Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»


Талдаудың жүйелік әдіснамалары



Pdf көрінісі
бет58/97
Дата22.09.2022
өлшемі4.15 Mb.
#461154
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   97
44 Мезенцев Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер. Оқулық

Талдаудың жүйелік әдіснамалары. Жүйелік тəселдеме ақпараттық 
жүйенің талдауы мен синтезін оның түрлі аспектілерін ескере отырып, 
орындауға мүмкіндік береді. Жалпы түрінде жүйелік тəсілдеме жүйелерді 
өзара байланысты элементтер жинағы ретінде қарастыруды көздейді. 
Жүйелер құрамында жекелеген қосалқы жүйелер белгіленеді. Өз кезегінде 
жүйелер үлкен жоғары-жүйелерді құра алады.
Кез келген ақпараттық жүйе тұтынушылардың түпкі қажеттіліктерін 
қанағаттандыру үшін құрылады. Ақпараттық жүйелер үлкен жоғары-жүйе 
болып табылатын белгілі бір ұйымның бөлігі боып табылады.
Осындай жоғары жүйе ұйымдық, өндірістік, функционалдық, 
ақпараттық жүйелерден тұрады.
Ұйымдық жүйе осы ұйымның белгілі бір бағыныс иерархиясымен өзара 
байланыстырылған бөлімшелерін қамтиды. 
Ӛндірістік жүйеге бастапқы материалды түпкі өнімге айналдыру үшін 
қажетті жабдық кіреді.
Функционалдық жүйелер осы ұйымдағы басқару жəне ақпартпен жəне 
материалдармен алмасу тəсілдерін, сондай-ақ ұйым бөлімшелерінің 
функцияларын белгілейді.
Ақпараттық жүйе ұйымдағы деректер мен құжаттарды белгілі типті 
бағдарламалық қамсыздандыру көмегімен өңдеу тəсілдерін көздейді. 


113 
2.38 кесте
A R I S б а з а л ы қ м о д е л ь д е р і  
Модель 
Сипаттамасы
Ұйымдық 
құрылым 
Функциялар 
Ақпарат 
Үдерістер 
Ұйым, бөлімшелер құрылымының модельдері
Ұйымның стратегиялық мақсаттарын жəне жəне оның 
қызмет түрлерін сипаттайтын модельдер
Ұйымның қызметінде пайдаланылатын деректердің 
сипаттамасы
Бизнес-ұдерістердің жəне ұйымдық, функционалдық 
жəне ақпараттық модельдер арасындағы өзара 
байланыстардың сипаттамасы
Жүйелік тəсілдеме қазіргі уақытта əдіснамамен қатар іске асырылатын
ұйымдық, функционалдық жəне ақпараттық талдауға негізделген. 
ARIS әдіснамасы. Осы əдіснама ықпалдастырылған ақпараттық 
жүйелерді жобалауға арналған. ARIS (Arсhitесturе оf Intеgrаtеd Infоrmаtiоn 
Sуstеms) əдіснамасы ақпараттық жүйелердің түрлі модельдерін құруды 
көздейді.
Жалпы түрде төрт модельдер типі белгіленеді (2.38 кесте). 
Әдіснама ұйымның жəне оның құрамындағы ақпараттық жүйенің 
ерекшеліктерін көрсететін түрлі диаграммаларды құруға мүмкіндік береді.
Ары қарай ARIS диаграммаларын шолу жүргізілді.
Мақсаттар диаграммасы. Ұйымның стратегиялық мақсаттарын оның 
құрылымының элементтерімен өзара байланыста көрсетеді. Осындай 
диаграмманы жасаған кезде ұйым мақсаттарының ағашы құрылады.
Өнімнің жəне қызметтердің диаграммасы. Өнім мен қызметтерді ұйым 
құрылымының элементтерімен өзара байланыста сипаттайды. Диаграмма 
иерархиялық құрылым болып табылады.
Функциялардың диаграммасы. Ұйым орындайтын функцияларды
иерархия түрінде көрсетеді. Алдынғы диаграммалар сияқты, ол 
иерархиялық құрылым болып табылады.
2.39 кестеде осы диаграммалар үшін ARIS шартты белгілері 
көрсетілген. 
Үдеріс ортасының диаграммасы. Белгілі бір үдерісті белгілеуді жəне 
оның ортасындағы объектілерді сипаттауды көздейді. Бұл ретте осы 
модельде олардың шартты белгілері 2.40. кестесінде көрсетілген 
объектілер бар.


114 
2.39 кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет