ОҚулық-Әдістемелік материалдар


Лекция 15. Өнімдердің сәйкестігін растау



бет5/6
Дата09.06.2016
өлшемі489.5 Kb.
#123923
1   2   3   4   5   6

Лекция 15. Өнімдердің сәйкестігін растау.
Лекцияның мазмұны

1 Өнімдердің сәйкестігін растау схемалары

2 Сәйкестікті растау тәртібі

3 Сәйкестік декларациясын қабылдау тәртібі


Лекцияның қысқаша конспекті
Өнімдердің сәйкестігін растау схемалары.

Өнімді сертификаттау Мемлекеттік сертификаттау жүйесімен тағайындалған схемалар бойынша жүргізіледі.



Сертификаттау схемасы үшінші жақтың өнімнің сәйкестігін бағалау кезіндегі іс-әрекеттерінің құрамы мен кезектілігін белгілейді.

Сертификаттау жүйесімен бірнеше сертификаттау схемалары қарастырылған. Схеманы таңдап алу кезінде нақты өнім өндірісінің, оны сынау және қолданудың рекшеліктері ескерілу керек. Бұлармен қатар куәландыру деңгейіне қойылатын талаптар және өтінушінің шығындарының мөлшері ескеріледі.

Қазақстан Республикасында қолданылатын сертификаттау схемалары 2- таблицада берілген.

Таблицадан растау әдістері ретінде:



  • сынау;

  • қосылған құжаттарымен бірге сәйкестік туралы декларацияны қарастыру;

  • өндірістің жай-күйін талдау;

  • инспекциялық бақылау қолданылатынын көруге болады.

2- таблица. Қазақстан Республикасында қолданылатын сертификаттау

схемалары


Схема номері

Сәйкестікті

растау әдісі



Өндірісті тексеру

Инспекциялық бақылау

Сертификаттың күшінде боле мерзімі, артық емес

Ескерту

1

2

3

4

5

6

1

Типін сынау1

-

-

6 ай

Маркалау жүргізілмейді

2

Типін сынау

Өндірістің жай-күйін талдау

Сатушыдан алынған үлгілерді сынау. Өндірістің жай-күйін талдау

12 ай

Осы типтің барлық шығарылған өнімдері маркланады

3

Типін сынау

Өндірістің жай-күйін талдау

Шығарушыдан алынған үлгілерді сынау. Өндірістің жай-күйін талдау

12 ай

-«-

4

Типін сынау

Өндірістің жай-күйін талдау

Сатушыдан алынған үлгілерді сынау. Шыға-рушыдан алынған үлгі-лерді сынау. Өндірістің жай-күйін талдау

18 ай

-«-

5

Типін сынау

Өндірісті немесе сапа жүйесін сертификаттау

Сатушыдан алынған үлгілерді сынауҮ. Шығарушыдан алынған үлгілерді сынау. Өнді-рісті (сапа жүйесін) бақылауҮҮ

36 ай

-«-

6

Типін сынау

Сапа жүйесін сертифи-каттау

Сапа жүйесін бақылауҮҮ

36 ай

Маркалау жүргізілмейді

7

Партияны сынау

-

-

Партияны босату мерзімі

Маркалау жүргізілмейді

8

Әр өнімді сынау

-

-

Тағайындал-майды

Әр өнім маркаланады

9

Қосылған құжаттарымен бірге сәйкестік туралы деклараци-яны қарастыру



-

-

Өнімнің жарамдылық мерзімі, бірақ 12 айдан артық емес

Маркалау жүргізілмейді

1

2

3

4

5

6

10

Қосылған құжаттарымен бірге сәйкестік туралы декларацияны қарастыру

Өндіріс-тің жай-күйін талдау

-

12 ай

Маркалау жүргізілмейді

1 Шығарылатын өнімді оның типтік өкілі болып табылатын бір немесе бірнеше үлгілерінің сәйкестігін растау негізінде сынау.

Ү Сынаудың қажеттілігін және көлемін өнімді сертификаттау жөнінднгі орган сертификатталған сапа жүйесін (өндірісті) бақылау нәтижесі бойынша анықтайды.

** Өндіріске немесе сапа жүйесіне сертификат берген орган жүзеге асырады.

1 – 6 және 10- сертификаттау схемалары сериялап шығарылатын өнімдерді сертификаттауда қолданылады, 7 – 9 схемалар – шығарылып жатқан өнімді сертификаттауда қолданылады.

Өнімді сәйкестігін растау тәртібі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің нормативтік құжаттары төмендегі өнімді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу ретін қарастырады:



  1. өтінімші сертификаттау жөніндегі органға өтінім береді;

  2. өтінімді қарастыру нәтижесі бойынша шешімді өтінушіге жіберу;

  3. өтінуші және сертификаттау жөніндегі орган арасында өнімді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге келесім-шарт өңдеу;

  4. сертифаттауы сұралатын өнімнің үлгілерін таңдап алу, оларды идентификациялау және сынақ зертханаларына жеткізу;

  5. сертифаттауы сұралатын өнімнің үлгілеріне сертификаттау сынағын және басқа жұмыстарды жүргізу;

  6. өндірістің жай-күйін талдау (таңдалған схемаға сәйкес);

  7. алынған нәтижелерді талдау және сәйкестік сертификатын беру мүмкүндігі бойынша шешім қабылдау;

  8. сәйкестік сертификатын беру және оны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізіліміне тіркеу;

  9. сертификаттаудан өткен өнімді сәйкестік Белгісімен маркалау;

  10. өнімгің сертификатталған сипаттарының және сапаны қамтамасыз eту жүйесінің жұмысының үстінен инспекциялық бақылау жүргізу.

Кейбір схемалар бойынша сертификаттау кезінде кейбір кезеңдер қарастырылмауы мүмкүн.
Сәйкестік туралы декларацияны қабылдау тәртібі.

Өнімнің сәйкестігін сәйкестік туралы декларацияны қабылдау арқылы растау рәсімі отандық тауар өндірушілерді қолдау және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сертификаттауға жұмсалатын шығындарды азайту мақсатында енгізілген.

Бірақ өнімнің сәйкестігін сәйкестік туралы декларацияны қабылдау арқылы растау отандық өнімдерге ғана таралады және импортталатын өнімдерге қолданылмайды.

Сәйкестік туралы декларация міндетті сертификаттауға жататын және «Сәйкестігін сәйкестік туралы декларацияны қабылдау арқылы растау рұқсат етілген өнімдердің Тізіліміне» енгізілген өнімдерге қатысты қолданылады.

Өнімді жеткізуші (шығарушы, сатушы) сәйкестік туралы декларацияны өнімнің өзіне қойылатын талаптарға сәйкес келетінінрастайтын құжаттардың негізінде қабылдайды. Мұндай құжаттарға жатады:


  • өнімнің үстінен шығарушымен (тапсырушымен) және (немесе) компетентный сынақ зертханаларымен жүргізілген бақылау сынақтарының хаттамалары;

  • өнімге бұрыннан берілген күшіндегі сәйкестік сертификаттар және (немесе) шикізатты, материалдарды, комплекттеуші бұйымдарды сынау хаттамалары;

  • стандарттардың талаптарының орындалуын мемлекеттік қадағалау актілері (стандарттардың талаптары бұзылмаған жағдайда);

  • өнімнің (шикізаттың, өндіріс процесінің, буыпөтүю, маркалаудың) тағайындалған талаптарға сәйкестігін растаушы құжаттар, сапа жүйесінің немесе шығарушы кәсіпорынның өндірісінің сәйкестік сертификаты және т.б.

Сәйкестік туралы декларация нақты өнім немесе олардың сәйкестікті растайтын бірыңғай талаптар қойылатын біртекті өнімдер топтарына қатысты қабылдануы мүмкүн.

Сәйкестік туралы декларация Мемстандартпен бекітілген форма бойынша толтырылады.


Бақылау сұрақтары:

1 Сәйкестікті растау схемасы нені білдіреді?

2 Сәйкестікті растау тәсілі ретінде нелер қолданылады?

3 Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі неше схема қолданылады?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с.

2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с.

2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
№ 1 тәжірибелік сабақ
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы. Негізгі ұғымдар
Сабақтың мақсаты: «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңының негізгі ұғымдарын оқып үйрену.

Қолданылатын әдебиеттер:

«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы.



Тапсырма:

1 Заңның бірінші бабын және осы заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдарды оқып үйрену.

2 Жазбаша келесі сұрақтарға жауап беру:

2.1 «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету» туралы ҚР заңында қандай негізгі ұғымдар қолданылады?

2.2 Берілген заң бойынша қандай қарым-қатынастар реттеледі?

2.3 Келесі терминдердің мазмұнын ашыңыз: «өлшеу», «өлшеу құралдары», «өлшеу бірлігі», «өлшеу құралдарын сынау», «өлшеу құралдарын калибрлеу», «өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік-құжаттар», «өлшеу құралдарын салыстырып тексеру»?

3 Бақылау сұрақтарына жауап беру.
Бақылау сұрактары:

1 Заңның бірінші бабында қандай сұрақтар қарастырылады?

2 Заңның қабылданған уақытын айтыңыз?

3 Осыдан бұрын осы заңға сәйкес заң қабылданды ма? Егер қабылданса ол қай жылы және заң қалай аталды?


№2 тәжірибелік сабақ
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы. Жалпы ережелер
Сабақтың мақсаты: «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңының жалпы ережелерін окып үйрену.

Қолданылатын әдебиеттер:

«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы.



Тапсырма:

1 Заңның 2-5 бабтарын оку.

2 Жазбаша келесі сұрақтарға жауап беру:

2.1 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заң шығарғанда қандай жағдайға негізделеді?

2.2 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңнын әрекет ету аумағын

көрсетіңіз?

2.3 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мақсаты қандай?

2.4 Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша уәкілетті мемлекеттік органның негізгі функцияларын айтыныз?

3 Бақылау сұрақтарына жауап беру.
Бақылау сұрақтары:

1 «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңынын таралу аймақтарын айтыныз?

2 Қазакстан Республикасындағы өлшем бірлігін қамтамасыз етудегі баскару әрекеттерін қандай мемлекеттік орган жүзеге асырады?

3 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаттарын атаңыз?


№3 тәжірибелік сабақ
Өлшеу қателіктері
Сабактың мақсаты: Өлшеу қателіктерінің түрлерін оқып үйрену.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1 Крылова Г.Д. «Основы стандартизации, сертификации и метрологии» - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с.

2 Тазабеков К.А. Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. - Алматы, 2003. - 450 с.

Тапсырма:

1 Өлшеу қателіктерінің түрлеріне дәріс бойынша дайындалу.

2 Өлшеу қателіктерінің жіктелуі кестесін жұмыс дәптеріне салу.

3 Бақылау сұрақтарына жауап беру.



Бақылау сұрақтары:

1 Өлшеу қателіктері неше нышан бойынша жіктеледі?

2 Өлшеу қателіктерінің жіктелу нышандарын атаныз?

3 Қандай қателіктер кездейсок деп аталады?

4 Қандай қателіктер систематикалыққа (жүйелікке) жатады?

5 Қателесу дегеніміз не?

6 Өрескел (дөрекі) қателік дегеніміз не?

7 Сыртқы қандай факторлар әсер етеді?


№4 тәжірибелік сабақ
Метрологиялық қызмет
Сабактың мақсаты: Метрологиялық қызметтің құрылымымен танысу

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1 Крылова Г.Д. «Основы стандартизации, сертификации и метрологии» - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с.

2 «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы.

3 Тазабеков К.А. Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. - Алматы, 2003. - 450 с.



Тапсырма:

1 Заңдағы 3 тараудың баптарын оқып меңгеру

2 Мемлекеттік метрологиялық қызметтің функцияларын білу.

3 Уақыт және жиілік мемлекеттік қызметінің мақсаттары мен міндеттемелерін оқу

4 Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерінің мемлекеттік қызметінің функцияларын білу.

5 Заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары және қасиеттері туралы стандарттық анықтама деректердің мемлекеттік қызметінің мақсаттары мен міндеттерін оқып үйрену.

6 Мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметінің функцияларын оқып меңгеру.

7 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлардың қызметін білу.

8 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында консалтингтік қызметтер көрсететін заңды тұлғалардың басты міндеттерін оқып меңгеру.
Бақылау сұрақтары:

1 ҚР метрологиялық қызметтің құрылымы қандай?

2 Мемлекеттік метрологиялық қызмет.

3 Уақыт және жиілік мемлекеттік қызметінің мақсаттары неде?

4 Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерінің мемлекеттік қызметінің қандай функцияларын білесіздер?

5 Заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары және қасиеттері туралы стандарттық анықтама деректердің мемлекеттік қызметінің мақсаттары мен міндеттері қандай?

6 Мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметінің функцияларын атыңыз?

7 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлардың функциялары неде?

8 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында консалтингтік қызметтер көрсететін заңды тұлғалар қандай жұмыс атқарады?
№5 тәжірибелік сабақ
Мемлекеттік метрологиялық бақылау
Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың объектілері мен қатысты Заң бабтары мен танысу.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1 Крылова Г.Д. «Основы стандартизации, сертификации и метрологии» - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с.

2 «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы.

3 Тазабеков К.А. Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. - Алматы, 2003. - 450 с.



Тапсырма:

1 Заңдағы 5-ші тарауды меңгеру.

2 Мемлекеттік метрологиялық бақылау нысандарының сызбанұсқасын салу.

3 Бақылау сұрақтарына жауап беру.



Бақылау сүрақтары:

1 Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың мақсаты неде?

2 Түрлі нысандарға Мемлекеттік метрологиялык бақылау жүргізу кезінде қандай жұмыстар атқарылады?

3 Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың қандай объектілерін білесіздер?

4 Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың аясы қандай?

5 Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың түрлерін атаңыздар?

6 Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары қандай?
№6 тәжірибелік сабақ
«Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы.

Стандарттау аймағындағы ұғымдар
Сабақтың мақсаты: «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңының стандарттау аймағындағы негізгі ұғымдарын оқып үйрену.

Қолданылатын әдебиеттер:

«Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы



Тапсырма:

1 Заңның бірінші бабын және осы заңда пайдаланылатын стандарттау аймағындағы негізгі ұғымдарды оқып үйрену.

2 Жазбаша келесі сұрақтарға жауап беру:

2.1 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңында қандай негізгі ұғымдар қолданылады?

2.2 Берілген заң бойынша қандай қарым-қатынастар реттеледі?

2.3 Келесі терминдердің мазмұнын ашыңыз: «стандарттау», «стандарт», «мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі», «мемлекеттік стандарт», «стандарттау жөніндегі нормативтік құжат», «стандарттау жөніндегі техникалық комитет», «мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімі»?

3 Бақылау сұрақтарына жауап беру.
Бақылау сұрактары:

1 Заңның бірінші бабында қандай ұғымдар қарастырылады?

2 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін не құрайды?
№7 тәжірибелік сабақ
ҚР техникалық реттеу жүйесінің заңнамалық

негізінің құрылымдық элементтері
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесінің заңнамалық негізінің мазмұны мен құрылымдық элементтерін оқып меңгеру.

Қолданылатын әдебиеттер:

«Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы



Тапсырма:

1 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңын қабылдау мен бекіту тәртібімен танысу.

2 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңының негізгі құрылымдық элементтерін оқып меңгеру.

3 Бақылау сұрақтарына жауап беру.


Бақылау сұрақтары:

1 Қазақстан Республикасында стандарттау саласы бойынша осы күнге дейін қанша заң қабылданды?

2 Стандарттау саласындағы ең алғашқы заң қашан қабылданды және оның толық атауы қандай?

3 Қазақстан Республикасында стандарттау саласындағы басқа заңдары қашан қабылданды?

4 Стандарттау саласындағы қандай заңның қазіргі уақытта күші бар?

5 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңын қабылдау тәртібі мен енгізу күні қандай?

6 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңын құрудың мақсаттарын атаңыз.

7 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңында қандай негізгі құрылымдық элементтер бар?


№8 тәжірибелік сабақ
Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы
Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымымен танысу

Қолданылатын әдебиеттер:

«Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы



Тапсырма:

1 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымын оқып меңгеру.

2 Техникалық реттеу аймағындағы ҚР Үкіметінің құзыреттілігін білу.

3 Өкілетті органның құзыреттілігін білу.

4 Техникалық реттеу аймағындағы мемлекеттік органдардың құзыреттілігін білу.

5 Техникалық реттеу аймағындағы сараптамалық кеңестердің міндеттерін оқып меңгеру.

6 Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің негізгі функцияларын білу.

7 Сәйкестікті растау органдарының атқаратын қызметтерімен танысу.

8 Зертханалардың құқықтары мен міндеттерін білу.

9 Ақпараттық орталықтың функцияларын білу.

10 Сарапшы-аудиторлардың құзыреттілігі оқып меңгеру.

Бақылау сұрақтары:

1 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы қандай?

2 Техникалық реттеу аймағындағы ҚР Үкіметінің құзыреттілігін атаңыз.

3 Өкілетті органның құзыреттілігін неде?.

4 Техникалық реттеу аймағындағы мемлекеттік органдардың құзыреттілігін атап шығу.

5 Техникалық реттеу аймағындағы сараптамалық кеңестердің міндеттері қандай?

6 Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің негізгі функциялары неде?.

7 Сәйкестікті растау органдарының қандай атқаратын қызметтерін білесіздер.

8 Зертханалардың құқықтары мен міндеттері қандай?.

9 Ақпараттық орталықтың негізгі функциялары.

10 Сарапшы-аудиторлардың құзыреттілігін атап шығу.
№9 тәжірибелік сабақ
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар
Сабақтың мақсаты: Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды оқып меңгеру.

Қолданылатын әдебиеттер:

«Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы



Тапсырма:

1 Оқытушы берген нұсқа бойынша тапсырманы орындап, 1 кестені толтыру:

-стандарттау нысанын және нормативтік құжаттың түрін табу;

-негізге алынатын стандарттарға тән ерекшелік элементтерін табу;


1 кесте

НҚ белгіленуі


НҚ атауы


НҚ түрі


НҚ бекіту күні


НҚ енгізу күні


Құрылымдық элементтер


Ескерту












































2. Бақылау сұрақтарға жауап беру.
Бақылау сұрақтары:

1 Техникалық реттеу саласындағы қандай негізге алынатын нормативтік құжаттардың Қазақстан Республикасының аймағында күші бар?

2 Нормативтік құжаттамалардың қандай түрлері бар?

3 Нормативтік құжаттамаларда қандай талаптар орнатылады?

4 Негізге алынатын стандарттардың нысаны не?

5 Негізге алынатын стандарттарды әзірлеуге негіз болып не табылады?

6 Төменде келтірілген қандай стандарттар негізге алынатын стандарттарға жатады: МЕСТ 1.0; МЕСТ Р 5798; ТШ19РК2365; ССТ 3498 ; МЕСТ 2.11; ҚР СТ 5.0 ; ИСО 6587; МЕСТ Р 1.0; ҚР СТ 2.0; ҚР СТ 3.0 ; РСТ Каз. ССР 5432 ; ФС РК 56770984 ЖШС; СК 001; ИСО СТ 5432;

7 Техникалық реттеу саласында қандай органдар НҚ әзірлейді және бекітеді?


№10 тәжірибелік сабақ
Стандарттардың айлық және жылдық көрсеткіштері
Сабақтың мақсаты: Стандарттардың айлық және жылдық көрсеткіштерімен танысу

Қолданылатын әдебиеттер:

Стандарттардың айлық көрсеткіштері; Стандарттардың жылдық көрсеткіштері



Тапсырма:

1 Стандарттардың айлық көрсеткіштерінің белгіленуін орнату.

2 Стандарттардың жылдық көрсеткіштерінің белгіленуін орнату.

3 Стандарттардың айлық көрсеткіштерінің құрылымын оқып меңгеру.

4 Стандарттардың жылдық көрсеткіштерінің құрылымын оқып меңгеру.

5 Оқытушы берген материалдарға сәйкес 1 және 2 кестеллерді толтыру.

6 Бақылау сұрақтарына жауап беру.
1 кесте

Көрсеткіштердің шыққан жылы

Көрсеткіштің №

Осы жылы нөмірлердің саны

Осы көрсеткіштің нөмірінде қандай ақпарат берілген

Көрсеткіштің құрылымдық элементтері
















2 кесте

Көрсеткіштердің шыққан жылы

Жылдық көрсеткіші неше томнан тұрады

Жылдық көрсеткішінің 1 томында қандай ақпарат келтірілген

Жылдық көрсеткішінің 2 томында қандай ақпарат келтірілген

Жылдық көрсеткішінің 3 томында қандай ақпарат келтірілген

Жылдық көрсеткішінің соңғы томында қандай ақпарат келтірілген





















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет