Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет152/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Электрофотографиялық блок 
фоторецептордан (цилиндрлық 
немесе ленталық) жəне оның тораптарының шеткі аймағы бойынша 
орналасқан қуаттандыру, кескінді айқындау, аудару мен 
фоторецепторды тазалаудан тұрады. 
Көшіру аппараттарында қуаттандыру құрылғылары ретінде 
негізінде коротрон заряды пайдаланады. Коротрон фоторецепторды 
жасаушыға паралельді заряд құрылғысына керілген мен бірнеше 
киловольт əлеуетіне дейін оларды қоректендіретін жоғары вольтті 
қорек көздеріне қосылған, диаметрі 0,025 ... 0,90 мм, бір немесе екі 
жіңішке вольфрамды сымды құрайды (оларды кейде ішек тер деп 
атайды). 
Көшіру аппараттарында заряд шамасы мен фоторецептордың 
əлеуетін бақылайтын датчиктер орнатылған. Әлеует шамасын жəне 
заряд əлеуетінің оптималды мағынасын қолдау, экспонаттау мен 
бейэкспонаттау учаскелерінің əлеуеті мен қалдық əлеуетін басқару 
кототрон зарядының сымға берілетін кернеуінің өзгеруімен 
жүргізіледі. Теріс корона (заманауи көшіру аппараттарында) ауаны 
озонмен ластайды, ол адам денсаулығына зиян. Сондықтан, теріс 
оқталған фоторецепторлары бар көшіру аппараттарында қорғаныс 
құралдары қарастырылған, мысалы озонды фильтр. 
319 


Біркомпонентті 
магнитті 
айқындауыштың 
айқындау 
құрылғысы 
негізінде Canon фирмасының көшірме аппараттарында 
пайдаланады. 8 мкм көлеміндегі бөлшектермен полистирол (60 %), 
магнетит (35 %), бояғыш жəне ПАВ (5 %) біркомпонентті 
айқындағыш бункерге тиеледі жəне магнитті валикке беріледі, ол 
ішінде алты полюсті жылжымайтын магниті орнатылған, тот 
баспайтын болаттан төлкесінен тұрады (9.1-суретті қараңыз). 
Айқындату аймағына шамамен 25 мкм қалыңдықтағы бірқалыпты 
қабат түседі. Өңделген айқындағыш арнайы тазалау жүйесінің 
көмегімен айқындағыш цилиндрдің бетінен шешіледі. 
Кескінді көшіру қағаз артына тонердің заряд белгісіне қарама- 
қарсы зарядты басумен жүзеге асырылады. Кототрон көшірмесіне 
(9.1-суретке қараңыз) айнымалы кернеу таратылады. Көшіру 
кототронын пайдалану кезінде фоторецептордан қағазды жұлып алу 
қажет, өйткені қағаз айналымымен оқталған жəне фоторецептордың 
түп төсемі жерге тұйықталу арасында электр алаңының күштерімен 
ол жабысады. Қағазды алу үшін, көшіру кототроны артында бөлім 
кототроны болады. Бөлім кототронына айнымалы кернеу беріледі, 
ол оң жəне теріс иондарды түрлендіреді. Кототрон қызметі 
нəтижелерінде қағаздың кері зарядын бейтараптандыру жəне 
фоторецептормен қағаз байланысы төмендеу жасалады. Көшірудің 
кототрон торабына берілетін əлеуеттер автоматты түрде 
қондырылады жəне бақыланады. Барлық көшіру аппараттарында 
қағаз бөлімінің механикалық жүйесі болады. 
Электрографиялық көшіру аппараттарындағы кескінді бекітудің 
негізгі тəсілі – термокүштілік. Фьюзермен (пешкі) жүзеге 
асырылатын термокүштілеп бекіту кезінде тонерлі кескін (ұнтақты) 
көшірмесі бір-біріне жабысқан екі жылытылған білікше арасынан 
өтеді (9.1-суретті қараңыз). Фьюзердің қысқыш білікшесі жылыту 
білікшелеріне (оны жиі фьюзерлі деп атайды) беткі жағымен 
көшірмені жабыстырады. қысқыш білікшесі қатты деформациясы 
есебінен, көшірме 0,3 ... 0,6 кг/см
2
қысым арқылы қысылады жəне 
контактілер алаңын көбейтетін жылыту білікшесі жағына контакт 
аймағына қағаз бүктеледі. Жылыту білікшесі 140 ... 180 °С дейін 
ұнтақты кескін жылытады. Тонер ериді жəне жасалған пленка 
қағазға жабысады. Бекіту ұзақтығы — 1 ... 2 с. Фьюзерлі білекше – 
іші қуыс металлды тұтқа (мысалы, болатты), қалыңдығы 40 ... 200 
мкм тефлон қабатымен жабылады. Осы қабат күйікке қарсы жабын 
рөлін атқарады. 
320 


Цилиндр ішінде қыздыру элементі — ұзын түтік нысанында 
галогенді қызу шамы орналасқан. Фьюзерлі білікшенің жағына 
тонерлі кескінмен айналдырылған көшірме бекітуші құрылғы 
арқылы өтеді жəне оған екінші білікшеге жабысады. Тонер бөлігі 
фьюзерлі білікшеге жабысуы мүмкін, тефлонның өте төмен 
адгезионды құрамына қарамастан, фьюзерлі маймен (күйікке қарсы 
сұйықтық) білікшені майлау қарастырылған. Осы мақсаттар үшін 
арнайы майлау торабы қызмет етеді. Сонымен қатар, білікшеден 
қағазды бқліп алу механизмі бар, мысалы бөлім саусақтары ( 9.1- 
суретті қараңыз). 
Қағаз өткізгіш жүйесі – қағазға арналған тартпалар, оны 
берілу мен тасымалдау механизмі, кескінді көшіру құрылғысы 
(торап осы блок пен электрографиялық блокқа ортақ). Кескінді 
бекіту құрылғысы, қабылдау тартпалары. Егер аппарат сортермен 
жабдықталған болса (қағазды іріктеуіш), онда көшірмелер осы 
құрылғыға түседі. Егер екіжақты көшірме қарастырылған жағдайда, 
аппарат дуплексті құрылғыны қосады (парақты басқа жағына 
ауыстыру жəне баспа құрылғысына оны беру). 
Аналогтыға қарағанда, цифрлы көшіру аппараттары 
кескіндердің процессорынан түсетін сигналдарды анықтайтын жеке 
нүктелер, өлшемдер жəне орналасқан орнынан тұратын кескіндерді 
құрамдайды. Осындай нүктелі кескінді (растрлы) жазба үшін 
инфрақызыл сəулелерімен лазерлі немесе жарық диодты сызғыштар 
пайдаланады. Лазерлі жазба кезінде көкжиек жазықтықта 
модульденген лазер сəулесінің тарамдай ұңғылау негізіне салынған 
тəсіл пайдаланады. Ол үшін үлкен жылдамдықта айналатын 
көпқырлы айна қолданады (9.3, а-сурет). Лазерлі сəуленің бұрышқа 
ауысуы тұрақты жылдамдықпен жасалады. Лазерлі ұңғылау
тарамы фоторецептор жағына сəулені шағылыстыратын айнаға 
түседі. Осы айна фоторецептордың парралельді жасаушымен 
анықталған, жəне лазерлі жарық дағы қатаң түрде цилиндрды 
жасаушы бойынша жылжиды. 
Көкжиек бойынша жазба қабілетінің ажыратымдылығы 
миллиметрде немесе дюймде (25,4 мм) қанша лазерлі жарық дақтар 
сиятындығына 
байланысты. 
Цилиндрлі 
фоторецепторларды 
жасаушының бойымен лазерлі сəуленің əрбір жүгірмесі 
цилиндрдың бір қадамына айналуына сəйкес болады, оның 
шамасын тігінен аппараттың ажыратымдылығы анықтайды. 400 ... 
600 dpi (16 ... 24 мм
-1
) ажыратымдылық қабілеті кезінде лазерлі 
жазба сызбасының ауытқуы 0,04 ...0,06 мкм құрайды. 
321 


9.3.-сурет. 
Цифрлы электрографиялық көшіру аппараттарындағы кескін 
жазбасының схемасы: 
а 

лазерлі ұңғылау тəсілі:
— лазерлі блок; 

коллиматорлы линза

— көп 
қырлы айна; 

—лазерлі сканер қозғалтқышы; 

— түзейтін линза; 

— шағылысу 
айнасы; 

— фоторецептор; 

— жолдар бастау датчик; 
б 
— жарық диодты 
сызғышты пайдаланумен
: 1 
—экспонаттау торабы; 

— фоторецептор 
Лазерлі 
сəулені 
модульдеу 
бағдарламаға жəне 
сəуле 
интенсивтігінің өзгеруіне сəйкес лазерді қосу мен сөндірумен 
жүзеге асырылады. Лазерлі сəуленің фокусынан жəне оның 
модуляциясының мүмкіндігінен 
322 


көкжиек бойынша аппараттың ажыратымдылық қабілеті тəуелді. 
Жарық диодты сызғыштардың көмегімен экспонирлеу 
кеңінен таралды. Сызғыштар цилиндрлі фоторецепторларды (9.3, 
б- 
сурет
) экспонирлеу жолағында 5 мың жеке лазерлі жарық 
диодтарды кіріктірілген матрица сияқты (əрбір нүктелі ұстанымға 
біреуден). Сызғышта жарық диодтардың орналасу жиілігі 
аппараттың 
ажыратымдылық 
қабілетін 
анықтайды. 
Фоторецептодың айналуы бойынша жарық диодтар бағдарламаға 
сəйкес жанып-өшеді. 
Электрографиялық көшіру аппараттарында жартылай өткізгішті 
GaAlAs-лазерлер пайдаланады, оның сəулелену толықынынығ 
ұзындығы 780 нм жəне шығу қуаттылығы 5 ... 15 мВт. Осы толқын 
ұзындығын сəулелеуге заманауи фоторецепторларын: органикалық 
фотоөткізгіштер, 
аморфты 
кремний, 
көпкомпонентті 
халькогенидтер үшін пайдаланатын барлық фотоөткізгіштер 
сезімтал. 
Электрографиялық аппаратының көмегімен көшірудің 
негізгі жетістіктеріне: 
■ 
көшірудің жоғары өнімділігі жəне жоғары сапасы; 
■ 
көшіру кезінде құжатты масштабтау мүмкіндігі: 
■ 
брошюрланған құжаттармен жəне парақтармен, сондай-ақ түрлі 
штрихтардан, жартылай күңгірттен, бір жəне көптүсті 
түпнұсқалардан көшірмелерді алу мүмкіндігі; 
■ 
көшірмелерді кəдімгі қағазда, калькада, пластикті пленкада, 
алюминий фольгада жəне басқаларда алу; 
■ 
аппараттарды салыстырғанда бағасы мен шығыс материалдары 
қымбат емес, қызмет көрсетудің қарапайымдылығы. 
2008 жылдың аяғында нарыққ ұсынылған электрографиялық 
көшіру аппараттары, үш негізгі сипаттамадан тұрады: көшіру 
жылдамдығы, түпнұсқа жəне көшірменің форматы, айына 
көшірудің ұсынылған көлемі алты дəрежеге бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет