Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет65/158
Дата01.07.2023
өлшемі3.83 Mb.
#475485
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   158
операциялық жуйелер

92
 
анықталады.
Егер тапсырманы орындау уақыты ұзақ болса (сағат немесе күн), 
онда диалогтық режиммен жұмыс жасау ақылға қонымсыз, өйткені 
тапсырма орындалу кезінде терминалда оператор отыру керек. 
Бұл жағдайда операторға жүктемені азайтудың бір тәсілі — 
тапсырманы пакеттік режимде орындалатындай етіп құрастыру. 
Пакеттік режимде барлық қажет деректер мен параметрлер 
тапсырмасы пакеттік режимде орындалар алдында дайындалады. 
Тапсырманың орындалуы оператордың қатысуынсыз жүргізіледі, ал 
барлық диагностикалық хабарламалар және қате туралы хабарламалар 
орындалу хаттамасы файлында жинақталады. Диагностикалық 
хабарламалар пакеттік режимде пайда болуына байланысты 
терминалға шығарылуы мүмкін, бірақ пайдаланушыға тапсырма 
орындалып болғаннан кейін экранға шығарылған тек соңғы хабарлама 
ғана қолжетімді болады. Егер диагностикалық хабарламалар саны 
терминал жолақтарының санынан асып кетсе, бірінші хабарламалар 
автоматты түрде өшіріліп қалады.
Тапсырмаға орындалмай тұрып мәліметтерді беру үшін тапсырма 
параметрлері қолданылады. Егер тапсырма командалық жолақ 
интерфейсі болып саналатын командалық интерпретатормен өңделсе, 
тапсырма параметрлері командалық жолақ параметрлері ретінде 
анықталады. 
Командалық жолақ дегеніміз шақыртылатын тапсырманың атауы 
және оған берілетін параметрлер көрсетілген мәтіндік жолақ. Барлық 
параметрлер бір-бірінен бөлгіш-таңбалар арқылы бөлінеді, мысалы бос 
орындармен. Параметрлер — символдар тізбегінің, файлдар мен 
құрылғылар атауының және т.б. сандық тұрақтылар көрсететін 
жолақтар. Параметрлер интерпретациясы позиционды: параметрлер 
бөлгіштер арқылы ерекшеленеді, сол себепті бірінші және екінші 
параметрді анықтамай үшінші параметрді анықтауға болмайды. 
Берілетін параметрлердің құрамында жалпы айтқанда бөлгіш-
символдардан және әртүрлі басқарушы кодтар болмау керек. Дегенмен 
параметр мәтінінде бос орынды қолдануға болады: оны қос жақшаға 
алады. 
Команданы беруге болатын параметрлердің максимал саны 
алынған команда мен жүйенің максимал ұзындығымен анықталады. Әр 
түрлі жүйелерде бұл сан ауысып отырады. POSIX стандартына сай бұл 
мән 4 096 кем болмау керек. Жолақтың шектеуін анықтаудың ең оңай 
тәсілі — мына команданы орындау
xargs --s h o w -l i mi ts




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   158




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет