Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет2/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Гребенюк Е. И. 
Г79 
Ақпараттандырудың техникалық құралдары: орта кəсіптік білім 
беру мекемелерінің студенттеріне арналған оқулық / Е. И. 
Гребенюк, Н. А. Гребенюк. — М.: «Академия» Баспа орталығы
2017. — 352 б. 
ISBN 978-601-333-194-2 (каз) 
ISBN 978-5-4468-5755-5 (рус) 
Оқулық Федералды мемлекеттік білім беру стандартының «Информатика жəне 
есептеуіш техника» ірілендірілген топтың мамандықтары бойынша, сонымен қатар 
ТОП-50 тізімінен мамандықтар бойынша орта кəсіптік білім беру талаптарына 
сəйкес жасалған. Оқу басылымы «Ақпараттандырудың техникалық құралдары» 
жалпы кəсіптік пəнін меңгеруге бағытталған. 
Ақпараттандырудың заманауи құралдардың физикалық негіздері, аппараттық 
құралдары, конструктивтік ерекшеліктері, техникалық сипаттамалары жəне қолдану 
ерекшеліктері қарастырылған: компьютерлер, ақпаратты дайындау, енгізу мен 
бейнелеу құрылғылары, аудио- жəне видео ақпараттарды өндеу мен жандандыру 
жүйелері, телекоммуникациялық құралдар, қатты тасымалдағыштардағы ақпаратпен 
жұмыс жасауға арналған құрылғылар. Ақпараттандырудың техникалық құралдарын 
қолданысқа енгізу кезіндегі жұмыс орындарын ұйымдастыруға назар аударылған. 
Процессорларды өндіру технологиясы, көпядролы процессорлардың негізгі 
сипаттамалары, заманауи жəне перспективалы ақпарат тасымалдауыштар, сандық 
дыбыстық жүйелер, 3Б-дыбыс технологиясы, веб-камералар, үшөлшемді принтерлер 
мен сканерлер, электрондық планшеттер, ақпаратты енгізудің сенсорлық 
құрылғылары, Bluetooth жəне Wi-Fi сымсыз технологиялары, смартфондар мен 
коммуникаторлар туралы ақпарат келтірілген. 
Орта кəсіптік білім беру мекемелерінің студенттеріне арналған. 
ӘОЖ 621.391(075.32) 
КБЖ 32.965я723 
© Гребенюк Е.И., Гребенюк Н.А., 2017 
ISBN 978-601-333-194-2 (каз)
© «Академия» Білім беруші-баспа орталығы, 2017
ISBN 978-5-4468-5755-5 (рус) 

© Рəсімдеу. «Академия» Баспа орталығы, 


Құрметті оқырман! 
Сіз қолыңызда «Академия» баспа орталығымен Федералды 
мемлекеттік білім беру стандартына (ФМБС) сəйкес орта кəсіптік 
білім берудің еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие 50-ден жоғары 
перспективалы жəне жаңа мамандықтар мен кəсіптер бойынша 
мамандарды даярлаудың кешенді жобасын жүзеге асыру аясында 
дайындалған оқулықты ұстап отырсыз. 
Жоба тапсырмасының бірі кəсіптік стандарттарды, заманауи 
əдістемелер мен технологияларды ескере отырып, кəсіптік білім 
беру мазмұнын жаңарту болып табылады. ФМБС дайындау 
барысында «Жас мамандар» (WorldSkills жəне WorldSkills Russia) 
чемпионатын қоса алғандағы кəсіби шеберліктің халықаралық 
байқауларының талаптары ескерілді. 
«Академия» баспа орталығы Ресей Федерациясында КБС үшін 
оқу материалдарын шығару бойынша көшбасшы болып табылады. 
Жиырма жылдан аса біздің басылымдар студенттерге жұмыс 
мамандықтары мен кəсіптер бойынша білімдерді, дағдыларды жəне 
шеберлікті игеруге көмектеседі. Заманмен қатар жүруге тырыса 
отырып, баспа тек баспасөз басылымын ғана емес, сонымен қатар 
электрондық 
оқулықтарды, 
электрондық 
оқу-əдістемелік 
кешендерді жəне виртуалды практикумдарды да ұсынады. 
Оқытудағы соңғы əдістемелер мен үрдістерді ескере отырып, 
ақпаратты интерактивті түрде ұсыну — ресей нарығындағы 
«Академия» баспа орталығына басымдық беретін визиттік 
карточкасы. 
Берілген 
оқулық 
студенттерге 
пайдалы 
болатынына, 
оқытушылардың тапсырмасын жеңілдететініне, сондай-ақ таңдап 
алған салада өсу мен дамуды қалайтын мамандарға кəсіби 
шыңдарға жетулеріне көмектесетініне үміттенеміз. 


Алғы сөз 
Адамзат ақпараттандыру деп аталатын жалпы тарихи процеске 
қосылды. Өндірістік қатынастардың күрделенуі, бұдан бұрын 
белгілі тəсілдермен шешу мүмкін болмайтын жаһандық 
мəселелердің туындауы адамзатты өзінің тіршілік ету ортасындағы 
табиғи ресурстардың шектелуін еңсеру тəсілін табу қажеттілігін 
туындатты. 
Пайда болған жағдайларда ақпарат əлемдік қоғамдастықтың 
ғылыми-техникалық жəне əлеуметтік-экономикалық дамуының 
басты ресурсы болып қалыптасуда жəне ғылымның, техниканың 
жəне шаруашылықтың əр түрлі салаларының жедел дамуына 
маңызды түрде əсер етеді, білім беру, адамдардың өзара байланысы 
процестерінде, өзге де əлеуметтік салаларда маңызды роль 
ойнайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет