Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет117/200
Дата23.10.2023
өлшемі2.15 Mb.
#481502
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   200
АА Досаев Адам анатомиясы оқулық

Жатыр түтігі, анабез артериясымен және жатыр артериясының түтіктік тармақтарымен 
қамтамасыз етіледі. Веналық ағым, сәйкес веналармен жатырлық вена өріміне құяды. 
Лимфа ағымы, белдік лимфа түйіндеріне жетеді. Жатыр түтігі жатыр-қынаптық және 
анабездік нервтік өрімдер арқылы нервтенеді. 
АНАБЕЗ ЖӘНЕ АНАБЕЗ ҚОСАЛҚЫСЫ 
ҚҰРЫЛЫСЫ, ҚАНМЕН ҚАМТАМАСЫЗДАНУЫ ЖӘНЕ НЕРВТЕНУІ. 
АНАБЕЗ (ovarium), организмге жүйелі әсер ететін әйелдердің жыныстық гормоны 
түзілетін, ұрық жасушалары дамып жетілетін, кіші жамбас қуысында орналасқан жұп 
жыныстық ағза. 
Анабездің орташа көлемі: ұзындығы – 4,5 см, көлденеңі – 2,5 см, қалыңдығы – 2 см, 
салмағы – 7 гр шамасында. Овуляциямен, сары денелерге айналудың әсерінен пайда 
болған майда тыртықтардан анабез беті тегіс емес. Анабездің жатырлық (extremitas 


206 
uterina) және жоғарғы түтіктік (extremitas tubaria) ұштарын ажыратады. Жатырлық ұшы 
анабездің меншікті байламымен (lg.ovarii proprium) қосылған. Анабез қысқа 
шажырқаймен (mesovarium) және анабезді ұстап тұрушы байлам (lg.suspensorium ovarii) 
арқылы бекітілген. Анабез сірлі қабықпен қапталмаған. Анабез жеткілікті жақсы 
қозғалмалы ағза. Анабезде, кіші жамбас қабырғасына іргелес латеральді және жатырға 
қараған медиальді беттерін айырады. Анабез беттері, артынан- бос (margo liber), ал 
алдынан – шажырқайлық (margo mesovaricus) жиектерге жалғасады. 
Шажырқайлық жиегінде кішілеу ойыс түрінде анабез қақпасы (hilus ovarii) орналасқан. 
Анабездің құрылысы. Анабез паренхимасы милық (medulla ovari) және қыртысты (cortex 
ovariі) заттардан тұрады. Милық зат ағзаның орталық бөлігінде (қақпаға жақын) 
орналасқан, ол арқылы қантамырлармен нервтер өтеді, ал қыртысты зат милық заттың 
шетін қоршай орналасқан, оның ішінде жетілген анабез түйіншелерімен (folliculi ovarici 
vesiculosi), алғашқы анабез түйіншелері (folliculi ovarici primarii) бар. 
Жетілген анабез түйіншелерінің іші және сырты дәнекертіндік қабықтардан (тектер) 
тұрады. 
Ішкі қабырғасы арқылы лимфа тамырлармен капиллярлар өтеді. Ішкі қабығына ішінде 
ұрық жасушасы мен овоцит (ovocytus) төбешігі бар түйіршіктік қабат (stratum granulosum) 
жанасқан. Овоцит сыртынан мөлдір аймақ және тәжді сәулелермен қоршалған. Овуляция 
кезінде, жетілген фолликула, пісіп-жетілу барысында, біртіндеп анабездің сыртқы 
қабығына жақындап келіп жарылады, ұрықтық жасуша іш қуысына түседі де оны жатыр 
түтігі ұстап алып әрі қарай жатыр қуысына өткізеді. Жарылған фолликулдың орнына 
ішінде сары дене (corpus luteum) дамитын, қанмен толған шұңқыр пайда болады. Егер 
жүктілік басталмаса сары дене етек кірлік (циклдік) деп аталып аз уақыттан кейін ақшыл 
денеге (corpus albicans) айналады, ол өз ретінде біртіндеп өшіп кетеді. Егер жүктілік 
басталса (овоцит ұрықтанғанда) онда сары дене жүктілік деп аталып екіқабат кезеңнің 
өне бойында эндокриндік без қызметін атқарады, соңында олда ақшыл денеге айналады. 
Анабез беті бірқабатты ұрықтық эпителиймен қапталған, астында дәнекертіндік ақ қабық 
(tunica albuginea) жатыр. Әр анабез жанында қосалқылар (epoophoron) орналасқан. 
Қосалқы, ирелең пішімді бойлық және көлденең түтіктерден құралған. 
Анабездер, анабез артерияларымен жатыр артериясының анабез тармақтарымен 
қамтамасыз етілген. Веналық ағым, аттас артерияларымен қатар жүреді. Лимфа ағымы, 
белдік лимфа түйіндеріне барады.
Анабез ішкі ағзалық жамбас нервтерінен, қолқаның іштік бөлігі мен төменгі құрсақасты 
өрімдерінен нервтенеді. 


207 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет