Кинокамера – арнайы жарықсезгіш таспаларға қозғалыстағы бейне-
лерді жазуға арналған құрылғы (сурет 7.34,
ә). Ол әр секунд сайын 24
кадр түсіріп, қозғалыстағы дененің әртүрлі күйін тіркеп отырады. Кино-
камералар негізінен кинофильмдер түсіру үшін қолданылады.
Бейнекамералардың қазіргі жетілдірілген түрлері (сурет 7.34, б)
объективке қоса бейне және дыбыс сигналдарын жасақтайтын тетіктері
(микрофон мен күшейткіші) бар құрылғы болып табылады.
5. Проекторлар – шынайы шағын жазық
кескіндерді экранда
үлкейтіп көрсетуге арналған оптикалық аспаптар. Олар бірнеше түрге
бөлінеді. Төменде олардың кейбір түрлерінің қысқаша сипаттамалары
беріледі.
Диаскоптық аппараттар жарық өткізетін материалдарға салын-
ған кескіндерді үлкен экранда проекциялайды. Мұндай аппараттарға
кинопроектр, диапроектор, фильмоскоп, кодоскоп, фотоүлкейткіш жә-
не басқа құрылғылар жатады. Материалдардан өтетін жарық сәулелері
арқылы кескіндерді үлкейтіп көрсету әдісі
диаскоптық әдіс деп ата-
лады. Мысалы, мектептерде кең қолданылатын аспаптардың бір
түрі –
кодоскоп диаскоптық әдіспен мөлдір материалдарға салынған
кескіндерді өтетін сәулелер арқылы үлкен экранға түсіреді (сурет 7.35).
Кинопроектр – мөлдір кинотаспаларға жазылған дыбыс пен қоз-
ғалыстағы кескіндерді диаскоптық әдіспен үлкен экранға түсіріп көр-
сететін құрылғы (сурет 7.36).
Сурет 7.35. Кодоскоп Сурет 7.36. Кинопректор Сурет 7.37. Эпидиаскоп
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
214
Достарыңызбен бөлісу: |