ОҚУШЫЛАР МЕҢГЕРУГЕ ТИІСТІ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚСАТТАР:
– электр тогы ұғымын және электр тогының пайда болу
шарттарын түсіндіру;
– электр сызбасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі
элементтерінің шартты белгілерін қолдану;
– кернеудің физикалық мағынасын, өлшем бірлігін түсіндіру;
– электр тізбегіндегі ток күші мен кернеуді анықтау;
– тұрақты температурада өткізгіштің вольт-амперлік
сипаттамасын графикалық түрде бейнелеу және түсіндіру;
– эксперимент деректерін жинақтау, талдау және
өлшеу және қателіктерін ескеріп жазу;
– тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолдану;
– кедергінің физикалық мағынасын, өлшем бірлігін түсіндіру;
– есеп шығаруда өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi формуласын қолдану;
– өткізгіштерді тізбектей жалғаудың заңдылықтарын
экспериментте анықтау;
– өткізгіштерді параллель жалғаудың заңдылықтарын
экспериментте анықтау;
– өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі
үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу;
– жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану;
– Джоуль–Ленц заңын есептер шығаруда қолдану;
– эксперимент көмегімен электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау;
– кВт • сағ өлшем бірлігін қолданып, электр энергиясының құнын
практика жүзінде анықтау;
– металл өткізгіштердегі электр тогын және оның
кедергісінің температураға тәуелділігін сипаттау;
– қысқа тұйықталудың пайда болу себептерін және алдын алу
амалдарын түсіндіру;
– сұйықтардағы электр тогын сипаттау.
X
X
X
X
X
X
X
X
X
X
X
X
X
X
X
X
X
X
X
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
113
Достарыңызбен бөлісу: |