Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне арналған



бет56/111
Дата20.03.2023
өлшемі0.54 Mb.
#470972
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   111
Î?óëû? Æî?àðû î?ó îðûíäàðûíû? 050117 «?àçà? ò³ë³ ìåí ?äåáèåò³» ì

Англиядағы Қайта өрлеу әдебиеті


Англиядағы Қайта өрлеу қозғалысы Еуропаның басқа мемлекеттерінен біраз кейін - XV ғасырдың соңы, XVI ғасырдың бастарында пайда болды. Феодалдық қоғам жағдайында өндірістік қатынастардың дамуы орта ғасырлық тәртіптер мен оның идеялық негіздеріне сынмен қарайтын, жаңа гуманистік дүниетанымның қалыптасуында маңызды рөл атқарады.
Мемлекет ішінде көп жылдарға созылған өзара феодалдық соғыстар ежелгі дворян-зодагондарды қырып жіберді. Олардың орнын иелеген жаңа буржуазияланған дворяндар өндіріс пен сауда-саттықты өз қолдарына ала бастайды. Мұндай әлеуметтік ілгерілеулер Англияда орталықтанған ұлттық мемлекеттің орнатылуына негіз салды.
Англия абсолютизмінің қалыптасуында бір ғасырдан артығырақ уақыт (1485-1603) үстемдік еткен Тюдорлар династиясы үлкен рөл ойнайды. Король туа бастаған жаңа қоғамдық күштерден тиімді пайдаланып, сыртқы және ішкі дұшпандарға қарсы күрес жүргізеді. Орта ғасыр заңдары мен діни озбырлықты қалпына келтіру мақсатында жіберілген Испанияның «Жеңілмес Армада» (1558) флотын талқандайды. Бұл жеңіс Англияның әлемдік нарыққа шығуына және билікті өз қолына алуына мүмкіндік берді. Тюдорлар династиясынан Генрих VII-нің таққа отыруы (1485) феодалдық бытыраңқылыққа тосқауыл қойды. Ол буржуазияға сүйене отырып, орталықтанған өкімет билігін орнатты. Генрих VIII болса (1509) Англияны Рим папасының озбырлығынан құтқарып, католик шіркеуін реформалайды. Мария Тюдор (1553-1558) феодалдық, католиктік зұлымдықты өршітуге ұмтылады, бірақ көп ұзамай, оның орнына отырған Елизавета (1558-1603) Генрих VII мен Генрих VIII-нің саясатын қайта қалпына келтіреді. Яков Стюарт заманында (1603-1625) король өкіметі мен буржуазия арасындағы одақ күйреп, шексіз билік кертартпа күштердің негізгі қаруына айналады.
Англияда буржуазиялық қатынастардың дамуы өндіріс сұраныстарының артуына алып келді. Бұл болса, шаруашылықты
дамыту, жайылымдарды кеңейту талаптарын туғызды. Помещиктер шаруаларға тиесілі жерлерді тартып алып, оларды жайлауларға айналдырады. Осындай аграрлық өзгерістер салдарынан мал- мүліктен айрылған шаруалар ірі мануфактуралар үшін арзан жұмысшы күшіне айналады.
Қайта өрлеудің алғашқы сатысы Англияда реформация қозғалысы басталған уақытқа сай келді. Дін мен шіркеуге қатынас ағылшын гуманистері үшін ең күрделі мәселе еді. Осы қозғалыстың екінші сатысында шіркеудің заттық және мағыналық мазмұнына соққы беріледі. Генрих VIII Рим папасының ағылшын шіркеуі үстінен жүргізген үстемдігін жоюымен (1534) бірге көтерілісші феодалдар қарсылығын да жеңеді. Генрих VIII жүргізген саясат ағылшын гуманистерінің діни озбырлыққа қарсы және дүниежүзілік мәдениетті қалыптастыру үшін алып барған күресін жеңілдетті.
Қайта өрлеу қозғалысы мемлекеттің мәдени өмірінде терең өзгерістерді туғызды. Ой және дене еңбегі үшін үлкен жағдай жасады. Ғылыми және географиялық жаңалықтар нәтижесінде дүние шекаралары туралы түсініктер кеңейді. Адам санасы орта ғасырлық діни-шіркеу схоластикасы мен әдет-ғұрыптары әсерінен арыла бастайды.
Әлемдік мәдениет, ғылым мен әдебиеттің өсуіне кең жол ашады. Озық ойлы қайраткерлер дәуір талабына жауапты өмірдің өзінен, халықтың тұрмысынан іздеді. XVII ғасырдың ірі ғалымы
«Материализмнің ең алғашқы авторы» Френсис Бэкон схоластикалық ілімге қарсы күресінде тәжірибелерге сүйенген ғылымды негіздеуге әрекет етеді.
Мәдениет пен әдебиет гуманистік идеяларды кең таратуда жауынгерлік қаруға айналды. Жазушылар мен ғалымдар антик мәдениет тарихын үйренуге кіріседі. Қайта өрлеу дәуірінің мәдениеті антик мәдениеттен өзгеше жағдайда туған болса да, гуманистердің қағидаларын лақтырып тастап, көне грек және рим мәдениетінің өмірсүйгіш мұраларын қайта тірілтуге ұмтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет