169
§34.
Төменде көрсетілген
тапсырмаларды ұжым-
дасып орындаңдар.
1. Сурет 6.15-те көрсетілген үлгіге сүйеніп, қа-
рапайым электрқозғалтқышының жұмыс
істей алатын моделін жасаңдар.
2. Физика үйірмесінің отырыстарында, семинар
сабақтарында жасаған моделдеріңді көрсетіп,
жұмыс істеу принциптерін түсіндіріңдер.
3.
Жетілдіріп жасаған моделдеріңе аттарыңды жазып, физика кабинетіне
тарту етіңдер.
ЭЛЕКТРМАГНИТТІК ИНДУКЦИЯ. ГЕНЕРАТОР
1. Электр тогының төңірегінде магнит өрісінің пайда болаты-
нын ашқан, Эрстедтің тәжірибесін сан
қайталаған ағылшынның ұлы
ғалымдарының бірі Майкл Фарадей өзінің жұмыс дәптеріне былай деп
жазған екен: «Электрдің магнетизмді туғызуға қауқары жетіп отырғанда,
магнетизм электрді туғыза ала ма?» Сұрақтың осылай қойылуы қысқа да
нұсқа ғылыми болжам жасаудың тамаша үлгісі болып табылады. Қазіргі
физика тілінде және зерттеу жұмыстарында бұл ғылыми болжам сұрақ
түрінде емес, зерттеу нәтижелеріне сүйеніп
бекем айтылған болжам
түрінде былайша тұжырымдалады:
«Егер электр тогы магнит өрісін
туғызса, магнит өрісі де электр тогын туғызуы мүмкін».
Міне, осы болжамның дұрыстығын эксперименттік жолмен растауға
Фарадей 7 жыл үздіксіз тәжірибелер жасау мен болды. Сөйтіп, ақыр
соңында 1831 жылы өзі ұсынған болжамның
ақиқаттығын тәжірибе
жүзінде дәлелдеді. Өркениеттің қазіргі даму кезеңінде Фарадейдің 7 жыл
тынымсыз еңбегінің нәтижесін біз 7 минут шамасында тәжірибе жасап
көрсете аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: