Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет45/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   204
8сынып физика (2)

 U
бу
 >U
сұйық
 (m = const).
Ішкі энергияның кему құбылысын суға шомылып шыққаннан 
кейін денеміздің салқындауынан сезінеміз. Бұл құбылысты практикада 
қолданудың қарапайым мысалы ретінде сүтті салқындату амалын айту-
ға болады. Сүт құйылған ыдыс суға жартылай батырылып, сыртынан
борпылдақ қыш қаптамамен жабылады. Беті үлкен қыш қаптаманың 
бойындағы капиллярлық түтікшелермен көтерілген су тез буланып, оның 
ішкі жағын салқындатады. Лайықты қыш қаптама табылмаса, басқа да 
қалың материалдарды (мысалы, киіз немесе жабағы жүнін) қолдануға 
болады.
2. Булануды қарқынды жүргізу үшін бірнеше шарттарды орындау 
қажет. 
Біріншіден, булану сұйықтың беткі қабатында жүзеге асатындықтан 
сұйық бетінің ауданы мейлінше үлкен болуы шарт. Оған көлемдері 
бірдей суды жайпақ ыдысқа және жіңішке мойынды құтыға құйып
бақылау арқылы көз жеткізе аламыз.
Екіншіден, сұйықтың температурасының жоғары болуы шарт. 
Оның себебі: температура өскен сайын молекулаларының жылдамдығы 
артып, олардың кинетикалық энергиялары молаяды да, сұйықтың 
ішкі энергиясы өседі. Өскен ішкі энергия есебінен сұйық бетінен босап 
шығатын молекулалардың да сандары арта түседі.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


55
Үшіншіден, бу молекулаларын сұйық бетінен алып кетіп отыратын 
конвекция туғызу шарт. Расында да, желді күні жайған киім тынық 
күнгі жайған киімнен тезірек кебеді.
3. Булануға қарама-қарсы процесс те орын алады: бу молекулалары-
ның біразы хаостық қозғалыс барысында сұйыққа қайта оралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет