніндегі қызметке инспекциялық бақылауды қалай жүргізеді?
№14 тәжірибелік сабақ
Өнімді және қызметтерді сертификаттау схемалары
Сабақтың мақсаты: Өнімді және қызметтерді сертификаттау схемаларын оқып меңгеру.

Қолданылатын әдебиеттер:

«Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламенті.



Тапсырма:

1 Өнімдерді және қызметтерді сертификаттау схемаларының ерекшеліктеріне көңіл бөлу.

2 Біртекті өнімдер топтарын және қызметтерді сертификаттаған кезде қолданылатын әртүрлі схемаларының артықшылықтары мен кемшіліктерімен танысу.

3 Оқытушының тапсырмасы бойынша әртүрлі схемаларды пайдаланып, белгілі өнімдер топтарына және қызмет түрлеріне сертификаттауды жүргізу.

4 Бақылау сұрақтарына жауап беру.
Бақылау сұрақтары:

1 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 1-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері.

2 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 2-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері.

3 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 3-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері.

4 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 4-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері.

5 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 5-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері.

6 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 6-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері.

7 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 7-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері.

8 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 8-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері.

9 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 9-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері.

10 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 10-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері.

11 Қызметтерді сертификаттау схемаларының ерекшеліктері қандай?


№15 тәжірибелік сабақ
Шетелдік өнімдерді сертификаттау тәртібі
Сабақтың мақсаты: Шетелдік өнімдерді сертификаттау тәртібімен танысу

Қолданылатын әдебиеттер:

ҚР СТ 3.9 «ҚР МСЖ. Шетелдік өнімдерді сертификаттау».



Тапсырма:

1 Шетелдік өнімдерді сертификаттауды жүргізу мақсаттарын анықтау.

2 ҚР СТ 3.9 қолданып, оқытушының тапсырмасы бойынша сертификаттауға қажетті құжаттамаларды толтыру.

3 Бақылау сұрақтарына жауап беру.


Бақылау сұрақтары:

1 ҚР МСЖ шетелдік өнімдерді сертификаттау кезінде қандай процедуралар орнатылған?

2 Шетелдік өнімдерді сертификаттау тәртібі қандай?

3 Кедендік бақылауды жүргізу үшін қандай құжаттар қолданылуы керек?

4 Өтініммен бірге қандай құжаттар болуы қажет?

5 Шетелдік сертификатты мойындамауы туралы шешімді қабылдаған кезде сәйкестікті растау органдарының әрекеттері қандай?

6 Өтінуші мен сәйкестікті растау органдары арасындағы түсініспеушіліктер қандай жолмен шешіледі?
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1 «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы (2000 жылдың 7 маусымы № 53-11 ( 09.06.2004 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)

2 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11 (05.07.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)

3 Крылова Г.Д. «Основы стандартизации, сертификации и метрологии» - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с.

4 Тазабеков К.А. Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. - Алматы, 2003. - 450 с.

5 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б.

6 «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламенті, 2008 ж.

3 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ
3.1 Студенттердің өзіндік жұмысың ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар

Өзіндік жұмысын орындау кезінде студент нақты тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттерді қалданады, материалды өз бетімен игереді, зерделеген материалдың қысқаша мазмұнын дәптерге түсіреді. СОӨЖ сабағында студент жазбаларын оқытушыға көрсетеді, ал оқытушы оны бағалайды.

3.2 Рефераттар тақырыптарының тізімі немесе студенттердің білімін бақылау үшін арналған бақылау сұрақтары және т.б.

Рефераттар тақырыптары.

1 Стандарттаудың заңнамалық базасы

2 Халықаралық стандарттау

3 Нормативтік құжат-тарды қолдану және олардың талаптары-ның сипаттары

4 Стандарттау әдістері. Унификациялау және агрегаттау

5 Қазақстан Республика-сындағы стандарттау-дың қазіргі жағдайы

6 Стандарттаудың экономикалық және әлеуметтік мәселелері

7 Сертификаттаудың заңнамалық базасы

8 Физикалық шамалар және олардың өлшем бірліктері. Физикалық шамалар шкалалары



9 Өлшеу нәтижелерін бағалау

10 Өлшеу қателіктерінің түрлері

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет