Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне арналған


Республика дәуіріндегі Рим әдебиеті



бет27/111
Дата20.03.2023
өлшемі0.54 Mb.
#470972
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   111
Î?óëû? Æî?àðû î?ó îðûíäàðûíû? 050117 «?àçà? ò³ë³ ìåí ?äåáèåò³» ì

Республика дәуіріндегі Рим әдебиеті


Біздің заманымыздан бұрынғы ІV ғасырдың аяғы ІІІ ғасырдың бастарында Рим мемлекеті Италия жерлерінің көп бөлігін иелеп, Грекиядағы сияқты құлиеленушілік негізде құрылған демократиялық полис құрылысын жариялайды. Б.з.б. ІІІ ғасырдың орталарында римдіктердің жиһангерлік саясаты күшейіп, бірте- бірте Италияның қалған бөліктерін бағындыруға кіріседі. Италияның оңтүстік жағалауын және Сицилия аралын жаулап алу - Рим қоғамы тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі. «Ұлы Грекия»


атымен даңққа бөленген бұл жерлер көне замандарда эллиндіктер қолына өтіп, олардың боданына айналған еді. Жаулаушылар алғаш рет осы жерде гректердің озық мәдениетінің куәгері болды. Италия жерін өздеріне толық бағындырған римдіктер, енді басқыншылық саясатын Жерорта теңізіне қарай бағыттап, Африканың солтүстік жағалауындағы Карфаген мемлекетіне (қазіргі Тунис маңында) қарсы үш рет соғыс ашып, бұл мемлекетті де бағындырды. Б.з.б. ІІ ғасырда Македонияны (б.з.б 148), Грекияны (б.з.б 146), Испанияның бір бөлігін өздеріне тәуелді қылады және Кіші Азияның батыс өңірлеріне берік орнығады. Осылайша, б.з.б. ІІ ғасыр орталарында Рим дүние жүзінің ең құдіретті мемлекетіне, Жерорта теңізінің жеке билеушісіне айналады.
Жеңімпаз соғыстар, тәуелді болған халықтарды тонау нәтижесінде қолға түскен мол байлық пен мыңдаған құлдар Римге қарай ағыла бастайды. Ескі патриархалдық әдет-ғұрыптар жойылып, қоғамның барша тобы ақшаға ғана тәуелді болады. Байып алған ақсүйектер енді өздерінің материалдық жағдайына қанағаттанбай, нәзік, саф таза мәдениетке ұмтыла бастайды.
Жалпы, жоғарыда айтылған соғыстар нәтижесінде Рим қоғамына жаңа өзгерістер, яғни грек мәдениеті кең көлемде енеді. Б.з.б. ІІІ ғасырдың орталарында өз еркімен Римге қоныс аударып, орнығып қалған гректердің саны едәуір болды. «Ұлы Грекия» Римнің қол астына өткен соң және екінші Пун (Карфаген) соғысынан кейін грек мәдениетінің маңызы арта түседі.
Римге қоныстанған гректер өздерімен бірге ғасырлар бойы қалыптасқан ұлы мәдениеттің жетістіктерін де алып келді. Гректердің әдет-ғұрыптары, музыкалық аспаптары, киім үлгілері римдіктердің тұрмысына тез кірігіп кетті. Қысқаша айтқанда, Рим өмірінде гректердің араласпаған саласы қалған жоқ, десек қателеспейміз. Олар дәулетті отбасыларында балаларды тәрбиелейтін мұғалім, мемлекет қайраткерлерінің қасында кеңесші болып қызметтер атқарды. Философия мен шешендік өнерден дәріс сабақтар оқытты, дәстүрге айнала бастаған жаңа театрларда актер болып жұмыс істеді. Тіпті, Грекияда туған Эней туралы аңызды да Рим мемлекеті ресми түрде өздеріне қабылдады. Бұл аңызда рим халқының троялықтардан тарайтындығы және Рим қаласының негізін салған Ромул мен Ремнің арғы шыққан тегі, сол Троя қаһарманы Эней екендігі жайлы хикаяланатын еді. Жаңа идеяларды
таратушы ең маңызды тәсілдердің бірі әрине, әдебиет болды. Кейін гүлденіп, тамаша жемістер берген ұлы Рим әдебиеті бау- бақшасының алғашқы көшеттерін латын топырағына отырғызған да міне, осы гректер еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет