Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет157/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   204
8сынып физика (2)

1. Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әрекетін қандай болжаммен тұжы-
рымдауға болады? Бұл болжамның ақиқаттығын қандай тәжірибе рас-
тайды?
2. Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әрекет ететін күшінің бағыты қа-
лай анықталады? Әртүрлі суреттердегі бағыттарын көрсетіңдер. 
3. Электрқозғалтқышының жұмыс істеу принципін қалай түсіндіруге бо-
лады? 
4. Айналдырушы күш моменті қалай пайда болады және қандай шамаларға 
байланысты өзгереді? Формулаларын жазып түсіндіріңдер.
5. Тұрақты токтың электрқозғалтқышы қандай бөліктерден тұрады және 
қалай жұмыс жасайды? Мектеп зертханасындағы қозғалтқыштың 
үлгісін пайдаланып түсіндіріңдер.
6. Электр өлшеуіш аспаптарының жұмыс істеу принципі қандай құбылыс- 
қа негізделген және қалай жұмыс жасайды? Мектеп зертханасындағы 
көрнекі құралдарды пайдаланып түсіндіріңдер.
Сурет 6.14. Электр өлшеуіш аспаптардың құрылымы
а)
ә)
1
2
3
4
5
6
?
Сұрақтар
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


169
§34.
 
Төменде көрсетілген тапсырмаларды ұжым-
дасып орындаңдар.
1. Сурет 6.15-те көрсетілген үлгіге сүйеніп, қа-
рапайым электрқозғалтқышының жұмыс 
істей алатын моделін жасаңдар. 
2.  Физика үйірмесінің отырыстарында, семинар 
сабақтарында жасаған моделдеріңді көрсетіп, 
жұмыс істеу принциптерін түсіндіріңдер.
3. 
Жетілдіріп жасаған моделдеріңе аттарыңды жазып, физика кабинетіне 
тарту етіңдер.
ЭЛЕКТРМАГНИТТІК ИНДУКЦИЯ. ГЕНЕРАТОР
1. Электр тогының төңірегінде магнит өрісінің пайда болаты-
нын ашқан, Эрстедтің тәжірибесін сан қайталаған ағылшынның ұлы 
ғалымдарының бірі Майкл Фарадей өзінің жұмыс дәптеріне былай деп 
жазған екен: «Электрдің магнетизмді туғызуға қауқары жетіп отырғанда, 
магнетизм электрді туғыза ала ма?» Сұрақтың осылай қойылуы қысқа да 
нұсқа ғылыми болжам жасаудың тамаша үлгісі болып табылады. Қазіргі 
физика тілінде және зерттеу жұмыстарында бұл ғылыми болжам сұрақ 
түрінде емес, зерттеу нәтижелеріне сүйеніп бекем айтылған болжам 
түрінде былайша тұжырымдалады: 
«Егер электр тогы магнит өрісін 
туғызса, магнит өрісі де электр тогын туғызуы мүмкін». 
Міне, осы болжамның дұрыстығын эксперименттік жолмен растауға 
Фарадей 7 жыл үздіксіз тәжірибелер жасау мен болды. Сөйтіп, ақыр 
соңында 1831 жылы өзі ұсынған болжамның ақиқаттығын тәжірибе 
жүзінде дәлелдеді. Өркениеттің қазіргі даму кезеңінде Фарадейдің 7 жыл 
тынымсыз еңбегінің нәтижесін біз 7 минут шамасында тәжірибе жасап 
көрсете аламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет