Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»


Бүріккіш лазерлі үшөлшемді баспа



Pdf көрінісі
бет130/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Бүріккіш лазерлі үшөлшемді баспа (Fused Deposition Modeling
— 
FDM) 1988 жылы Скотт Крамп жасап шығарды. Жəне баспа тиегі 
салқындатылған платформа-негізге қыздырылған жылупластикті 
сығады (материал ретінде барлық өндірістік жылупластиктері 
пайдаланады), ол 7.13-суретте көрсетілген. 
270 


7.12.-сурет. LOM ламинирлеу технологиясын іске асыратын үшөлшемді 
принтерлердің схемасы 
Тамшылар тез қатады жəне бір біріне жабысады, объектінің 
қабатын 
құрамдайды, 
баспа 
қабатпен 
жасалады. 
FDM 
технологиясы бөлшектерді пайдалануға толықтай дайын модельді 
жоғары дəлдікпен (минималды қабат қалыңдығы 0,12 мм) жасайды. 
7.13.-сурет. Бүріккіш принтердің үшөлшемді схемасы 
271 


Ұнтақ материалдарды пайдаланумен үшөлшемді бүріккіш баспа 
технологиясы Массачусетс технологиялық институтында əзірленген. 
Принтердегі арнайы бүріккіш тиегі Hewlett-Packard бүріккіш 
принтерлерге ұқсас ұнтақ материалға желімделген затты 
шашыратады. Ұнтақ ретінде əдеттегі гипс немесе 
крахмал 
пайдаланады. «Шашыратылған» жерлерде ұнтақ жабысады жəне 
модельді құрайды. Алдыңғы оқиғалардағыдай баспа қабатпен
түседі, ал артық ұнтақ жұмыс соңында жойылады. Осындай принтер 
бояғыш реңктерін қосумен желімді сұйықтық ретінде пайдаланады, 
яғни түсті модельдерді басады. Мысалы, Z-Corporationтүсті 
принтерінде негізгі түстері бар сия-желіммен төрт бүріккіш тиектер 
орнатылған, оның көмегімен жасалған модель тек нысанын ғана 
емес, виртуалды прототиптің бояуын да шығара алады. Бұл ретте, Z- 
Corporation үшөлшемді принтерлер қымбат емес жəне алдында 
бейнеленген құрылғыларға қарағанда жылдамырақ жұмыс жасайды. 
Ұнтақты бүріккіш баспа варианты үшөлшемді принтердегі гипс 
ұнтағының орнына металды ұнтақ қолдануды қарастырады. 
Ұнтақтан жасалған модель пеште күйдіріледі, сондықтан ұнтақ өзі 
ериді, немесе лазермен металды ұнтақты біріктіру кезіндегідей, 
жеңіл ерітінді металлмен байланысады. 
Жаңа технологияларды жəне үшөлшемді баспа құрылғыларын құру 
аясында маңызды үдету байқалады. Нарық жаңа 3D-принтерлермен 
толықтырылуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет