Микроэлектроника
технологиясының
дамуымен
жəне
бір
электрондық схемада орналасқан
элементтердің интеграциясы
дəрежесінің ұлғаюымен процессор
микропроцессор деп атала бастады
(МП).
Физикалық тұрғыда процессор немесе микропроцессор интегралды
схеманы білдіреді — бірнеше шаршы миллиметрлік тікбұрышты
формалы кристалл
кремнийдің жіңішке пластинкасы, онда басты
функционалды компоненттер орналасады:
■
ядро — командаларды орындауды жүзеге
асыратын процессордың
басты компоненті;
■
сопроцессор — «қалқыма нүктесі» бар (немесе үтір) операцияларды
орындауға арналған арнайы модуль;
■
өтуді болжау модулі (Branch Predictor), командаларды алдын ала
командалар декодерына жіберу үшін
өтуден кейін командалар
тізбектілігінің өзгеруін анықтайды;
■
бірінші деңгейдегі кэш-жады — есептеулердің аралық нəтижелерін
сақтауға арналған асқыншапшаң жады;
■
екінші деңгейдегі кэш-жады
;
■
жүйелік шинаның интерфейстік модулі, ол бойынша CPU-ға
командалар мен деректер келіп түседі,
сондай-ақ CPU-дан деректер
жіберіледі. алюминий немесе мыстан жасалған өзара жіңішке
өткізгіштермен байланысқан жəне
деректерді өңдеуге арналған
микропроцессорда миллиондаған транзисторлар болады. Ішкі шиналар
осылай
қалыптасады.
Нəтижесінде
микропроцессор
көптеген
функцияларды орындайды — математикалық жəне логикалық
операциялардан бастап басқа микросхемалардың жəне
тұтас
компьютердің жұмысын басқаруға дейін.
Кристалл-пластинка пластмасса немесе керамикалық тегіс корпусқа
орналастырылады жəне оны компьютердің жүйелік тақтасына
орналастыруға
мүмкіндік
болатындай
металл
істіктері
бар
өткізгіштермен байланысады.
Достарыңызбен бөлісу: