Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне арналған



бет54/111
Дата20.03.2023
өлшемі0.54 Mb.
#470972
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   111
Î?óëû? Æî?àðû î?ó îðûíäàðûíû? 050117 «?àçà? ò³ë³ ìåí ?äåáèåò³» ì

«Плеяда» ақындары


Реформация мен гуманистік қозғалыстарға қарсы Еуропада басталған қысым Францияға да өз әсерін тигізді. Әдебиетте діни мотивтер күшейді. Бірақ ол ілгерішіл қозғалысты тұншықтыра алмады. Осындай ауыр жағдайда француз гуманизмі өзінің жаңа даму сатысына көтерілді. Осы дәуірде француз тілін реформа жасап, ұлттық әдебиет пен мәдениетті қалыптастыруды өз алдына мақсат қылып қойған алдыңғы қатарлы француз жастарының «Бригада» атты әдеби үйірмесі пайда болды. Соңынан бұл үйірме (оған жеті қаламгер қатысты) «Плеяда» деп аталды. Үйірмеге көне грек және латын тілдерінің маманы Жан Дора жетекшілік етті. Пьер Ронсар, Дю Белле, Жан Антуан Этьен Жодель, Белле және Пошюс де Тиар осы үйірменің белсенді мүшелері болды. Көп ұзамай, үйірме жетекшілігін Пьер Ронсар (1524-1585) өз қолына алды. 1549 жылы Дю Белленің (1522-1569) «Француз тілін құрметтеу және қорғау жайындағы трактаты» басылып шықты. Бұл манифест Плеяданың негізгі әдеби бағдарламасы еді. Шығармада Дю Белле осы уақытқа дейін үстемдік етіп келген сарай поэзиясы дәстүрімен байланысты түбегейлі үзуге шақырады, француз әдебиеті мен мәдениетін гуманистік принциптер негізінде қайта жасау керек деген мәселені көтерді.


Манифест екі бөлімнен құралып, бірінші бөлімде француз тілінің мәртебесі үшін күресу, оны әдеби тіл сипатында жетілдіру мәселесі айтылады. «Француз тілін байыту көздері тек қана көне тілдерде емес, түрлі кәсіп иелерінің тілдері және диалектілер де болуы керек. Кітапта ана тіліне толық көшу үшін уақытша антик тілдерден пайдалануға болады» деген пікір қорғалады.
Антик мұралардан сыни тұрғыда пайдаланып, ұлттық әдеби форма мен көркемдік әдіс жасауға ұмтылған «Плеяда» ақындары XVII ғасыр француз классицизмінің алғашқы
Манифестің екінші бөлімінде әдебиет пен ақынның негізгі міндеті туралы ой қозғалады, жазушы тек қызықтырушы ғана емес, сонымен бірге қуантуға, қайғыруға, сүюге, жиренуге де үйретуші және мәжбүр етуші болуы тиіс. Бұл үшін Дю Белле ақындарды антик әдебиеттен үлгі алуға шақырады. Бірақ басты мақсат оларға еліктеу емес, ал еркін шығармашылық жол табу керектігін ұқтырады. Ол антик поэзия түрлерін француз әдебиетіне кіргізбеуге үндеп, әдеби
жанрлардың саф таза болуын талап етеді. Француз поэзиясын мақтан тұтқан Дю Белле оны антик поэзиямен бәсекеге түсе алатын дәрежеге көтеріледі деп сенеді.
Дю Белленің «Олива» атты сонеттер жинағы, «Өкініш», «Көне Рим» дейтін өлең жинақтарында нәзік лиризм, сұлу табиғатқа сүйсіну, отанға деген махаббат, дін озбырлығына жиіркеніш сезімдері айқын сезіледі.
«Плеяда» ақындары мен сарай ақындары арасындағы күреске Генрих II араласып, жас ақындар үйірмесіне көп қамқорлық жасайды. Нәтижесінде плеядашылар жеңіске жетеді. Дегенмен, корольдің осы іске араласуы, қыспақтың күшеюі ақындар шығармашылығының гүлденуіне кері әсерін тигізбей қоймады.
Дю Белле, Ронсар мен «Плеяданың» басқа да мүшелерінің дүниетанымы белгілі дәрежеде шектелген болса да, олар XVI ғасырда француз Қайта өрлеу әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосқан болатын. Олардың пікіріндегі шектелгендік Карл IX мен жылпос Екатерина Медичилерді «Францияны апаттан құтқарушылар» деген алдамшы түсінікке алып келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет