Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне арналған



бет92/111
Дата20.03.2023
өлшемі0.54 Mb.
#470972
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   111
Î?óëû? Æî?àðû î?ó îðûíäàðûíû? 050117 «?àçà? ò³ë³ ìåí ?äåáèåò³» ì

Мольер (1622-1673)


Француз ұлттық театрының негізін салушы ірі драмашы- комедияшы Жан Батист Мольер 1622 жылы Парижде саудагер отбасында дүниеге келді. Оның шын тегі Поклен, Мольер болса әдеби псевдонимі. Мольер 1639 жылы Клермон колледжін бітіріп, Орлеан университетінде адвокат атағын алу үшін емтихан тапсырады. Бірақ оны сот ісі де, сауда ісі де қызықтырмайды. Жас кезінен театрды жақсы көрген Мольер достарымен 1643 жылы Парижде «Жылтырақ театрды» ұйымдастырады. Бірақ труппаның өз жеке репертуары, актерлік тәжірибесі және материалдық негізі болмағандықтан жабылып қалады. Осыдан соң Мольер достарымен бірге (Бежар) көшіп жүретін провинциялық комедияшылар труппасына кіріп істей бастайды. Мұндағы қиыншылықтар оны шыңдай түседі.


Мольер бұл жылдары (1645-1658) бай тәжірибе жинақтайды, түрлі әлеуметтік топтардың тұрмысымен танысады, труппаның абыройы үшін күреседі. Спектакльдердегі негізгі рөлдерді өзі ойнайды. 1650 жылы Мольер осы труппаның бастығы болады. Мемлекетте жүріп жатқан азамат соғысы, фронде қозғалысы, халықтың ауыр жағдайы Мольер дүниетанымының демократиялық рухта қалыптасуына әсерін тигізеді.
Мольер шығармашылық қызметінің алғашқы сатысында француз халық фарстарын игере отырып, итальян комедияларын француз театрына сәйкес өңдеп, өз театрын қойылымдармен қамтамасыз етеді. Лион қаласында 1653 жылы оның алғашқы комедиясы болған
«Қаңғыбас» пьесасы сахнаға қойылады. Бұл Мольер труппасының даңқын шығарады. Осыдан кейін Мольер пьесаларын Парижде көрсетуге ұмтылады. Ол 1658 жылдың қазан айында король сарайында алдын Корнельдің «Никомед» трагедиясын, соң оған қосымша өзінің «Ғашық болған дәрігер» пьесасын көрсетеді. Мольердің бұл кішігірім фарсы (бас рөлді оның өзі ойнаған) үлкен даңққа бөленеді. Осыдан кейін ғана король труппаны Парижде қалдыруға рұқсат береді.
1662 жылы «Әйелдер үшін сабақ» пьесасы қойылған соң ақсүйектер мен шіркеу жазушыға қарсы жала ұйымдастырып, Мольердің еретик (дінсіз) ретінде отқа өртелуін талап етеді. Бірақ Людовик ХІV жазушыдан пайдалану және төңкерісшілдік ұмтылыстардан қайтару үшін оны қорғайды. Осы кезде «Тартюф» пен «Дон Жуанды» сахнада қоюға тыйым салу туралы жарлық шығарады.
Мольер өмірінің соңғы жылдарында шығармашылықпен белсенді айналысады, оның осы кезеңдегі туындыларындағы сын күшейе түседі. Мұны осы дәуірде жазған ірі туындысы «Жалған дерт» комедиясында анық байқаймыз. Ауыр жағдайда тынымсыз күрескен жазушының денсаулығы нашарлайды. 1673 жылдың ақпан айында науқастығына қарамастан, Мольер өзінің «Жалған дерт» пьесасындағы бас рөлде ойнайды. Осы ойыннан соң, ұлы драмашы дүниеден өтеді. Париж архиепископы «тәубеге келмеген күнаһар» деп Мольерді жерлеуге рұқсат бермейді. Жазушының жақындары үлкен қиыншылықпен корольден рұқсат алып, оның мәйітін түнде жасырын жерлейді.
Мольер француз классикалық комедиясын француз халық
фарстары дәстүрінде, Рим комедияларының ең үздік үлгілерін сын көзбен игеру негізінде қалыптастырды. Драматургияға қадам басқан Мольер классицизм эстетикасы принциптері негізінде жазуға кіріскенімен, оның қаламы сарай әдебиеті қағидаларына тұсалып қалған жоқ. Мольер классицизмнің трагедияны «жоғары», комедияны «төмен» жанр деп көрсетуіне қарсы шықты. Трагедияға қарағанда жақсы комедияны жазудың қиындығын атап көрсетеді. Ол театрдың тәрбиелік рөлінің маңызды екендігіне де көңіл бөледі. Оны «қоғамның айнасы» деп атайды. Мольердің пікірінше
«комедияның міндеті көрермендерді күлдіре отырып, олардың бойындағы кемшіліктерді түзету болып табылады»[56.366].
Мольер комедия туралы айта келіп, жазушының негізгі мақсаты дәуір «нұқсандарын күлкілі көріністерде әшкерелеу» дейді. Актер сахнада жасандылыққа жол бермеуі тиіс. Адам өмірде қандай болса, сахнада да дәл сондай болуы шарт.
Осылайша, Мольер классицизм теориясының шектелгендігін сынға алады. Ол үш бірлік қағидасын көп сақтай бермейді. Бұл қағида Мольердің алға қойған мақсатын ашуға кедергі болған уақытта, ол оған әрқашан бағынбайды.
«Ерлер үшін сабақ», «Әйелдер үшін сабақ» (1662) комедияларында Мольер отбасы, неке мәселелерін көтереді. Жазушы әйелдерге сенбейтін бай буржуа Арнольф образын үлкен шеберлікпен сомдайды. Арнольф - әйелді мүлік ретінде сатып алудан қайтпайтын тәкаппар жан. Ол кедей шаруа отбасынан Агнесса есімді қызды сатып алып, оны алдын монастырда, соң үйде бағынышты рухта тәрбиелеп, өзі үйленбекші болады. Агнесса Орас деген жігітпен танысып, оны сүйіп қалады. Арнольф махаббатты
«күна» деп, қыздың шынайы сезіміне түрлі жолдармен қарсылық көрсетеді. Бірақ, Арнольфқа құл болғысы келмеген қыз сүйіктісімен қашып кетеді.
Эпикур мен Лукрецийдің материалистік философиясынан әсерленген Мольер табиғи сезімдерді діннен жоғары қояды, махаббат әрқандай қиын тосқауылдарды жеңуге дайын екендігін көрсетеді. Комедияда жастық кәрілік үстінен, адалдық озбырлық үстінен, гуманистік пікірлер буржуазиялық әдет-ғұрыптардың үстінен жеңіске жетеді. Бес актілі осы пьесасымен драмашы француз сатиралық комедиясының негізін салды. Шығармада классицизм қағидалары орын алғанмен, бұл пьеса жазушыда халықшылдық
тенденцияның дамығандығын дәлелдейді. Сондықтан, «Әйелдер үшін сабақ» пьесасының сахнаға қойылуы кертартпа топтардың жазушыға қарсы шабуылын тағы да күшейтеді.
Билік өкілдері комедиядағы сол дәуірдегі қоғам мен дінге қарсы бағытталған өткір сынды тез байқайды. Драмашыға ашық күрес бастаған озбыр топтар Мольерге кертартпа теорияшылар Визе, Брусо, Манфлерилерді қарсы жұмсайды. Донно де Визе
«Әйелдер үшін сабақ» туралы мақаласында Мольерді әдепсіздікте, дворяндыққа жала жабуда және масқаралауда айыптап, жазушыны жазалауды талап етеді. Дұшпандарының шабуылына жауап ретінде Мольер 1663 жылы «Әйелдер үшін сабақты сынға алу» және
«Версаль экспромты» комедияларын көрсетіп, жезөкше әйелдерді, бұзақы маркиздерді және оның театрының жетістіктерін көре алмаған қабілетсіз актерлерді әшкерелейді. Олардың жазушыға қойған айыптарының негізсіз екендігін дәлелдейді. Осыдан соң «Тартюф» (1664), «Дон Жуан» (1665), «Мизантроп» (1666),
«Анфитрион» (1668), «Жорж Донден» (1668), «Сараң» (1668) сияқты ғажайып сатиралық комедияларын жазып, француз ұлттық комедиясын қалыптастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет