Динамикалық жады микросхемасының тез әрекеттілігі оқу
немесе деректерді жазу қос операциялары – жұмыс циклы (немесе
қатынау циклы) арасындағы қарапайым əрекеттердің кезекті
орындалу уақытының жиынтығымен анықталады. Ол
деректерді
оқудың төрт кезектес операцияларын қосып алады: қатарды таңдау
(RAS); баған таңдау (CAS), оқу немесе жазу. Кездейсоқ адрес
бойынша сақталатын деректерді оқуға немесе жазуға керек уақыт
қолжетімділік уақыты деп аталады
(Access time).
Уақыттық диаграмма деректерді оқудың төрт кезектес
операцияларын орындау үшін CPU-ге қажет такттер санын
сипаттайды. CPU жəне жады
элементтері арасында осы
компоненттердің əр түрлі тез əрекеттілігімен негізделетін уақыттық
келісілмеуге жол берілмейді.
Аналық тақтаға жеке жады микросхемалары емес, жады
модульдері орнатылады:
SIMM-модульдер жəне
DIMM- модульдер.
Модульдер арнайы баспа тақталарында кейбір қосымша
элементтермен бірге біріктірілген микросхемаларды бейнелейді.
Жады модульдерінің разрядтылығы тақтада орналастырылған жады
микросхемаларының разрядтығымен анықталады: 72-контактілі
SIMM-модульдер — 32-разрядты, ал 168-контактілі DIMM-
модульдер — 64-разрядты.
72-контактілі SIMM-модульдерді
жұптарымен орнату керек,
өйткені əрбіреуі стандартты жады банкісінің жартысын білдіреді.
168-контактілі DIMM-модульдерді бір-бірден орнатуға болады,
сонымен қоса олардың əрқайсысы 512 Мбайт дейін жедел жадты
сыйғыза алады. Тəжірибе көрсеткендей əрбір
екі жыл сайын жедел
жады көлемінің талаптары екі еселеніп отырады.
RIMM-модуль
—
Intel-мен
бірлесе
отырып
Rambus
компаниясымен жасап шығарылған жедел жадының жоғары
жылдамдықты модулі. Ол DIMM-модульден 184 контактісінің
болуымен жəне нысаналаулардан жəне
жоғары жиілікті
модульдердің өзара əрекеттесуінен қорғайтын, металл экранының
болуымен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: