Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет5/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   204
8сынып физика (2)

Жылулық қозғалыс 
деп молекулалар мен атомдардың хаостық 
қозғалыстарын айтады. 
2. Молекулалардың хаостық қозғалыстарын дәлелдейтін көптеген 
деректер мен мысалдар келтіруге болады. Солардың ішіндегі ең 
көрнектісі – 
броундық қозғалыс және диффузия құбылыстары болып 
табылады. 1827 жылы ағылшын ботанигі Роберт Броун өсімдіктердің 
суға араласқан тозаңын (сурет 1.1, 
а) оптикалық микроскоптармен зерт-
тей отырып, тозаң бөлшектерінің су ішінде үнемі ретсіз қозғалатынын 
анықтады (сурет 1.1, 
ә). 
Броундық қозғалыс
деп сұйықтың немесе газдың ішіндегі бөгде 
бөлшектердің ретсіз бейберекет қозғалысын айтады.
Алайда Броун өзі ашқан құбылыстың не себептен орын алатынын 
түсіндіріп бере алмады. Молекулалық-кинетикалық теория қағидаларына 
сүйеніп, броундық қозғалыстың қыр-сырын оңай түсіндіре аламыз. 
Сұйықтың немесе газдың молекулалары бейберекет үздіксіз қозғалыстар 
жасай отырып, бөгде бөлшектерді жан-жағынан соққылайды (сурет 1.1, 
а). 
Сурет 1.1: 
а) су молекулалары арасындағы бөгде тозаң бөлшегі;
ә) тозаңның хаостық қозғалыстары
а)
ә)
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


7
Соққылайтын молекулалардың сандары да, бағыттары да, әрекет күш-
тері де әртүрлі болғандықтан, сұйықтың немесе газдың ішіндегі бөгде 
бөлшектер де ретсіз қозғалыстар жасайды. 
Сонымен, броундық қозғалысты туғызатын себеп – молекулалардың 
жылулық қозғалысы деп берік сеніммен айта аламыз. 
Броундық қозғалыс 
та 
жылулық қозғалыс қатарына жатады. 
3. Заттардың құрамындағы бөлшектердің (молекулалар мен атом-
дардың) ретсіз қозғалыс жасайтындығының, яғни молекулалық-кине-
тикалық теорияның ақиқаттығының тағы бір нақты айғағына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет