Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет102/119
Дата06.12.2023
өлшемі2.71 Mb.
#485691
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   119
koblanov-shetel-ad-tar

Лафонтен
(1621-1695)
ХVІІ ғасырдағы француз әдебиетінің көрнекті өкілі, даңқты 
мысалшы, ақын Жан Лафонтен 1621 жылы Шато-Тьериде майда 
шенеунік отбасында туды. Алғашында ол қыстақ мектебінде, соң 
колледжде оқыды. Құқықтану саласында білім алғанымен, әдебиетке 
құмартады. Антик және Қайта өрлеу дәуірі қаламгерлерінің 


330
шығармаларын ынтамен оқиды.
Лафонтеннің әдеби қызметі кеш басталды. Ол отыз жасында 
Теренцийдің «Азбан құл» («Евнух») комедиясын қайта өңдейді. Бұл 
пьеса автордың бұдан соңғы танылуы мен өсуіне жағдай жасайды.
Лафонтен шығармашылығының бірінші дәуірінде (1657-1663) 
ақсүйектік прециоз әдебиет әсерінде болады. Ол өзіне қамқорлық 
қылған министр Фукені мадақтайды. Грек мифологиясынан 
пайдаланып жазған «Адонис» (1658) поэмасында Адонистің 
Венераға болған махаббатын жырлайды. Қызметтен қуылып, 
түрмеге қамалған Фукеге өз өлеңдерімен аяныш білдіргені үшін 
король Людовик ХІV мен оның жаңа министрі Кольбер Лафонтенді 
ұнатпайды. Осы себепті 1663 жылы оны Лиможға сүргінге жібереді. 
Осы дәуірден бастап Лафонтен шығармашылығында үлкен бетбұрыс 
болады. Мольермен қатар тұрған ол енді прециоздық әдебиеттен 
бас тартады, реалистік әдісті игеріп, шынайы туындылар жазуға 
кіріседі.
Лафонтеннің бұл дәуірде (1664-1674) жазған шығармалары 
шіркеу мен ақсүйектік дәстүрлерді әжуалайтын өлең-ертегілерді 
қамтиды. Ол он жыл ішінде бес «Ертегілер» кітабын жазды. Халыққа 
жақын тұрған Лафонтен «Қожайын алдында күнаға батқан шаруа» 
новелласында жазықсыз шаруаны қорғап, феодалдық зұлымдыққа 
жиіркеніш білдіреді.
Бірақ Лафонтеннің өлең ертегілері мазмұны мен әшкерелеуші 
күші тұрғысынан бірдей құнды емес. Төртінші кітап билік өкілдері 
мен шіркеуге қарсы бағытталған өткір сатирасымен ерекшеленеді. 
Ақын тұрмыс қуаныштарын шіркеу танымына қарсы қояды. Ондағы 
ертегілер мен новеллалардың көлемі ықшам, кейбіреулері бірнеше 
өлең жолдарынан тұрады. Көп ертегілерінде («Дәрігер Жанна») 
шіркеу қызметшілері әжуаланады.
1675 жылы министр Кольбер «дін негіздеріне қарсы» 
деп «Ертегілердің» төртінші кітабын сатуға тыйым салады. 
Лафонтен ертегілері бұдан соң Голландияда басылып шығады. 
Шығармашылығы жеке билікке қарсы рухта жазылғандығы 
үшін король мен министр Лафонтеннің француз академиясына 
сайлануына рұқсат бермейді. Кольбер өлген соң, 1684 жылы ғана 
Лафонтен академияға мүше болып кіреді. 
1694 жылы Лафонтен мысалдарының он екінші кітабын баспадан 
шығаруға қол жеткізеді. Қартайған ақынның бұл шығармасында 


331
үмітсіздік көңіл-күйі сезілсе де, кейбір мысалдарында («Екі ешкі») 
жеке биліктің күйреуге бағыт алғандығына ишарат анық байқалады. 
Денсаулығы нашарлаған Лафонтен бұдан соң шығармалар жаза 
алмайды. Ол 1695 жылы қайтыс болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет