9-
ТАРАУ
ҚАТҚЫЛ ТАСЫМАЛДАҒЫШТАҒЫ
АҚПАРАТПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ
9.1.
КӨШІРУ ТЕХНИКАСЫ
Қызметтердің түрлі бағыттарында
қағазсыз ақпараттандыру
идеясы XX ғасырдың екінші жартысында туды. Бірақ XXI
ғасырларда іскери əлем қатқыл (қағазды) тасымалдағыштардағы
ақпаратпен
қаныққан.
Осыған
байланысты
қатқыл
тасымалдағыштардағы ақпаратпен
жұмыс істеу ақпараттанудың
техникалық құралдар кешенінің құрамына кігізілген.
Қатқыл тасымалдағыштарда құжаттарды көшіру жабдығы өте
түрленген, олар көшірілетін құжаттар тасымалдағыштарының түрі
сияқты ерекшеленеді (қағаз, калька, мөлдір пленка), құжаттар
көшірмесі жасалатын тасымалдағыштар түрі де солай.
Пайдаланатын қағаз түріне байланысты көшіру технологиялары
келесі топтарға бөлінеді:
■
Электрографиялық көшіру (электрография);
■
Термографиялық көшіру (термография);
■
Диазографиялық көшіру (диазография);
■
Фотографиялық көшіру (фотография);
■
Электрографиялық көшіру (электронография).
Алғашқы көшіру аппараты атақты өнертапқыш Т.А. Эдисон
(1847 — 1931)жасаған мимеограф болып саналады. Мимеографта
тесігі бар парақты
трафареттер пайдаланған, оларды сұйық бояуы
бар айналмалы барабанға қоятын. Көшірмелер барабан астындағы
қағаз парақтарына трафарет тесігі арқылы
кіру себебінен өтетін
бояулармен жасалатын. Бұл принцип қазіргі күндері де көшірме алу
үшін пайдаланады.
314
Бірақ,
заманауи
əлемде
электростатикалық
немесе
электрографиялық тасымалдаумен кəдімгі қағазға құрғақ көшіруді
технологиялар аса кеңінен таратылған.
9.1.1.
Электрографиялық көшіру
Құрғақ электростатикалық тасымалдау əдісі Ч. Ф. Карлсоном
(1906 — 1968)
ойлап тапқан, ол 1935 жылы өзінің өнертабысына
патент алып, 1947 жылы эсы патентті пайдалануға құқықты
рəсімдеді. Haloid Company фирмасы бұл көшіру əдісіне
«ксерография»
деген атау берді, ол екі түбір сөзден құралған xeros
(құрғақ) жəне graphein (жазу). Осы термин осы компанияның атына
айналды, алдымен
Haloid Xerox,
сосын
Xerox Corporation жəне
соңында
, —
The Document company Xerox
(Xerox) деп аталды.
Қазіргі уақытта көшірме техникалары нарығында, Xerox
фирмасының
жетекші рөліне қарамастан, Canon, Ricoh, Sharp
фирмалары
да
осы
аппараттарды
ұсынған.
Бұл
ретте,
электрографиялық көшіру аппараттарының көбісі жиі ксерокс деп
аталады, бұл — көшірудің осы түрінің
негізін қалаған Xerox
фирмасына деген құрметі.
Достарыңызбен бөлісу: