Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Жарғақтық шеміршектік сүйектік



Pdf көрінісі
бет35/200
Дата23.10.2023
өлшемі2.15 Mb.
#481502
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   200
АА Досаев Адам анатомиясы оқулық

 
Жарғақтық шеміршектік сүйектік 
1. Жарғақтық бассүйек, (desmocranium) мезенхималық шарбақтар түзетін
мезенхималық жасушалардан құралған. 
2. Шеміршектік бассүйек, (chondrocranium) эмбрионның 2 айлығында
қалыптасады, толық дамуға 3 айдың ортасында жетеді, ал жекелеген
сүйектер арасындағы шекаралар сүйектену басталған соң құрсақішілік
өмірдің 4-4,5 айында айқын анықталады.
3. Сүйектік бассүйек, (osteocranium) көптеген сүйектену нүктелерінен
дамиды. Барлығы бассүйекте 120 шамасында сүйектену нүктелері пайда
болады. Бассүйек сүйектерінің басым көпшілігінде төменгі сатылы
омыртқалылардың жеке сүйектеріне сәйкес келетін екі немесе бірнеше
сүйектену нүктелері болады. 


79 
Бассүйек сүйектерінің жастық ерекшеліктері 
Нәрестелерде: 
1. Сүйектер кеуек заттан тұрады. 
2. 1-ші даму сатысының қалдықтары (жарғақтық), еңбектер, яғни жарғақтар
болады. 
3. 2-ші даму сатысының қалдықтары (щеміршектік) сүйекаралық
шеміршектер байқалады. 
4. Мұрынжанылық ауалы қойнаулар толық дамымаған (жоғарғы жақсүйек
қойнауынан басқалары) 
sinus frontalis – нәрестенің 1 жасында 
sinus sphenoidalis – 3-5 жасында 
торлы сүйек ұяшықтары – 1 жасында қалыптасады. 
5. Нәрестенің бассүйегі шодыр-бұдырсыз тегіс. 
6. Бассүйектің беттік бөлігі нашар дамыған, бастың 1/8 бөлігін құрайды
(ересектерде ½ бөлігі) 
7. Бассүйектің сүйекаралық жіктері 3-5 жаста түзіледі. 
Бассүйек постнатальды онтогенезде, яғни туылғаннан соң өзінің дамуында
3 кезеңнен өтеді: 
І кезең 
1. Туылғаннан 7 жасқа дейін.
Бұл кезеңде, 1 жыл бойы бассүйек бірқалыпты өсіп, көлемі 2 есеге ұлғаяды. 
2. 1 жастан 3 жасқа дейін. 
Бассүйектің дамуы баяулайды, есесіне шүйделік және шекелік аймақтар
қалыптасады. Беттің көлденең көлемі үлкейеді. Еңбектер жабылады. 
3. 3-тен 7-ге дейін. 
Жіктер қалыптасып, көбіне бассүйек негізінің есебінен алдынан артына
қараған көлемі үлкейеді (ересектер бассүйегі көлеміне жуықтайды). 


80 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет