Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Булану деп қандай процесті айтады? Булану құбылысын қалай түсін- діруге болады? 2



Pdf көрінісі
бет47/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   204
8сынып физика (2)

1. Булану деп қандай процесті айтады? Булану құбылысын қалай түсін-
діруге болады?
2. Неліктен булануда жылу жұтылады? Оны практикада не үшін қол-
данады?
3. Булану қарқынын арттыру үшін қандай шарттарды орындау қажет?
4. Конденсация деп қандай құбылысты айтады? Мысалдар келтіріңдер.
5. Қаныққан бу деп қандай буды айтады? Бірдей температурада әртүрлі 
сұйықтардың қаныққан буларының қысымдары бірдей бола ма? 
Түсіндіріңдер.
Сурет 2.5. Ғарыштан 
түсірілген Жер шары
?
Сұрақтар
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


57
§12.
 
Эксперименттік зерттеу
Теориялық зерттеу
6. Қанықпаған бу деп қандай буды айтады? Планетамызға тигізетін була-
ну процестерінің рөлі қандай? Мысалдар келтіріңдер.
7. Жер шарын қандай қабаттар қоршайды? Басқа планеталарға қарағанда 
Жер шарының ерекшелігі неде? 
Бос шыны ыдысты мейлінше жайдақ ағаш астаушадағы суға орналас-
тырыңдар. Ыдыстың 1/3 бөлігіне тез буланғыш сұйық (мысалы, эфир) 
құйыңдар. Эфирдің үстінде конвекция туғызып, резеңке сорғымен ауа- 
ны жылдамдатып айдаңдар. Аздаған уақыттан кейін шыны ыдыстың 
сыртқы бөлігінде қырау пайда болып, түбінің астындағы жайдақ суда 
мұз қабыршақтарының түзілгеніне көз жеткізіңдер. 
Жоғарыдағы эксперименттің барысын және байқалған құбылыстарды 
рет-ретімен баяндап жазыңдар; орын алған құбылыстарға теориялық 
талдаулар жасай отырып, эксперимент нәтижелерін түсіндіріңдер.
ҚАЙНАУ. МЕНШІКТІ БУЛАНУ ЖЫЛУЫ. ҚАЙНАУ
ТЕМПЕРАТУРАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ҚЫСЫМҒА ТӘУЕЛДІЛІГІ
1. Бу түзілудің бірінші тәсілі 
булану процесін қарас тырдық. Енді 
бу түзілудің екінші тәсілі 
қайнау процесін эксперимент жасап зерттейік. 
Зертханалық шыны колбаға су құйып қыздырайық та, температурасын 
термометрмен өлшей отырып, қайнау процесінің барысын қадағала- 
йық (сурет 2.6). Әу баста судың температурасы көтеріліп, біраздан соң 
колбаның жоғарғы жағы тұмандана бастайды. Бұл булану қарқыны-
ның артқанын білдіреді. Қыздыруды жалғастыра берсек, колбаның 
ішкі сумен түйіскен бетінде көпіршік-
тер пайда болып, олардың жоғары қарай 
көтерілгенін көреміз (сурет 2.6, 
а). Біраз- 
дан соң көпіршіктер судың бүкіл кө-
лемінде пайда болып, сұйықтың бетіне 
шыққандары жаппай жарыла бастайды 
да (сурет 2.6, 
ә), іштеріндегі буды сырт-
қа шығарады. Бұл кезде қайнап жатқан 
сұйықтың температурасы өсуін доғарады 
да, сұйықтың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет