Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Температура ұғымының физикалық мағынасын қандай жолмен ашуға  болады? Температура ұғымы қалайша тұжырымдалады?  3



Pdf көрінісі
бет11/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   204
8сынып физика (2)

2. Температура ұғымының физикалық мағынасын қандай жолмен ашуға 
болады? Температура ұғымы қалайша тұжырымдалады? 
3. Қандай жағдайда денелер жылулық тепе-теңдікте тұр дейміз? 
Молекулалық-кинетикалық көзқарас тұрғысынан жылулық тепе-теңдік 
нені білдіреді?
4. Температураны өлшеу әдісі не нәрсеге негізделеді?
5. Термометр деп қандай аспапты атайды? Оның жұмысы заттардың 
қандай қасиеттеріне негізделген? Заттардың температураға байланысты 
көлемдерін өзгертуге қандай мысалдар келтіре аласыңдар?
6. Цельсий шкаласында қандай нүктелер негізгі нүктелер деп аталады, 
олар қалай таңдалған?
7. Температураның физикалық мағынасы нені білдіреді және қалай 
тұжырымдалады?
8. Абсолют температуралық шкала деп қандай шкаланы айтады? Абсолют 
шкаланы кім енгізді, енгізуге не себеп болды, қалай негіздеді, өлшем 
бірлігі қалай аталады?
9. Кельвин және Цельсий шкалаларының арасындағы байланыс қандай 
формуламен өрнектеледі? Байланыс графигін салып түсіндіріңдер.
1. Сау адамның абсолют температурасы қандай болады?
2. Мұздың еру температурасын абсолют шкалада анықтаңдар. 
3. Дененің температурасы 15
о
С-ден 75
о
С-ге өссе, оның құрамындағы 
бөлшектердің орташа кинетикалық энергиясы қаншаға артады? Неге?
4.
Жабық ыдыстағы газдың температурасы 100
о
С-ден –100
о
С-ге дейін 
төмендеді. Газдың қысымы қалай және неше есеге өзгерді?
5. Қатты сутектің балқу температурасы –259
о
С, ал қайнау температурасы 
–253
о
С. Үш орынды санға дейінгі дәлдікпен осы температуралардың аб-
солют мәндерін табыңдар.
1. Медициналық және зертханалық термометрлерді сақтықпен салыс-
тырыңдар. Олардың жұмыс істеу принципін түсіндіріңдер; шкала-
ларының төменгі және жоғарғы шектерін анықтаңдар; бөліктерінің 
құнын табыңдар. 
2. Медициналық термометрмен денелеріңнің температурасын өлшеңдер. 
Әуелі термометрді саусақтарыңның арасына 2–3 минут қысып, содан 
кейін осынша уақыт қолтықтарыңның астына қысып ұстаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет