Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет130/200
Дата23.10.2023
өлшемі2.15 Mb.
#481502
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   200
АА Досаев Адам анатомиясы оқулық

Лимфа жүйесі 
Тамырлар жүйесі туралы ілім – ангиология деп аталады. Бұл жүйеге қан 
тамырлары және лимфа жүйелері жатады. Ағзалар мен тіндерге қоректік заттар 
артериялық қан тамылары арқылы әкелінсе, ал олардан зат алмасу қалдықтары вена және 
лимфа тамырлары арқылы әкетілінеді. Лимфа веналық жүйенің қызметін толықтырады. 
Лимфа жүйесінің құрамы: ағзалар мен тіндерде тарамдалған лимфа капиллярлары, 
лимфа тамылары, лимфа түйіндері, веналар жүйесіне барып құятын ірі лимфа тамырлары 
(сабаулар мен түтіктер). 
Лимфа түйіндері қазіргі уақытта иммундық жүйе құрамына (жілік майы, тимус, 
лимфа түйіндері, ішектің жеке және топталған лимфатәрізді түйіншелері, бадамшалар, 
көкбауыр) енгізілді. 
Лимфа жүйесі – зат алмасуға қатынасады, ағзалар мен тіндерден зат алмасу 
қалдықтарын, табиғаты бөтен заттарды шығарады. 
Лимфа – адам денесіндегі екінші сұйықтық орта. Лимфа дегеніміз мөлдірлеу
ересек адамдарда сәл сарғыштау, жаңа туған нәрестеде сүт түстес ақ сұйықтық. Ол 
химиялық құрамы жағынан қан плазмасына ұқсас. Құрамындағы минералдық тұздар мен 
органикалық қосылыстардың мөлшері қан плазмасындағыдай, бірақ ақуыз мөлшері 
қандағыдан аз және әр мүшеде әртүрлі. Лимфада лимфоциттер мен ағзадан 
лейкоциттердің түрлері бар, ақуыз- протромбин және фибриноген аз, сондықтан лимфа 
өте баяу ұйиды (10-15
1
). Ұйыған кезде сарғылт түсті жұмсақ қоймалжыңға айналады. 
Лимфа жүйесінің ерекшеліктері 
1. Лимфа жүйесі, қан тамырлар тәрізді үлкен және кіші шеңберлер құрамайды, ол 
ағзалар мен тіндерден тұйық басталып веналық жүйеге құйылады, яғни бір 
жерден басталып екінші жерде аяқталады. 
2. Лимфа өзінің пайда болған жерінен басталып, мойынның веналарына дейін, тек 
бір бағытта ғана ағады. 
3. Лимфада венадағы анастомоздар (қосылымдар) болмайды, бір ғана анастомоз – ол 
лимфаның мойын веналарына құятын орны. 
4. Көптеген қақпақшалар бар (лимфа тамырларында). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет